Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет64/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

КӨК ҚАЛПАҚ

Айсұлу апай əдебиеттен сабақ береді. Басқа сабақтарға қарағанда,

бұл енді мен үшін бір ғажайып əлем. Əдебиет пəнін əсте сұлу адамдар

оқытса тіпті рахат.

Айсұлу  –  ажарлы  əйел.  Дөңгелек  жүзді,  аққұбаша,  ерекше

шырайлы. Ашуланғанын көрмедік. Жарқылдап күліп жүреді. Күлгенде

əппақ тістері маржандай жарқ-жұрқ ете қалады. Күміс күлкі көмейдің

емес, сол маржан тістердің сыңғыры сияқты.

Сабақ  оқытқаны  қызық.  Өлеңдерді  жаттатады.  Тақпақтап,

саңқылдап  айтып  берсең  –  тəуірсің.  Айта  алмай:  «ы  -  ы»,  «пықы  -

тықы» деп тұрып алсаң – нашарсың.



Əсіресе  біз  қызығатын,  асыға  күтетін  сəт  –  апайдың  əні.  Ол  əн

салғанда класс қыбыр етпей, тына қалады. «Татьянаның қырдағы əні».

Тəңірі қосқан жар едің. сен,

Жар ете алмай кетіп ең... –

деп бастайды.

Апайдың жұп-жұмыр, аппақ алқымы инеліктің қанатындай болар-

болмас  дірілдейді.  Тоқпақтай  қос  бұрымы  баяу  ырғалады.  Не  үшін

екенін  білмеймін,  əп-əдемі,  жіп-жіңішке,  қияқтай  қастарының  арасы

қолдан  қойылған  көкшіл  нүктелермен  жалғасқан.  Əннің  бір  асқақ,

ырғақты  жерлеріне  келгенде,  əлгі  нүктелер  жиырылып,  бірінің  үстіне

бірі шығып кетеді.

Сен жаралы жолбарыс ең,

Мен киіктің лағы ем.

Тірі қалдым өлмей əрең,

Қатты батты тырнағың...

Айсұлу  апай  шыннан-ақ  жолбарыстың  шеңгелінде  қалғандай  бір

қасіретті халге түседі. «Бұ несі?» – деп мен ішімнен тынып отырамын.

Лағы өзі болғанда, жолбарысы кім? Татьяна деген есте жоқ. Апай

өзі  туралы  айтып  тұрған  сияқты.  Ешкімге  айта  алмай  жүрген  сартап

сырын  өз  оқушыларына  сиқырлы  əнмен  жеткізіп,  мұңын  бізге  шағып

тұрған сияқты. Мұғалім деген өз шəкірттерімен де осылай сырласады

екен-ау. Əдебиет емес, əн сабағы, арыз сабағы десе болғандай.

Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жем.

Екі сөз жоқ өмірінде,



Мен де сорлы бақыты кем, –

деп  келіп,  терезе  жаққа  теріс  айналып,  орамалмен  көзін  сүртіп,

амалсыз əлгі толқын-толқынмен жарқ етіп қайта шығып:

− Міне, балалар, Абай аталарың Татьянаны қазақ даласына осылай

қолынан жетектеп алып келген, – деп күлген болады. Күледі, бірақ іш

дүниесі əлем-жəлем екенін жасыра алмайды.

Мен  ойлаймын:  егер  мұғалімдердің  бəрі  оз  пəнін  осылайша  шыр-

пыр  болып,  жан-тəнімен  оқытса,  əлемнің  ажары  сүреңсіз,  сұрқай

болмас  еді-ау  деп.  Ал,  айталық,  химия  сабағын,  физика  сабағын

қалайша əнмен түсіндіресің? Бұл сабақтарды Аргуния деген апайымыз

жүргізеді. Бұл енді кербез сұлу. Айсұлудай ашық емес, тым сабырлы,

тəкаппарлау.  Айдай  аппақ  келіншек.  Жүріс-тұрысында  біз  білмейтін

аса бір заттылық, ақсүйек, аристократияның, ханзадалық қасиеттердің

нышаны көзге ұрып тұрады.

−  Ахметов,  тақтаға!  –  деп  дауыстайды  Аргуния  апай.  Дауысы

сонша қатаң да емес, бірақ Манап Ахметов деген бала селк ете қалады.

Көздері жыпылықтап, орнынан атып тұрып, даусы өлімсіреп:

− Мен бе? – деп кеудесін саусағымен шұқиды.

− Иə, сен.

Манап жорғалай басып жөнеледі.

− Ал, Ахметов, коне, айта қойшы: катализ деген не?

Манап  байғұс,  аждаһа  алдындағы  кек  көжектей  бүрісе  бастайды.

Бойы  ап-аласа,  одан  бетер  кішірейе  береді.  Үстіңгі  еріннің  бір  жақ

езуінің  еті  өсіңкі  ме,  немене,  сонысы  бұлтиып  шығып  кетеді,  үйдің

төбесіне қарайды, ыржиған аузы жыбырлайды.

−  Катализ  дегеніміз  химиялық  реакцияларды...  не  қылады?  –  деп

қолтығынан демейді Аргуния апай.

− Не, не, кетіп, неғылады, – дейді Манап шөге түсіп.




− Не қылады?

Аргуния  апай  Ахметовтің  салбыраған  басын  иегінен  көтеріп,

жыпылықтаған көзіне үңіліп:

− Катализ химиялық реакцияларды қайтеді? Жыл - дам - да - та -

ды. О, бозкөз, отыр, – дейді.

Содан бастап Манап Ахметов «бозкөз» атанып кетті. Міне, химия

сабағындағы «əннің» түрі осындай.

Ал Аргуния апайдың атақты алашордашы Жақып Ақбаевтың туған

қызы екенін ол кезде қайда - а - ан білейік...

Ал  енді,  осы  класстағылардың  бəрі  «бозкөздер»  емес,  Аргуния

апайдың  ықыласы  түсіп,  жақсы  көретін  оқушылары  да  бар  еді.  Уəли

Данаев,  Ертай  Естаев,  Ақтай  Тұраров  есепке  жүйрік.  Есепке  жүйрік

бала  физиканы  да,  химияны  да,  геометрияны,  тригонометрия  деген

біздің тісіміз онша бата бермейтін пəндерді жаңғақша шағады.

Математикадан сабақ беретін Хабибат Абубакировна, осы Аргуния

апай əсіресе Ақтай деген баланы мəпелейді. Өзі тырыли арық, бойы да

кішкентай, мұрнын үнемі тартып қойып жүретін, көзі бақырайғандау,

сүйкімді  бала.  Ал  есепке  ағып  тұр-ау,  ағып  тұр.  Оны  Аргуния  апай

еркелетіп, «Қодығам менің» деп қоюшы еді. «Қодыға» деген құланның

баласы  екенін  біз  біле  бермейміз.  Біздің  білетініміз  есектің  баласын

«қодық»  дейді.  Содан  ол  интернатта  «қодыға»  емес,  «қодық»  атанып

кетті.


Жалпы,  жан-жануардың,  баласы  кішкентай  күнінде  бəрі  сүйкімді

ғой.  Жылқының  құлыншағы,  түйенің  ботақаны,  сиырдың  бұзауқаны,

ешкінің  лағы...  Ал  мəштің  қодығы  да  жана  туғанда  əп-əдемі.  Кейін

есейгенде ғой, дүрдиіп кететіні.

Ал  мен  үшін  Айсұлу  апайдың  сабағы  мереке.  Татьянаның  əнін

салғанда неге сонша тебіренеді? Неге жүрегіңді елжіретеді? Жəне кей-

кейде неге жылап жібереді?



Осы арасы жұмбақ.

Күйеуі  Шерғазы  ағай,  о  да  мұғалім.  Осы  мектепте.  Аласа  бойлы,

ажарсыздау,  қартаң  кісі.  Айсұлу  екеуі  қатар  келе  жатқанда,  айдай

апайымыздың əкесі сияқты көрінер еді.

Шыннан  сүйіп  қосылған  ба?  Əлде  Татьяна  айтқандай,  –  мұның

басқа  «жаралы  жолбарысы»  болды  ма  екен?  Сол  «жаралы  жолбарыс

өзге жұрттан қамшы жеп», «ғашығынан шошыған» соң, Айсұлу да:

Мен де сорлы нəсібімнен,

Жатқа тидім алшы деп» -

деді ме екен?

Татьяна  деген  біз  білмейтін  арманы,  өкініші  көп  адам  осы

Айсұлудың өзі шығар. Кім білген?

Міне,  осы  апайымыз  бір  күні  класқа  бөтен  кісіні  ертіп  келді.

Қоладан  құйылғандай  шомбал  денелі,  түр-түсі  тотыққан,  дидары

мейлінше пейілді, көзқарасы ибалы, жұмсақ кісі екен. Класқа кіргенде

басындағы жасыл – көк қалпағын алып еді, толқын-толқын қара шашы

көрінді.

−  Ал  балалар,  –  деді  Айсұлу  апай,  –  бүгіннен  бастап  сендерге

əдебиет  сабағын  мына  ағайларың  –  Мұхаң,  Мұхамеджан  Қаратаев

жүргізеді. Келген кісі басын иді. Қолындағы көк қалпағын қайда ілерін

білмей, ары-бері қарады да, терезенің алдына қоя салды.

Айсұлу апай қолындағы журналды жаңа мұғалімге ұстатты.

−  Ісіңіз  сəтті  болсын,  Мұха,  –  деп,  қолын  алды.  Содан  соң  бізге

қарап:


− Сау болыңдар, балалар! – деді.

Есіктен шығып бара жатып, класқа тағы бұрылып қарады. Қимаған

сияқты.



Біз  де  қия  алмадық.  Айсұлумен  бірге  əдемі,  сұлу  əлем,  əсем  он

кетіп  бара  жатқандай,  кəдімгідей  көңіліміз  босады.  Неге  əнмен

қоштаспады екен?

Ғашық - ақпын еш күмəнсіз,

Ырыс емес, сор үшін.

Көрісуге шыдамаспыз,

Айырылалық сол үшін, –

деп, неге айырылысу əнін шырқамады екен?

Бірақ біз Татьянаны танымадық. Қайдағы адам? Кімге ғашық? Неге

сонша өкінішті? Біле алмадық. Тек əн қалды. Соны қайталап айтатын

болдық. Жаңа мұғалім. Бұрын көрмеген, танымаған адам. Шəкірттерге

жұмбақ  жан.  Соғыстан  сүлдесі  шыққан  ауыл  балаларына  не  береді?

Айсұлу «Тəңірі қосқан жар едіңді» берді. Əнін. Бəріміздің жүрегімізде

жатталған əн қалды Айсұлудан.

Бəріміздің  ауызымыз  аңқайып,  мынау  адамнан  не  күтіп  отырмыз?

Ағай  бəрімізбен  сыпайы  амандасты.  Өте  сыпайы.  Үні  жұмсақ.  Жүзі

жылы. Хабибат апайдай ашушаң емес. «Құрлық бала» деп төбеңді тесе

жаздайды ғой. Төбе тесілсе, миың ағып кетеді ғой.

Мынау ер кісі бола тұра, биязы. Дауыс көтермейді. Журналға қарап

алып:


− Əңгіме Абай туралы екен ғой, – деді. – Онда кəні, Абай туралы

кім, не біледі?

Класқа қарады. Класс мұғалімге қарады. Үн жоқ. «Мен білемін», –

деп ешкім жұлқынып шыға қоймады. Журналға қарап:

− Ахметов. Бар ма? – деді.

Манап  Ахметов  орнынан  бүрісіп  түрегелді.  Көзі  жыпылықтап,  еті

өскен  ерні  ыржиып,  партаның  қақпағын  шұқылап  тұрды  да  қалды.



Өзінің соры қалың. Журналдың ең басында тұрады. Алфавит бойынша

ғой. «А» – дан басталады.

− Абай-Татьяна деген қызға хат жазған кісі, – деді.

Гүлнəр  Тасымбекова  деген  қыз  шықылықтап  күліп  жіберді.  Оны

көріп, басқалары да күлді. Жаңа мұғалім жымиды. Манап күлгендерге

алақ-жұлақ қарап, қайда кіріп кетерін білмей қысылды.

− Ал, балалар, бəрің де осылай ойлайсыңдар ма? – деді мұғалім сəл

күлімсіреген  қалпы.  Кірпі  шашы  тікірейіп,  сойдақ  тісі  сорайып,  дəу

қара Ертай қол көтерді.

Бұл  Ертай  Естаев.  Екі  ұры  тісі  басқа  тістерінен  оқшауланып,

ернінен  шығып  тұрады.  Саптан  шығып  кеткен  тəртіпсіз  солдаттар

сияқты. Содан бүкіл интернат оны «Сойдақтіс» дейді. Класстағы озық

оқушылардың біреуі осы.

− Абай жақшаның ішінде (Ибраһим), Құнанбаев 1845 жылы, қазіргі

Семей облысы, Шыңғыстау деген жерде туған...

Оқулықта не жазылған, соны үтіріне, нүктесіне, жақшасына дейін

қалдырмай,  қырдан  ойға  қарай  құлаған  арба  сияқты  салдырлатып

айдап шықты. Мұғалім:

− Болды ма? – деді.

− Болды, – деді Ертай кеудесін көріктей керіп.

− Е-е-е, – деді мұғалім. – Отыр.

Жақсы  деп  те  айтпайды,  жаман  деп  те  айтпады.  Ертай  бірнəрсе

дəметіп  тұрғандай  қауқиып,  отыра  қоймады.  Айсұлу  апай  болса:

«Жарайсың қалқам, «бес!» – дер еді. Соған үйреніп қалған Ертай жан-

жағына «бұл қалай?» – дегендей алақ-жұлақ қарап, ақыры отырды-ау...

Отырып болған соң да Гүлнəр жаққа жаутаң-жаутаң бұрылып, сол қыз

менің жауабымды қалай бағалады екен дегендей телміре берді. Гүлнəр

бірақ оған селт еткен жоқ.




−  Ал  енді...  –  деп  мұғалім  журналға  бір  қарап.  –  Иə,  жаңағы

Естаевтің айтқанына қосымша кім, не айта алар еді? – деді.

Класс жым-жырт. Кітапта жазылғаннан басқа кім, не айта алады?

Оқулықтағыны Ертай түп-түгел айтып қойды.

Осы  сəтте  есік  ашылып,  жылтың  етіп  бұйра  шашты  біреу  басын

сұғып қарады. Себепсіз, əдепсіз күлгендей болды. Алтын тісі жарқ етті

де жоқ болды. Есік қайта жабылды. Кім екенін танымадық.

Тек жаңа мұғалімнің түсі қарауытыңқырап, қабағына кірбің тұрып

қалғандай  сезілді.  Жана  ғана  не  айтып  тұрғанын  есіне  түсіргендей,

дөңестеу келген маңдайын сипалады.

Иə, сонымен Абай... Иə, ол туралы кім, не жазды?

Мұғалім  классқа  қарады.  Фамилияң  кім  деп  сұрамайды.  Аты-

жөнің,  ата-тегіңде  шаруасы  жоқ.  Тек  классты  көзбен  сыдырып  өтпей,

əр  балаға  ойлана,  зерделей  көз  салады.  Кімнің  кім  екенін  айтпай-ақ

біліп тұрған сияқты.

Абай  туралы  кім,  не  жазғанын  баяндайтын  талапкер  табыла

қоймаған заман.

Оны  мен  білемін.  Бірақ  басқалардан  бөлектеніп,  шошаңдамайын

деп өзімді-өзім тежеп отырмын. Сəл-пəл тыпыршысам керек, мұғалім

маған қолын созды:

− Қане, қане, сен білесің. Айта қойшы, шырағым.

Ыңғайсызданып қалдым. Менің білетінімді қайдан біледі?

Менің де жұрттан асып бара жатқан білімім шамалы. Тек кездейсоқ

кезең ғой көмектескен... Сол қырық бесінші жылдың Қызыл су жүрген

көктемінде... Шолақтаудың шойын жолымен

Жұма  бекетінен  жаяу  қайтқанымда...  Молотов  мектебінің

директоры Досмырза ақсақалмен кездесіп қалып, ол үйіне ертіп барып,



сырты  газетпен  қапталған  сары  алтындай  салмақты  кітапты  қолыма

ұстатып,  «Жоғалтып  алма»,  –  дегенде...  Мырзагелді  жездемнің

қойларын  Сеңгірбай  көлі  жаққа  айдап  тастап,  бір  қойдың  туып

қалғанын байқамай, қозысын өлтіріп алғанымда... Сонда оқыған кітап

қой.

Содан бері де талай уақыт өтіп кетті. Арада бір жыл ауырып қалып



бос өтті. Ал оқығаным миымда жатталып қалыпты.

−  Мұхтар  Əуезов,  –  дедім.  –  Осылай  да  осылай,  Абайдың  əкесі

Құнанбай, Құнанбайдың інісі Майбасар, Абайдың інісі Оспан тентек,

анасы  Ұлжан,  əжесі  Зере...  Тоғжан  деген  қыз,  Ербол  деген  бозым

жігіт...

Қоңырау  соғылды.  Аңдамай  қалыппын.  Сөзді  ұзартып  жіберіппін.

Мұғалім  тоқта  деген  жоқ.  Балалар  шиқ-шиқ  етіп  күлген  жоқ.  Қайдан

білейін...

Үзіліске шыға салысымен мектеп сыртындағы дəретханаға жүгіріп

бара жатыр едім, біреу:

− Əй, бала, тоқта, – деді.

Əлгінде класстың есігін жартылай ашып, жылмиып сығалаған кісі.

Сол алтын тісі езуінен көрініп тұр.

− Жаңа Қаратаевтың сабағында сөйлеген сен бе?

− Иə. (Қайдан көріп қойған?)

Жылмиып жаныма келді. Иығымнан құшақтады.

− Фамилияң кім?

− М - Мұртаза - е - ев.

− Ы - ы. Сірə, жақсы оқисың, ə?

− Білмеймін.




− Жаңа мұғалім қалай екен? Не айтты?

− Ештеңке.

−  Қалай?  Ештеңе  айтпады  ма?  Шəкəрім,  Мағжан  туралы  айтпады

ма?


− Олар кім?

− Жай əншейін...

− Жаңа келді ғой. Енді айтатын шығар.

− Ал, енді былай... Атың кім?

− Барсхан.

−  Барсхан,  айналайын,  жақсы  бала  екенсің.  Жалпы,  сені  білемін,

сен  Төленнің  жиенісің  ғой?  Ендеше,  Төлен  менің  жан  жолдасым.

Анда-санда жолығып тұрайық. Жарай ма?

Не дерімді білмей аңқиып тұрмын.

− Менің атым Жора. Ал жақсы. Сау бол.

Бұрылып  кетіп  қалды.  Жүрісі  кербез.  Киімі  таза.  Қытай  жібегінен

тігілген ақсары костюм. Жеп-жеңіл. Судырап тұр. «Чешунша» дей ме,

тілім  де  келмейді.  «Шіркін,  осындай  костюмім  болар  ма  еді»  деп

қойдым. Сонда ана Гүлнəр... Бүкіл класстағы үш қыздың ең əдемісі...

Қазір Əулиеатада ең мықты адамдар «чешунша» киеді. Əуелі əдемі

костюмнің əсерімен тұрып, əлгі əңгіменің түп-төркінін аңғармаппын.

Төлен нағашымды біледі екен. «Осында жиенім оқиды», – деп сол

айтқан  шығар.  Əйтпесе,  менде  несі  бар?  Ар  жағын  ойланбастан,

балалармен  алысып-жұлысып  ойнап  кеттім.  «Чешунша»  костюмді

табанда ұмыттым.




Демалыс  күні  Мүсілім  Қонақовичтен  сұранып,  Ауагүл  əпкемнің

үйіне  бардым.  Төлен  нағашымды  көрдім.  Төлен  Иза  деген  қызға

үйленіп, осы Ауагүл үйінің бір жағында тұрып жатқан. Облисполкома

Шамұхан Қалкенов деген бастықтың көмекшісі. Не көмек көрсететінін

қайдан білейін, əйтеуір облисполком деген аты зор. Сөйте тұра, өзі үйі

жоқ, əпкесінің қолтығына тығылып отыр.

Əуелі,  сонау  соғысқа  дейін,  детдомда  жүргенде  көрген  екен  осы

Изаны...  Соғыста  хат  жазысып  тұрыпты.  Иза  Алматыдағы

консерваторияда  оқыпты.  Оны  Зиба  əпкем  біледі  екен,  Изаға:

«Əулиеатаға кел, Төлен майданнан қайтқанша менің қолымда бол» деп

хат  жазыпты.  Ай,  бауырмалым-ай,  бұрын  көрмеген  Изаны  бауыр

тұтып,  келінім  деп  түсініп,  жанына  шақырғанда  қаншама  қасиет

жатыр...

Енді Зиба жоқ, Иза келін боп түсіп, Ауагүлдің үйіне кірді. Толықша

келген, ақсары келіншек екен.

Ауагүлдің үлкен қызы Айымжамал маған:

−  Əй,  Барсхан,  көрімдік  бер.  Мына  Иза  жеңгең  болады,  –  деп

жайраңдады.

Мен  қысылып  қалдым.  Немді  беремін?  Өзім  қайта  осы  үйден

бірдеңе дəметіп келемін.

Төлен нағашым жағдай сұрап:

− Оқуың қалай? – деп қойды.

−  Жаман  емес  сияқты.  Айтпақшы,  аға,  сіздің  Жора  деген

жолдасыңыз бар ма?

− Иə. Оны қайдан білесің?

−  Ылғи  мектепке  келіп,  менен  Қаратаев  не  айтты,  не  деді?  –  деп

сұңқылдап сұрап, соңымнан қалмайды.

− Сен не дедің?




− Не деймін. Сабақ өткізді. Махамбетті, Абайды оқытты деймін.

−  Оһ,  оңбаған  иісшіл  ит.  Титтей  балада  несі  бар-ей.  Ал,  былай,

Барсхан.  Енді  келсе,  айт:  ештеңе  білмеймін,  сабақтан  басқа  ештеңе

айтқан жоқ де.

− Е, өзі де солай.

Төлен  нағашым  қабағы  түсіп,  шықшыты  бұлтыңдап,  түнеріп

қалды.  Құдайдың  ашық  күнін  Жора  сияқтылар  қолымен  көлегейлеп,

əлемді  қараңғы  түнекке  қамап  қойғысы  келетінін  сонда  барып

шамалағандай болдым.

Класста  киімілгіш  жоқ.  Көк  қалпақ  сол  баяғы  терезенің  алдында

жатады. Көк қалпақ осы класстың бір мүшесіндей, үйреншікті болып

кетті. Ағайымызға да бауыр басып қалдық. Əдебиет деген таңғажайып

əлемнің  сəулесіне  шомылғандай,  шетімізден  өлең  жазғыш  боп  кеттік.

Уəли  Данаев  қабырға  газетінің  редакторы.  Мен  өлең  жазамын.  Ол

жариялайды.

«Абай» романын Сəбит Мұқанов жазған деп соққан Əлтайдың өзі

де бірдеңелерді шатпақтайды.

Аға  бізді  театрға  алып  барады.  Біз  пір  тұтатын  Шəріп  Сəкиев,

Күлəш  Сəкиева  сияқты  əртістермен  кездестіріп,  əңгімелерін

тыңдатады.

Күлəш  Сəкиева  тіпті  интернатқа  өзі  келіп,  асханада  бізбен  бірге

отырып тамақ та ішті. Əн салды. Даусы жап-жақсы еді. Өзі сүйкімді-

ақ.

Осылайша  енді-енді  көзіміз  ашылып  келе  жатқанда...  Тағы  да  бір



көктем  еді.  Класстың  есігін  біреу  ептеп  тықылдатты.  «Ағай:  «да»,  –

деп  айтып  үлгергенше,  баяғы  сол  алтын  тісті,  жылмақай  Жора

босағада  тұрып,  ағайды  ымдап  шақырды.  Табалдырықта  бірдеңе-

бірдеңе деп сөйлесті.




Ағай  қайта  оралып,  журналды  ала  беріп  еді,  қолынан  түсіп  кетті.

Еденнен еңкейіп қайта алды.

−  Ал,  балалар,  cay  болыңдар...  –  Есікке  қарай  беттегенде,  аяғы

кібіртіктеп, қайта бұрылып:

− Мені біреу жамандаса сенбеңдер, – деді. Ішім бір пəлені сезді. Ал

балалар аң-таң, бəрі аңқиды да қалды. Тек Ертай ғана гүрілдеп, сойдақ

тістері ақсиып:

− Халық жауы, – деді.

− Оттама! – деді Ақтай. Кішкентай болса да, дəуден қорықпайды.

− Қайдағыны айтады екен осы да, – деп Гүлнəр бұртиды.

«Халық жауы». Қандай қаһар сокқан зəрлі сөз. Ертай сонда маған

қарап  айтқан  сияқты  көрінді.  Ертайдан  қорқатын  болдым.  Түсіме

кірмесе неғылсын.

Терезе  алдында  көк  қалпақ  қалып  қойды.  Мен  көк  қалпақты  ала

салып,  əлгілердің  артынан  жүгірдім.  Көшеге  шығып  қалған  екен.

Ағайдың  екі  қолы  кісендеулі.  Өзі  кие  алмайды.  Өкшемді  көтеріп,

басына кигіздім.

− Рахмет, қарағым, – деді ағай. – Менің күнімді сендерге бермесін.

Жора маған жыланша жиырылып:

− Жолама. Кет! – деді.

Тағдыр  екен,  арада  алты  жыл  өткен  соң  мен  Мұхамеджан

Қаратаевпен Алматыда жолықтым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет