Биология кафедрасы


– жұмыс. Тамырдың морфологиялық құрылысы



бет15/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
1 – жұмыс. Тамырдың морфологиялық құрылысы.

Тамыр және тамыр жүйелерінің түрін ажырату үшін гербарийлерді пайдаланған жөн. Бұл гербарийден тамырлардың шығу тегіне қарай тамырлардың: негізгі, жанама және қосалқы түрлерін ажыратады. Тамыр жүйелерінің шығу тегі бойынша негізгі тамыр, қосалқы және аралас тамыр жүйелерін пішіні бойынша кіндік және шашақ тамыр жүйелерін тауып, оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар цилиндр тәрізді тамыр, (жалпақ жапырақ кермек, кәдімгі ақжелек), ұршық тәрізді (жабайы сәбіз) шалқан тәрізді тамыр, түйнек тәрізді тамырлардың (нарғызгүл, фикария) түрлерімен де танысады.

2 – жұмыс. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктерде тамыр жүйелерінің жетілуі.

Дара жарнақтылар мен қос жарнақты өсімдіктер тамыр жүйелерінің жіктелуіне қарай әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны ажырата білу үшін студенттердің өздеріне лабороториялық тәдірибе жасатып, бақылау жүргіздірген жөн. Дара жарнақтылардың тамыр жүйесінің жіктелуіне бақылау жұмысын жүргізу үшін бидайдың, жүгерінің өскінін алған қолайлы. Петри табақшасының екі бетіне сорғыш қағаздың дымқыл 2-3 қабатын салып оған жүгері тұқымдарын орналастырып, сабаққа дейін, бес-алты күн бұрын жылы жерге қоямыз. Одан кейін өскіндерді бетін дөңгелек етіп, картон немесе тығыз қағаздан жасалған қақпақтармен жабылған стакандарға (шыны ыдыс) ауыстырамыз. Әрбір қақпақтың ортасын тесіп, оған өскінді, тұқым және оның өсіп келе жатқан өркен бөлімін суға батпайтындай орналастырамыз. Көп кешікпей тұқымнан жоғары өркеннің негізінде (базальды бөлімі) сақина тәрізді қалыңдау бунақ пайда болады. Ол – болашақ қосалқы тамырлардың бастамасы. Осы бунақтан, яғни өркеннің базальды бөлігінен дара жарнақтыларға тән шышақ тамыр жүйесін түзетін бірнеше жіңішке қосалқы тамырлар жетіледі.

Қос жарнақтылардың тамыр жүйесінің жетілуіне бақылау жүргізу үшін үрме бұршақ, қарамықша тұқымын жоғарыдағыдай етіп өсіреміз. Ылғаодап қойғаннан кейін 2-3 күн ішінде тұқым өсе бастайды. Ұрық тамыршасы тұқымның қабығын жарып шығып, өсуін жалғастырып, негізгі (кіндік) тамырды береді. Сабақ шамалы өсіп шыққан соң жіңішке тамыр мен одан гөрі жуандау келген сабақтың шекарасындағы тамыр мойны жақсы байқалады. Өскіннің өсу барысында негізгі тамыр бұтақтанып, одан бірінші ретті жанама тамырлар өсіп шығады, өз кезегінде ол да бұтақтанып, екінші ретті жанама тамырлар жетіледі. Осы сияқты бұтақтану бірнеше қайталанғаннан кейінгі негізгі тамыр жанама тамырлардан ерекшеленіп, қос жарнақтыларға тән кіндік тамыр жүйесі қалыптасады.

Тапсырма. 1. Көрнекті морфологиялық гербарийден жүгері, үрме бұршақ, асқабақ, бидай, қара бидай, арпа өскіндерінен тамыр, тамыр жүйелерінің түрлерімен танысу.

2. Осы аталған өсімдіктердің өскіндерінің дара жарнақтылар мен қос жарнақтылар тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау.

3. Жоғарыда аталған өсімдіктер өскіндерінің тамыр ұшынан препараттар дайындау. Микроскоп арқылы қарап, тамыр оймақшасын, бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтарын табу.

4. Тамыр және тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін жазу.

5. Жас тамыр ұшының суретін салып, тамыр аймақтарын белгілеу.

6. Қысқаша қорытынды жазу, тамырдың типтері мен тамыр жүйелеріне жеке-жеке қысқаша тоқталып, түсінік беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет