Атмосферадағы бос оттек табиғатта фотосинтез процесі кезінде түзіледі. Оттексіз тіршілік жоқ.
Оттек - нағыз активті газ. Биосфера шегінде оттектің тірі организмдермен немесе олар шірігеннен кейінгі қалдықтарымен алмасуы жүреді. Оның биологиялық айналымы 250 т/жыл. Ал биосферада массасы 1014 т.
Осы циклдермен және айналымдармен тірі заттардың негізгі функциялары қамтамасыз етіледі. В. И. Вернадский бірнеше функцияларды атап көрсеткен:
Биосферадағы энергия ағыны – Күн энергиясы мен ғарыштық сәулелердің Жер бетіне түсуі. Жылына биосфераға түсетін бұл энергияның мөлшері 2,5· 1024 Дж. Осы энергияның тек шамамен 0,3%-ы ғана фотосинтез процесінің нәтижесінде органикалық заттектердегі химиялық байланыстың энергиясына ауысады және тек 0,1% таза бірінші өнімге өтіп отырады. Әрі қарай қоректі органикалық заттектер арқылы трофикалық тізбекке сәйкес таралады. Энергияның пирамида заңына немесе 10% Р.Линдеманның ережесіне сәйкес, бір қоректік деңгейден басқа деңгейге өтетін энергия орташа шамамен 10%-дан аспайды. Осындай деңгейлер көп болған сайын, ең соңғы тұтынушыға жететін энергия үлесі соғұрлым төмен болады.