Биология кафедрасы



бет14/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Бақылау сұрақтары:

1.Тұқым қандай қызмет атқарады?

2.Толық жетілген тұқым қандай бөлімдерден тұрады?

3.Үрме бұршақ пен бидай тұқымдарында қандай ерекшеліктер бар?

4.Тұқым өсу үшін қандай жағдайлар керек?

5.Тамыр мойыны, гипокатиль, эпикотиль деген не?


Лабороториялық сабақ №7

Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Тамырдың құрылысы.

Мақсаты:Тамырдың морфологиялық құрылысымен және тамыр жүйесінің типтерімен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: 1. Көрнекі морфологиялық гербарий «Тамыр және тамыр жүйелерінің типтері». 2. Кәдімгі үрме бұршақ, кәдімгі асқабақ, жүгері, жұмсақ бидай, кәдімгі арпа немесе мәдени қара бидайдың әр түрлі мерзімде өсірілген өскіндері. 3. Тамыр ұшының тұрақты препараты. 4. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.

Жұмысты орындау барысы: Тамыр -өсімдіктің негізгі мүшесі. Өсімдіктер тамыры арқылы бекініп, топырақтан қорек заттарын алады. Тамыр - өсімдікті топыраққа бекітіп тұратын және қоректендіру қызметін атқаратын негізгі вегетативтік мүше. Тамыр ұшындағы оймақшамен қапталған меристема қызметі нәтижесінде ұзындыққа өсе алады.

Тамыр өсу нүктесі клеткаларының бөлінуі арқылы тамыр ұшынан өседі. Өсімдік тамырларының негізгі 3 аймақ орналасқан: түзуші аймақ, жіктелгіш аймақ, өсуші аймақ.



  1. Түзуші аймақ-меристема бөлімі, оның ұзындығы 2-3 мм –ден аспайды. Түзуші аймақ тамырдың бой конусына орналасқан. Тамыр аймақтарының клеткаларының өсуі арқасында өсімдік тамыры ұзарып өседі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырының морфологиялық құрылысына қарай 3 түрлі болады: негізгі, жанама және қосалқы тамыр.

Негізгі тамыр –ұрықтан өсіп шыққан түрі. Өсімдік сабағы негізгі тамыр аралығындағы бөлім- тамыр мойыны д.а.

Тамыр мойыны-сабақпен топырақа кіре берісіндегі жіңішкерген бөлігі.

Кейбір өсімдік түрлерінің негізгі тамырларында қректік заттар жиналып, жуандап түрлерін өзгертеді (мысалы, қызылша, сәбіз, шалқан, георгин-нарғыз гүл).



Тамыр жүйесі деп - бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз. Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратады.

1. Кіндік тамырлар жүйесі, мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп негізгі тамыр пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, одан 2-ші,3-ші, т.б. өстер түзетін жанама тамырлар тарайды.

2. Қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі. Мұнда негізгі тамыр нашар жетілген болады да, қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды. Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар жақсы жетіліп, басымдық білдіреді. Шашақ тамырлар негізінен дара жарнақтыларға, әсіресе астық тұқымдастарға тән, сирек жағдайда астық тұқымдастарда кездеседі.

3. Аралас тамырлар жүйесі. Мұндай тамырлар жүйесінде негізгі, жанама және қосалқы тамырлар кіреді. Негізінен қос жарнақтыларда жиі кездеседі.

Негізгі тамырдың перицикл қабатынана өсіп бұтақтанып, жанама тамыр шығады. Жанама тамыр бой конусына жақын жерден пайда болады.

Қосалқы тамыр-құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарыда болатын перицикл қабатынан өсіп шыққан тамыр. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және гипокотильден пайда болады. Қосалқы тамыр жатаған сабақты өсімдіктердің буынының топыраққа жанаса жатқан бетіндегі жапырақ сабағының түбінен өсіп шығады.

Өсімдік тамырлары пішіні жағынан: Цилиндр тәрізді (жалпақ жапырақты кермекте), ұршық тәрізді (сәбізде), шомыр тәрізді )шомыр(, түйнек тәрізді (георгинада) болып жіктеледі.



Тамыр ұшы- өсімдік тамырларының алғашқы өсіп шыққан және өмір бойы өсуде болатын жас бөлімі. Тамыр ұшына- тамыр оймақшасы мен тамырдың мөлдір аймақтары жатады.

Тамыр оймақшасы- тамыр ұшындағы ең нәзік бөлімі, ол өсу конусы нүктесін қаптап тұрады. Тамыр ұшы өмір бойы өседі, өсу жолында әртүрлі бөгеттердің болуының себебі, тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп отырыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет