Биология пәні бойынша pisa тапсырмалары №1 1-тапсырма. Ақбөкен



бет7/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#125851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
4-тапсырма.Фигураның биіктігі. №1
Биіктігі 30 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері радиусына тең.
Сұрақ. Цилиндр қандай биіктікте болады?
5-тапсырма.Көпбұрыштар. №1
Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (5-сурет). Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.



5-сурет
1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген?
2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген?
3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?
4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?
6-тапсырма:Құймақтар №1
Қалыңдығы бірдей, бірақ өлшемі әртүрлі құймақтар сатылды. Диаметрі 20 см болатын құймақ 20 теңге, ал диаметрі 40 см болатын құймақ 40 теңге тұрады. Құймақтың ішіне тәтті сүт, тосап, ірімшік, ет салады. Құймақты орап алып кетуге болады.
1-сұрақ: Маржан екі кішкентай құймақ бағасы бойынша да, өлшемі бойынша да бір құймақпен тең. Маржанның ойымен келісесің бе? Жауапты таңда.
Жауап: Иә, жоқ.
2-сұрақ: Диаметрі 20 см құймақты «қалта» немесе «трубочка» түрінде орайды. Суретті қараңыздар. Оралған құймақтарды белгілі бір конвертке салады: «қалта» түрінде оралған құймақты шаршы түрдегі конвертке, «трубочка» түрінде оралған құймақты тіктөртбұрыш түрдегі конвертке салады. Әр түрдегі конверттің ең кіші өлшемі қандай болады?
7-тапсырма: Сағаттар №1
Көне сағаттар мұражайында әртүрлі сағаттар: қабырға сағаттары, қалта сағаттары, қол сағаттары және т.б. сағаттар сақталады. Олардың барлығы да қалып қояды. «Заманауи сағаттар» залындағы сағаттардың да қалып қоятын қасиеті бар. Қазіргі заманғы механикалық сағаттар жүру дәлдігі бойынша сағаттар үш топқа бөлінеді.
Сағат жүрісінің дәлдігі

1-сұрақ: Мұражай директорының кабинетінде механикалық сағат ілулі тұр. Ол минутына қалып отырады. Бұл жүру дәлдігі бойынша қай классқа сәйкес келеді?
2-сұрақ: Мұражайға кіре берісте ілулі тұрған сағат 30 с қалып қояды. Директор күн сайын ең болмағанда 5 мин қалатындай етіп жөндеп қоюды тапсырды. Сағатты қанша рет жөндеуге тура келеді? Дұрыс жауапты көрсет және түсіндір.
А) 10 тәулік сайын; В) 2 тәулік сайын; С) айына бір рет; Д) Жылына бір рет.
8-тапсырма: №1
Ғалым мұнара биіктігін есептеу керек. Ол бұрыштары 900; 300; 600 болатын үшбұрыш жайлы білімін қолдануға бел буды. Ғалым төменде көрсетілген өлшемдермен жұмыс жасайды. Мұнара биіктігі қандай? Жауабын бүтін санға дейін дөңгелекте.



9-тапсырма №1
Нұрсұлтанда тұратын Нұрлан Нью-Йорктегі досымен интернет арқылы хабарласу үшін келесі суретті пайдаланды.

Егер Нұрлан таңертеңгі 9 : 00-де досына хабарласса, Нью-Йоркте сағат неше?
10-тапсырма: №1
Зияткерлер сайысында оқушы өзіне қойылған 25 сұраққа жауап беріп, 60 ұпай жинады. Егер әрбір дұрыс жауапқа 4 ұпай, ал қате жауапқа (-1) ұпай берілсе, оқушы неше сұрақтың жауабын қате айтқанн табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет