Бақылау сұрақтары:
Сабақты вегетативті мүше ретінде қалай сипаттауға болады?
Сабақтың кеңістікке орналауына қарай қандай түрлері бар?
Өрмелегіш өсімдіктерді бекіну тәсіліне қарай бір-бірінен қалай ажыратады?
Сабақ пішіндерінің түрлерін атап, гербарийден көрсетіңіз.
Лабороториялық сабақ №9
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Жапырақтың морфологиялық құрылысы
Мақсаты: Жапырақтың түрлерімен, жиегінің құрылысымен, формацияларымен, жай және күрделі жапырақ түрлерімен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Әртүрлі тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарының гербарийлері, бөлме өсімдіктері, лупа.
Жұмысты орындау барысы:
1–жұмыс. Жапырақ тақтасының морфологиялық құрылысы. Тақырып бойынша студенттер жапырақтың бөліктері туралы едәуір мәлімет жинайды және жапырақ тақтасының әр түрлілігі туралы хабардар болады. Ендігі жерде гербарийлерді пайдаланып, өсіп тұрған бөлме өсімдіктері, кестелер және оқу құралындағы суреттерді пайдаланып, бір-екі жай және күрделі жапырақтарға қолданылған терминология бойынша ауызша сипаттама беру керек. Содан кейін студенттер өз бетінше жұмыс жасайды.
Тапсырма:
1. Гербарийлерді пайдаланып, жай жапырақтар пішіндерінің (дөңгелек, сопақ, қылқан, жапырақ; эллипс, қандауыр, жұмыртқа, жүрек, жебе, қалқан, бүйрек т.б.) алуан түрлілігі анықтау.
2. Бүтін жай жапырақтар тақтасы жиегіндегі кедір-бұдырларының (үшкір тісті, ара тісті, жұмыр тісті, толқынды ойыс жиекті және т.б.) пішініне қарай да әртүрлі болып келуі.
3. Жапырақ тақтасының ұшы (доғал, үшкір, сүйірленген, үшкір ұшты, ойыс және т.б.) мен негізінің (дөңгелек, жүрек, бүйрек, жебе, қалқан тәрізді және т.б.) пішіндерін анықтау.
4. Жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің (телімді, тілімді, бөлімді) мөлшеріне қарай жіктелуі.
5.Жапырақ жүйкеленуінің қарапайым (сужапырақ, плаун, самырсын), параллель (жүгері, арпа, сұлы), доға тәрізді (меруертгүл), қауырсын тәрізді (алма) және саусақ салалы (жүзім, үйеңкі) сияқты түрлерімен танысу. Жапырақ тақтасында (негізінен астыңғы бетінен) негізгі жүйке мен жүйкенің шеткі тармақтарының мөлшеріне, орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару.
6. Күрделі жапырақтар: үш құлақты күрделі, саусақ салалы күрделі жапырақтар. Қауырсын күрделі жапырақтың жұп қауырсын күрделі, тақ қауырсын күрделі, екі рет, үш рет жұп қауырсын күрделі, екі рет, үш рет қауырсын күрделі болып жіктелуімен танысу.
7.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдерімен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |