Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет68/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

АЙ МЕН АЙШАНЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

Интернатқа Айша келді.

Турникке  асылып  тұр  едім.  Көзім  шалып  қалды.  Қақпадан  кіріп

келе жатқанынан таныдым.

Турникте шыр айналып тұрғанда-ақ таныдым.



Қолында бұл жолы бұрынғыдай түйіншегі жоқ. Бұрындары ылғи да

түйіншегі болатын. Жүгері нан. Жүгері талқан.

Бұл жолы түйіншегі жоқ.

Көктем ғой. Жүгері таусылған шығар.

Айшаның  көк  көйлегі  тозыңқыраған  ба,  оңып  кетіпті.  Ана  жылы,

ол жүн түтіп, жіп иіріп, мен оны жүн фабрикаға апарып өткізіп, нанға

айырбастап,  ол  нанның  жартысын  Атшабардың  базарына  апарып

сатып,  сол  ақшаға  алған  көк  мата...  Айша  өзі  тігіп  киген  көк  көйлек.

Əдемі еді. Айша сонда Сібірден Мұртаза қайтып келгендей қуанып еді.

Енді сол көк көйлек бозаң тартып, оңып кетіпті.

−  Барсхан,  –  деді  мені  басымнан  сипап  тұрып,  –  мен  саған  бұл

жолы ештеңе əкелмедім. Нанды үйден барып жейсің.

− Неге?

−  Сен  бір  күнге  сұран.  Бүрсігүні  бəрібір  демалыс  қой.  Ертеңге

сұран. Дүйсенбіде қайтып келесің.

− Не боп қалды?

− Ауылдан Оңғарбай атаң келді. Бізді көшіріп əкетпекші.

− Қай ауылдан? – деппін түсінбей.

− Қай ауылы несі? Сенің ауылың біреу-ақ емес пе? Мыңбұлақ ше?

− Рас па? Шыннан көшеміз бе?

−  Шын,  Барсхан.  Бұйырса,  елге  қайтамыз.  Қуанбайсың  ғой,  əлде

Мыңбұлақты сағынғанды қойғансың ба? Ұдайы сағынушы едің ғой.

− Сағыныш та сенің көйлегің сияқты тозған шығар.

Айша оңған көйлектің жеңін сабаудай ұзын саусақтарымен:




«Шыннан тозған ба?» дегендей шымшылап қойды.

− Кебенек деген осы, Барсхан. Елге қайтамыз. Кебін кимей, кебенек

киіп  қайтқанымызға  да  мың  тəубə,  мың  да  бір  шүкір  Құдайға.

Сендерді жат қылмай, отанына жеткізіп, өз үйіріне қоссам деуші едім.

Сол тілегіме жетсем болды. Əйтпесе, саяқ болып, бөтен болып кететін

түрлерің бар.

− Мына көйлекпен қалай...

−  Ай,  байғұс  балам-ай!  Мұртазаның  намысшылдығы  аумай

тартқан-ау  саған.  Мен  торқа  кимеппін  бе?!  Зерлі  тон,  торқа  көйлек  –

бəрі  де  тозады.  Өсіп  қалдың  ғой.  Жаңасын  сатып  əперерсің.  Сенің

өмірің тозбасын. Бар бастығыңа! Бір күнге сұран!

Соңғы сөздерін Айша бұйыра дауыстады.

* * *

Бұл  жолы  да  ұрланып  көштік.  Сонау  мың  тоғыз  жүз  қырық



төртінші  жылдың  жаңбырлы  күзіндегідей.  Тек  онда  Мыңбұлақтан

Əулиеатаға  көшкен  болатынбыз.  Таң  атар-атпаста.  Жалғыз  есек

арбамен көшкенімізді ел көрмесін деп...

Бұл  жолы  да  есек  арба.  Бірақ  бұл  жолы  арбаға  екі  есек  жегілген.

Оңғарбай атамның көк əңгісі. Біреуі мен білмейтін қара. Көк əңгі мені

танығандай оқшия қарап, пысқырып қойды.

Оңғарбай атам менің сəлемімді алып:

− О, балам, үлкейіп қалыпсың ғой, – деді. Басқа түк айтпады. Көп

сөйлемейтін кісі еді.

Сəли  атамның  үйі  шақырып  шəй  беріпті.  Сол  үйде  Сəли,  Қали,

Бөпетай,  Сатай  аталарым,  Шолпан,  Қалатай,  Үміт,  Адас,  Зүбəйда

апаларым  түнімен  ет  асып,  Айша,  Құрмаш,  Батырхан  жəне  маған

«жолаяқ»  деп  қонақ  қылды.  Түнімен  неше  түрлі  əңгіме  айтылды  да,

таң ата бізді жолға шығарып салды.




Айша нағашыларымен құшақтасып қоштасты.

−  Арып-ашып  келгенде,  торғай  паналатқан  бəйтеректерім,  рахмет

сендерге, аман болыңдар. Құдай қуанышта жолықтырсын...

Оңғарбай  атам  да  қызық.  Сонау  Жуалыдан  екі  есек  жеккені  несі

кішкентай  арбаға?  Сірə,  біздің  жүгімізді  жалғыз  есек  тарта  алмайды

деді ме екен? Байып қайтады дегені ме?

Оңғарбай  атам  Күйіктің  жолымен  жүрмей,  неге  екенін  білмеймін,

Маймақтың  жолымен  тартты.  Əлде  біздің  «байлығымызды»  Күйіктің

асуынан алып шығу қиын болады деді ме? Ал негізінде алтын артқан

есек биік таудың шыңына да шыға алады. Бірақ бізде алтын жоқ қой?!

Асаның  бойын  бойлап,  Айша-Бибінің  тұсынан,  шөл  даланың

тұсынан  пойыз  жолды  кесіп  өтіп,  Қызыладыр  қыратымен  қиялай

тарттық.

Арт  жаққа  бұрылып  қарап  едім,  алыста  Айша-Бибі  күмбезі  қалып

бара  жатты.  «Бекер  Күйіктің  жолымен  жүрмедік-ау»  деп  қойдым.

Айша-Бибіге дұға оқып, ақ жол тілеу керек еді.

Сұлу  Маймақтың  Қызыладырынан  қарасаң,  артта  нағашылар

ауылы,  Бектөбе,  Үлкен  Бурыл,  Кіші  Бурыл,  Əулиеата  шаһары,

Тектұрмас тауы қалып бара жатыр.

Қалып  бара  жатыр.  Бəрі  де  осылай  қала  береді.  Қайтып  оралуын

айт.  Айша  айтқандай,  тəуба,  енді  біз  ұшқан  ұямызға  оралған  жолда

келе жатырмыз.

Айтпақшы,  Сұлу  Маймақтың  үстінен  тыраулап  тырналар  тізбегі

көрінді.  Олар  солтүстік-шығысқа,  біз  керісінше,  оңтүстік-батысқа

көшіп барамыз. Біз де бір қайтқан қаздармыз.

Сұлу  Маймақ  –  қырғыздардың  жері.  Енді  осыдан  Күркүреусуға

жеткенше  қырғыз  жерімен  өтеміз.  Түс  əлетінде,  жол  бойында  киіз  үй

тігіп отырған қойшыға тап болдық. Жалпылдаған жақсы қырғыз екен:




− О, қағылайын қазақ туғандар, – деп жаны қалмай, қатыны да, өзі

де  асты-үстімізге  түсіп,  самауырға  шай  қайнатып  берді.  Қойлары

мəліш екен, шетінен қоздап қалыпты. Күн жылы. Көк шығып, желкен

желбірейді.  Қошақандар  мəз.  Секіріп  ойнап,  ит  құйрықтары  селтең-

селтең етеді.

Шайдан кейін Оңғарбай атам керегеге сүйеніп сəл мызғып алды да,

кенет көзін ашып, жан-жағына алақ-жұлақ қарап:

− Қой, біз жүрелік, – деді.

Қызыладырдан  асқанда  алдымыздан  жарқ  етіп  Тəңіртау  көрінді.

Көк  аспанға  найзадай  шаншылып,  аспан  жерге  қулап  кетпесін  деп

тіреп тұрған Манас шыны екен.

Жүрегім бүлк ете қалды. О, қасиетіңнен айналайын, Тəңіртау!

Ылғи  өрге  қарай  жаяу  келе  жатқаннан  болар,  аяғыма  тас

байлағандай  тұлабойым  ауырлап,  көктің  үстіне  жата  кетсем  бе  екен

деп  келе  жатқанмын.  Кенет  шаршағаным  ұмытылып,  əлдеқалай

аспандағы  сарыала  қаздардың  қанаты  маған  біткендей,  ана  сеңгір

тауларға, Манастың батысындағы Көксай, Ақсай аңғарларына ұша кеп

жөнелгім  келді.  Аяғым  өзінен-өзі  жеңілденіп,  желе-жортып,  жүгіріп-

жүгіріп қоямын. Сонда Айша:

−  Əй,  Барсхан,  əне  Ақсай  көрінді  ғой,  Ақсай!  Біздің  ауыл  сол

Ақсайдың ауызында ғой, – деді даусы жарқын-жарқын шығып.

− Жақындап қалдық па? – деді шаршаған Құрмаш. Жол бойы басы

төмен салбырап, лəм демей келе жатқан Оңғарбай атам:

− Шаршасаң, арбаның үстіне шығып отыра ғой. Əлі қайда - а - а, –

деп қайтадан үндемей қалды.

Айтса-айтқандай,  əлі  жол  ұзақ  екен,  күн  батар  əлетінде  Күркіреу

судан əрең өттік-ау...



Күркүреусудың  арғы  беті  –  Қазақстан.  Жуалы.  Байзақ  жазығы.

Жаңабай жері. Баяғыда Байзақ деген датқа болыпты. Қоқан хандығына

қарсы шығып, зеңбірек аузына таңылып, атылып кетіпті.

Күні  бойы  басы  салбырап,  жаяу  жүрістен  бір  танбаған  сексендегі

Оңғарбай қарт сонда:

−  Тоқтаңдар,  –  деді.  –  Қараңғы  түсіп  қалды.  Мына  балдар

шаршады.  Осында  біраз  дамылдап,  таң  қылаң  бере  жүрсек,  құдай

қаласа, түске дейін ауылға да жетіп қаламыз.

Тəңіртау  сұлбасы  бозараңдап  əрең  білінеді.  Оның  есесіне  қол

созым жерде тұрғандай жартыкеш Ай көрінді.

Жарықтық,  жартыкеш  Ай!  «Ай  болмаса  аспанда,  адасады»  деуші

еді баяғыда, күйеулері соғысқа кеткен келіншектер.

Арбадан  жүктерімізді  түсіріп,  есектердің  аяғын  тұсап,  отқа  қоя

бердік.



− Əй, Барсхан, отын жина, от жақпасақ түн салқын, – деді Айша.

Көк жаңа көтеріліп, қурай табыла қоймайтын кез. Отынды қайдан

іздеймін?

Аулақта  бұзылған  қора  бар  екен.  Жүрексінсем  де  солай  қарай

жүрдім.  Бір  қабырғасы  құлап,  төбесіндегі  қамысы  салбырап  қалған

екен. Топырақ басқан қамысты суырып алу оңай бола қоймады. Қияғы

алақанымды  тіліп  кетті.  Ары-бері  үңіліп  қарасам,  қамыс  арасынан

бұғат  ағаштардың  ұшы  көрінеді.  Ырғап-ырғап,  əрең  дегенде  үшеуін

суырып алдым.

Оттыққа  қу  қамыс,  отынға  бұғат  ағаш  жараса  кетті.  Түнімен

маздатып жағуға жарады. Шəугімде шай де қайнады. Шай ішіп алған

соң  Оңғарбай  атам  астына  текемет  төсеніп,  үстіндегі  шапанын  да

шешпей,  көрпе  жамылып,  ұйқыға  кетті.  Батырхан  мен  Құрмаш  та

ұйықтап қалды.

От басында – Айша екеуміз.

− Сен де қисайып, ұйықтап алсаңшы, – деді Айша.

− Ұйқым келмейді.

Айша жартыкеш Айға қарап:

−  Ұйқың  келмесе  –  қуанғаның  шығар.  Туған  жердің  топырағына

табаның тиді ғой. Қуат – топырақтан. Қарашы, Барсхан, туған жердің

Айы да бөлекше.

− Несі бөлек, барлық жерде осындай.

Екеуміз де Айға қарап қалдық.

«Несі бөлек?» – дедім тағы да ішімнен.

−  Өзге  елдің  оты  оз  еліңнің  түтініне  татымас,  Барсхан.  Дұрыстап

қара, мына жарықтық Ай бізге мейірін төгіп тұр ғой.




− Өзге ел емес, өзіңнің төркін жағыңнан көшіп келе жатырмыз ғой.

Неге өзге? – деп өзеуредім мен де. Айша күрсініп алды.

−  Оның  рас.  Жаманатқа  қалмадық.  Сүрінгенде  сүйеді.  Бірақ  біз

кірме болдық қой, балам.

«Кірме»  деген  сөзді  талай  естісем  де  аса  мəн  бермей  келіппін.

Санама  енді  жеткендей  болды.  Өз  үйің  өлең  төсегің  жоқ.  Əркімнің

босағасында  босқын  сияқты  болу  –  қорлық.  Соғыс  басталған  жылы

жер  аударылған  бір  немістің  отбасы  біздің  Мыңбұлақтағы  үйдің  бір

бұрышына  келіп  паналап  еді.  Сол  халді  төрт  жыл  бойы  өзіміз  де

басымыздан  кештік.  Жаманын  да  көрдік,  жақсысын  да  көрдік.

Айшаныкі дұрыс. «Кірме» деген ат жаман.

− Сенікі рас. Ай мейірленіп барады, – дедім мен.

−  Адамдар  Ай  сияқты  мейірлі  болса,  елден  көшіп  неміз  бар  еді,

Барсхан. Тасбеттер əлі алдымыздан шығар. Бірақ сен енді бала Барсхан

емессің, Құдай аман болса, енді ешкімге есеңді жібермессің.

− Ай туралы бір ақынның жазғанын айтып берейін бе?

− Айт, айта ғой, Барсхан. Сен көп оқисың ғой.

− Баяғыда Күн мен Ай ерлі-зайыпты екен. Тату-тəтті өмір кешіпті.

Көп балалы болыпты. Ана жұлдыздардың бəрі сол екеуінің перзенттері

екен.  Мұншама  бақытты  көре  алмаған  қараулар  Күн  мен  Айдың

арасын өсек сөзбен бұзып, екеуін ажыратып тыныпты. Содан бері Ай-

ханым  тірі  жетім  қалған  жұлдыз-балаларын  ертіп,  Күннің  соңынан

қуып  жетпек  болады.  Мың-миллион  жыл  өтсе  де  жете  алмайды.

«Тоқта»,  –  деп  жалынса  да  Күн  тоқтамайды.  Ай  туса,  Күн  батып

кетеді.  Күн  шықса,  Ай  батып  кетеді.  Ай  содан  əлі  үміткер.

Зарыққаннан  кейде  кеміп,  арып-ашып  аруаққа  айналады.  Кейде  үміт

оты тұтанып, қайта толады...

Осыны айтып, Айшаға қарасам: көзінен жас парлап отыр екен. Ай

сəулесіне  шағылысып,  жылт-жылт  етіп,  жылғалана  аққан  көз  жасын

көрдім.



− Heгe жылайсың?

−  Үш  үрпек  балапанын  қырға  да  сүйреп,  ойға  да  сүйреп,

Мұртазаны  күткен  Мен  сияқты  екен  де,  жарықтық,  о,  пірім  менің,  –

деп Айға алақан жайып жіберіп:

−  Қолдай  гөр,  сенін  мұңайғаның  –  менің  мұңайғаным.  Менің

жанымды сен ғана ұғасың.

Айша бетін сипап, көзінің жасын сүртті.

Бұғат  ағаштар  жанып  болып,  шоқ  елегізіп  барып  көзін  жұмған

кезде, менің де көзім ілініп кеткен екен.

Қараторғайлардың  құйқылжыта  салған  əнінен  оянып  кеттім.

Жаңабайлардың сайындағы сəмбі талдарда шырқалған əн. Кезек-кезек

айтысады.  Бірі  –  күйеу,  бірі  –  қалыңдық.  Бір-бірін  қысқа  түнде

сағынып қалғандай үзіліп-үзіліп жырлайды.

Құстардың  тілін  түсінбейміз.  Түсінбесек  те  бұл  дүниеге  махаббат

туралы ең ыстық, ең ынтызар əнді тек осы қараторғайлар ғана айтады-

ау деп шамалайсың.

Күні əлі шықпаса да Тəңіртау басындағы бұйра бұлттар қызғылтым

тартып,  Күн  нұрымен  сүйісіп,  бұлт  екеш  бұлтқа  шейін,  тау

шыңындағы тас екеш тасқа дейін махаббат лəззатынан алауға бөленді.

Ақ бақытқа бөлену деген осы шығар.

Осы  бақыттан  маған  да  бірер  тамшы  бұйырған  шығар:  жүрегім

кеудеме симай, алқынған асау аттай тыпыршыды-ай дейсің.

Тəңіртаудан  аққан  күміс  бұлақ,  киелі  суға  кеудемді  жалаңаштап

тұрып батырып-батырып алдым.

Айша:

− Суық тиіп қалмасын-ей, құтырма, – деді.




Күміс  судан  да  суық  тие  ме  екен.  Қайта  бүкіл  денемді  қыздырып,

дуылдатып ала жөнелді.

Күн шыға бере, зүміреттей көк шөптің басына мың-миллион асыл

моншақ тағылғандай, шұғыла шықсаң құлпырып жалт-жұлт етті.

− Шық қалың түсіпті ғой, – дедім. Айша ойланып тұрып:

− Шық емес ол, – деді.

− Енді не?

−  Бұл  түндегі  Айдың  көз  жасы.  Біз  пақырларды  көріп,  аяныштан

жылап жіберсе керек.

− Сен де жыладың ғой. Бұл таңғы шық сенің де көз жасың. Ай мен

Айшаның көз жасы.

−  Біз  сияқты  жетім-жесірлерді  Ай  жарықтық  аяйды.  Ал  адамдар

байқамайды.

− Сəлден кейін кеуіп кетеді. Сенің көз жасың да құрғайды. Енді сен

жыламайсың.

−  Айтқаның  келсін,  ұлым!  –  деп  Айша  мені  аймалап,  бетімнен

сүйді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет