Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба, бейнефильмдер
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:кестелер, плакаттар, дидақтикалық тапсырмалар.
Жұмысты орындау тәртібі: Джигсо», топтық жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалар:
I-деңгей:
1. Түрлі әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып тақырып сұрақтарын талдаңыз және тірек конспектісін жасаңыз.
2. Сыни тұрғыдан ойлау ұғымына сипаттама беріңіз.
II- деңгей: 1. Әдістемелік әдебиеттер, психолого-педагогикалық, сөздік-энциклопедиялық құралдар мен дәріс материалдары негізінде тақырып бойынша психолого-педагогикалық циклда ұғымдар жинағын құрастырыңыз ( 10- кем емес): «Білім мазмұны», «критериалды бағалау», «РАФТ стратегиясы», «джигсо» «дескриптор», «мазмұн компоненті»«кубизм»,«рубрикатор»т.б.
2.Білім беру жүйесіндегі жаңашыл үрдістерді анықтаңыз.
III- деңгей : 1.Биология пәндерін жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту пәнінен сабақта қолданылатын стратегиялар тақырыбы бойынша презентация жасау.
ӨБӨЖ тапсырмалары: Биология курсын оқытуда компьютерлік техника негізіндегі заманауи ОТҚ-ларды пайдаланудың психология-педагогикалық негіздемесі (бұл идеялардың практикада іске аса алатындығын бірнеше сабақ мысалында көрсету).
БӨЖ тапсырмалары: «Білім беру вариативтілігі», «авторлық оқу бағдарламалары», «әртүрлі мазмұндағы оқу әдебиеті» ұғымдарының арақатынасы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: 1. Исаев Ғ.И., Халикова Г.С., Алпамысова Г.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент, 2017.
2. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
3. Дуйсебекова А.М., Сейтметова А.М., Жылысбаева А.Н., Тойжигитова Б.Б., Ибрагимова Д.И. Білім сапасын диагностикалау дайындығын қалыптастыру. Шымкент, 2019.
4. Аяшев О.А., Қадірбаева Р.І., Тілеуова С.С. Жас ұстазға 100 бағдар. Астана: Фолиант, 2016.
5. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
6. Бегалиева Р.Н., Исаев Ғ.И., Ергубекова Ж.С. Оқытудың инновациялық аспектілері. Шымкент, 2017.