Биология кафедрасы



бет12/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалындағы жеке
бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға
бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
Бағалау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын
анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу
нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын
анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау.



Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытудың ерекшеліктері:
-балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра
отырып, білімін толықтыра түседі;
-берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын
оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады;
-сабаққа деген қызығушылығы артады;
- оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады;
-ойларын қорытындылауды, пікірін дәлелдеуді үйренеді;
- әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады, жұптық бағалау, ал сабақ
соңында топ көшбасшылар топты критериймен бағалап отырады;
-оқытушы да оқушы да көп ізденуге дағдыланады.
«Омыртқалылар және олардың құрылыс ерекшеліктері» атты тақырыпта өткізген
сабағым «Блум» таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері
деп жоспарланды. Сабақта оқушылар топқа біріктіріліп, топтық, жұптық, жеке деңгейлік
тапсырмалар берілді. Оқушылар диалогты әңгімелесу кезінде бір-бірін тыңдады, пікір
алмасты, ой бөлісті, талқылады, ой жинақтады,ынтымақтастықта білімді бірлесіп құру
арқылы түсінікпен дағдыларды қалыптастырды.
Сабақтың мақсаты: Омыртқалы жануарлардың негізгі ерекшеліктері, олардағы мүшелердің дамуы, көбею ерекшеліктерітүсіндірілді. Сыни тұрғыдан ойланып, ойларын еркін айта білуге дағдыландырды. Күтілетін нәтиже: Омыртқалы жануарларда пайда болатын аурулар және олардың алдын алу, экологиялық жүйедегі орнын білу. Сабақта қолданған әдіс -тәсілдер: «Ой-қозғау», «Өрмекші торы», «Балық қаңқасы», «Бес саусақ» ,«Аяқталмаған сөйлем» , «Ойлан, бірік, бөліс», «Сұрақ қою» әдістері.
Білу кезеңі. Үй тапсырмасын сұрауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұралды. Оқушылар шеңбер құрып тұрды және жіпті қағыт алып қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, өзі де сұрақ қойды. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға тиімді болды. Тапсырмада оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы диолог жасады. Мeрсер мeн Литлтон (2007 ) өз еңбeктерінде диолог -сaбақта
оқушылaрдың қызығушылығын aрттырумен қатaр олaрдың білім дeңгейінің өсуіне үлес
қосaтынын айтып көрсеткен.
Оқушыларды топқа бөлуде омыртқалы жануарлар (бауыр, өкпе, жүрек, ми) мүшелерінің
суреттері арқылы бөлінді. Әр топ өздерінің топтарынан топ басшы сайлады. Топ ережесін
еске түсіріп, барлығы топ ережесіне және топ басшыға бағынатынын айтты. Топқа бөлу
арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.
Түсіну кезеңі. Оқушыларға жаңа сабақты «Ой қозғау»әдісімен сыни тұрғыдан ойлату
мақсатында «Оқытудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану»
арқылы интерактивті тақтадан сөз жұмбақ қою арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың қaбылдауын
жылдaмдататын, түсінулерін жеңілдететін, мұғaлімнің сaбақ өтуіне көмектесетін бүгінгі
күнде аса маңызды құрал болып тұр.
Қолдaну кeзeңі. Оқушыларға «Жас ерекшеліктеріне сәйкес» тапсырма бердім. Бұл
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қою.
Талдау кезеңі: Одан әрі білімдерін дамыту үшін «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі қолданылды. Ол
үшін оқушыларға суреттердің қиындысын беру және сол бойынша тапсырмалар берілді.
Олар суреттерді құрастырып, төмендегі тапсырманы орындады. Яғни бес саусақ әдісі
арқылы оқушыларға омыртқалы жануарлардың эволюциялық дамуы, құстардың алдыңғы
аяқтарының қанатқа айналуы, қосмекенділердің терімен тыныс алуы, балықтардың б.йір
сызығы мен торсылдағының ерекшеліктері, т.б. жайттар талқыланды.
Жинақтау кезеңі: Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім жүйрік?» әдісін қолданылды. Яғни, әрбір топқа сұрақтан қойылып, миға шабуыл жасалды.
Бағалау кезеңі. Сабақты оқушылар қалай меңгергенін бақылау үшін «ББҮ» әдісі бойынша
кері байланыс ұйымдастырылды. Оқушыларға стикер таратылды. Әр тапсырманы бағалау
парағына топбасшылар бағалап отырды, топ мүшелері келісіп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет