12 (а,ә)-суретінде көрсетілгендей Ажәне В заттарының массасын таразыға қойып өлшеді.В затын А заты тұрған сауытқа салғанда,нәтижесінде С заты пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды.
1. 12 а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті.12 ә-суретіндегі таразы қандаймассаны көрсетеді? 10 ұпай
А. 110 г-нан артық
В.110г.
С.110г-нан кем.
4-Инерция.
1. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кетсе, өзінің қозғалыс бағытында, алаяғы тайғанап кетсе, өзінің қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағыттақұлайтынын қалайтүсіндіругеболады? 10 Ұпай
А.Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде,етпетінен құлайды,өйткені мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.
В. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, шалқасынан құлайды,өйткені мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесіоның алдындағы қозғалыстағыкүйін сақтайды.
С. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, жанына құлайды, өйткенімұндаадамныңаяқтарықозғалысынкенеттежейдіде,денесіоныңалдындағы қозғалыстағыкүйінсақтайды.
PISA тапсырмалары. Математикалық сауаттылық №1
1-тапсырма.Фигураның ауданы №1
1-суретте фигура берілген.
1-сурет
1-сұрақ. Егер кіші дөңгелектің радиусы 2 см, үлкен дөңгелектің ауданы кішісінен 5π-ге артық, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы 40см және ені ұзындығынан 8 см-ге кем болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?
2-сұрақ. Егер кіші дөңгелектің ауданы π см2, үлкен дөңгелектің радиусы кішісінің радиусынан 3-ке артық, ал тіктөртбұрыштың ені 55см және ұзындығы енінен 5 см-ге артық болса, онда боялған фигураның ауданы қанша?
2-тапсырма.Жер телімінің ауданы. №1
Периметрі 48 м-ге тең шаршы пішінді жер телімі тіктөртбұрыш пішінді сегіз бірдей бөлікке бөлінген.
1-сұрақ. Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
2-сұрақ. Берілген жер телімінің ауданы қанша?
3-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша?
4-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
5-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы берілген жер телімінің ауданына қарағанда қанша есе кем?
3-тапсырма.Жер телімінің ауданы. №1
Периметрі 20 м және ұзындығы енінен 1,5 есе артық тіктөртбұрыш пішінді жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.
1-сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?
2-сұрақ. Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін?
3-сұрақ. Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін?
4-сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және ең үлкен саны қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |