Бисенбаев П., Кәрібозов Е



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата27.09.2023
өлшемі0,85 Mb.
#111086
1   2   3   4   5
Байланысты:
НАЗИРА

Эксперимент
Барлық лирикалық шығармалары сияқты
Науаидің алты үлкен поэмасы да нәзира үлгісіне 
жатады. Бұл түсінікті де, Науаи өзінің негізгі 
ойларын осы формада ғана жақсы жеткізе 
алды және өз тілінде парсы поэзиясының 
үздік үлгілерінен кем түспейтін шығармалар 
тудыруға болатынын дәлелдеді. Егер қаласа 
Науаидің әдебиетке сол кезде мүлдем тың 
тақырыптар енгізе алатынына ешкім шүбә 
келтірмес еді. «Жеті планетаға» енген жеті 
новелланың кез келгенін алып қараңыз, әрбір 
новелла – тұтас бір шағын роман дерсіз, кейін 
өз кезегінде ондаған сауалдардың жауабы 
боларлықтай дәуір стилінде жазылған тың 
тақырыпқа тиек болар еді.
Бірақ Науаиға керегі бұл емес болатын. 
Шайыр өз замандастарын олардың өз қаруымен 
«сілейткісі» келді, ал ол үшін тақырып шеңберінен 
шығуға болмайтын еді (Shamuhamedov, 1984: 
77). Өкінішке қарай, еуропалық ғалымдар мұны 
түсінген жоқ (қазір де түсінбесі анық), олар 


Хабаршы. Филология сериясы. №1 (173). 2019
156
Нәзира дәстүрі және түркі әдебиеті 
Науаи поэмаларының тақырыптық жағынан 
әзірбайжандық Низамидің атақты «Хамсасы
-
мен» сәйкес келетінін көре салысымен, Науаиді 
аудармашы деп жариялаумен ғана тынды. Таза 
саяси ұғымнан бөлек, бұл жаңсақтық Науаи ту
-
ралы жазып отырған ғалымдардың өзі (әсіресе 
француз шығыстанушысы Э. Блоше) Науаиді 
оқыды ма екен деген күмәнді ойға жетелейді. 
Бір жақсысы, әйтеуір поэмаларын парақтап 
шығып, жеке тараулардың тақырыпшаларымен 
танысқаны анық. Айта кету керек, егер Науаи 
«аудармашы» болса, онда Әмір Хұсрауды да, 
Құтыпты да, Хатифті де және тағы да басқаларды 
түгел, тіпті Низамиді, парсы тілінен парсышаға 
аударған көптеген ақындарды да солай атауға 
тура келеді. 
Енді Науаидің «аудармаға» қалай келгеніне 
және оның қолындағы өзі өңдеген сюжеттердің 
қандай өзгерістерге ұшырағанына назар ауда-
райық. Барлық алты поэманы бір мақаланың ая
-
сына сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан үшеуіне 
ғана тоқталамыз.
«Жеті планетадан» бастайық. Тақырыбында 
«жеті» деп тұрғандай, бұл поэма – Низамидің 
«Жеті сұлуына» жазылған жауап. Низамидің 
поэмасы V Сасанид Варахран өмірбаянының 
бірқатар эпизодтарын еркін түрде баяндайды, ол 
құлан аулауға әуестігіне байланысты Бахрам Гур 
атанған. Бахрамның өмірін суреттейтін бір эпи
-
зод Фирдоусидің «Шахнамасында» кездеседі, 
ол – Бахрамның өзінің сүйіктісі, әнші, сұлу күң 
Фитнемен (Фирдоусиде – Азаде) ренжісуі. Фит
-
не Бахрамды аңда жүргенде мергендігін көр-
сетуге мәжбүрлейді. Бахрам мергендік өнерін 
көрсеткенде, Фитне оған мұның бәрі жай ғана 
ұзақ уақыт жаттыққанның нәтижесі екенін ай
-
тады. Ашуға мінген патша оны өлтіргісі келеді 
(Фирдоусиде – өлтіріп тастайды), бірақ қолын 
әйел қанымен былғағысы келмей, бұл істі 
маңайындағылардың біріне тапсырады. Фит
-
не ақыл-айласымен жаналғышының жүрегін 
жұмсартып, өлімді кейінге қалдыруға көндіреді, 
ал кейін билеушінің жүрегін қайтадан жаулап 
алады. Эпизод осымен аяқталады, әрі қарайғы 
шығарма желісінде Низами Фитне оқиғасына 
қайта оралмайды.
Поэмадағы басты ерекшеліктердің бірі – 
Бахрамның апта күндері мен сол күндердің 
жебеуші планетасына сәйкес келетін жеті 
ғимарат салуы. Осы жеті ғимаратқа ол әртүрлі 
жеті патшалықтан әйелдікке әкелінген жеті 
сұлуды орналастырады. Баһрам олардың 
әрқайсысына аптаның күндеріне сәйкес көйлек 
киіп барып отырады. Әр сұлу оған қандай да бір 
махаббат оқиғасын және сәйкес түске қатысы 
бар новелланы әңгімелеп беріп отырады. 
Бұл жеті новелла әрі қарай шығарма 
сюжетінде ешқандай рөл атқармайды. Низами 
тіпті Бахрамның кейінірек жаратылыс тура
-
лы ойларға беріліп, бұл ғимараттарды шырақ 
ғимараттарына айналдырғанын да айтады. Осы
-
лайша, Бахрамның өмірбаяны поэма желісінен 
новеллалар алынған жағдайда да айтарлықтай 
өзгерісті бастан кешірмес еді, олардың көркем 
сюжетпен байланысы сыртқы сипатқа ғана ие. 
Науаи да өз поэмасын Бахрам туралы 
әңгімеден бастайды. Аңда жүргенде күңмен ара
-
да болған сол баяғы айтылып жүрген жайт орын 
алады. Низамидегідей, бұл нұсқада да Бахрам 
қыздың қанын төккісі келмейді. Қызды өзінің 
ұзын бұрымымен байлап, жабайы аңдардың 
жемтігі болсын деп айдалаға тастайды. 
Низами нұсқасындағыдай, бірнеше уақыт 
өткен соң Бахрам өзінің ғашығын сағына бастай
-
ды. Ол қызды іздеуге шабармандарын аттан
-
дырады, бірақ оның бәрі нәтижесіз аяқталады
қыз із-түссіз жоғалады. Өкініш өзегін өртеген 
Бахрамның жаны күйзеліп, ауруға ұшырайды. 
Ас-судан қалады, ұйқы көрмейді, ажал аранына 
жақындай түседі. Шақырылған дәрігерлер емде
-
лу үшін жан қайғысынан арылу керектігін айта
-
ды. Олар жеті ғимарат тұрғызу туралы ұсыныс 
тастайды, әрбір сарайдағы өзіндік сауықтар Бах
-
рамды күйзелістен алып шығуға көмектеспек. 
Бұл – шығарма құрылымындағы айқын 
өзгеше ліктердің бірі. Егер Низамиде екі эпизод-
тың бір-бірімен өзара байланысы көрін бесе 
және жеті ғимарат тұрғызылғанда Бахрам өзінің 
Фитнесін біржола ұмытып кеткен болса, ал 
мұнда ғимараттардың тұрғызылуы ғашығымен 
ренжісудің тікелей себебіне айналады. Бұл 
реніш болмаса, бәлкім, осы ғимараттар салын
-
байтын да еді. 
Ары қарайғы оқиғаларға назар аударайық. 
Дегенмен ғимараттар тұрғызылғаннан кейін, 
Бахрамның денсаулығы жақсара бастайды, 
алайда бұрынғыша әлі де көз шырымын ала 
алмайтын. Сондықтан әр кеш сайын оның 
уәзірлері өтіп бара жатқан адамдарды ұстап 
алып, патшаға алып келетін. Ол Бахрам ұйықтап 
кеткенше ертегі айтып беруге тиіс еді. Поэмаға 
жеті новелла оқиғасы осылай қосылды, мазмұны 
жағынан бұлардың Низами новеллаларымен 
ортақ ешнәрсесі жоқ, және, менің ойымша, 
ортаазиялық фольклорға да қатысы шамалы. 
Низамиде сұлулар Бахрамның бұйрығы бойын
-
ша ертегі айтады. Басқаша желі жоқ. Науаиде де 
тағы да сол ертегі поэманың негізгі бөлшегіне ай
-


ISSN 1563-0323
Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №1 (173). 2019
157
Бисенбаев П., Кәрібозов Е.
налады; оны поэмадан алып тастау материалдың 
өзін құрту болар еді.
Бір қызығы, Науаи бұл өзгерісті саналы 
түрде енгізді. Низамидің поэмасы туралы айта 
келе, ол ертегілерді сұлулардың өздері айтқаны 
шындыққа жанаспайтынын атап өтеді. Ертегіні 
адамның тезірек ұйқыға кетуі үшін айтады 
деп мысқылдайды ақын, ал сұлулар ол үшін 
жаралмаған.
Енді новеллаларға келейік. Олардың алғашқы 
алтауы – қарақшылар, бұзақылар, патшалар 
мен патшайымдар туралы нағыз ертегілер. Де
-
генмен Науаи фольклорлық материалға өзіндік 
түзетулер де енгізіп отырған. Бізге белгілісі, 
ақын әртүрлі сипаттағы техникаға қызығушылық 
танытқан (Hairullaev M., Shorahmedov, 1973: 97). 
Ол осы бағыттағы қиялына шексіз ерік берсе ке
-
рек. Оның ертегілеріндегі патшаның бірі басқару 
тетігі арқылы кез келген бағытқа жылжитын, 
өздігінен жүретін тақты иемденеді. Таққа ба
-
ратын бірнеше саты бар. Оның ең төменгісіне 
тұрсаң-ақ, бірден ең жоғарғысына алып бара
-
ды. Сөйтіп, мұндағы тақ – эскалаторлы көліктің 
өзіндік түрі. Екінші бір ертегіде теңіз қарақшысы 
су асты сүңгуір қайығы туралы идеяға негіз 
болған кемелерді суға батыру әдісін қолданады. 
Әрине, мұның бәрі қиял ғана. Жюль Верннің 
ғылыми немесе шартты ғылыми негіздемелеріне 
Науаи әлі жете қоймаған. Алайда фольклор
-
мен байланысы бар осы бір детальдардың өзі 
Науаидің қызықты ойларына көрік беріп тұр. 
Оқырманның көз алдында Бахрамның алты 
түні өтеді. Жетінші түн де келеді. Тағы да бір 
жолаушыны алып келеді, тағы да әнді керемет 
айтатын ғажайып күң туралы ертегі бастала
-
ды, алайда сол әншінің дауысы қаншалықты 
ғажайып болса, камфара түстес киімі сияқты өзі 
де соншалықты суық. Ертегі басқа арнаға бет 
бұрады, айтушы осы күңнің бір күні өзіне құпия 
сыр айтқанын әңгімелейді, біз Бахраммен бірге 
бұл күңнің шөл далада із-түссіз жоғалған оның 
баяғы ғашығы екенін білеміз. Ол бір ғажайыптың 
көмегімен тірі қалыпты, Бахрамын әлі сағынады 
екен, өзінің тіке айта салған сөздеріне өкінетін 
көрінеді. Әңгімелеуші оның қайда тұратынын 
біледі, сөйтіп, патша ұмыта алмаған ғашығының 
құшағына еніп, барлық қайғысынан арылу үшін 
онымен көрісуге мүмкіндік алады. Поэманың 
соңында екі ғашық қосылып, мұратына жетеді.
Осылайша, новелла сюжетке қызмет етіп тұр, 
онымен ажырамас тұтас бірлікте. Мұндай салы
-
стырудан кейін, «Жеті планета» – Низамидің 
«Жеті сұлуының» аудармасы деп айту артық 
көрінеді. Егер бұл аударма болатын болса, 
әлем әдебиетіндегі авторы бар ертегілердің ба
-
сым көпшілігі – «Мың бір түннің» аударма
-
сы саналмақ. Науаи мен Низами арасындағы 
байланыстарға келсек, Науаи дегенмен поэма 
негізін қайта құра алды, оған табиғи әр берді, 
ең маңыздысы, кейіпкердің мінез-құлқын 
өзгерте алды. Ғасырлар ауқымындағы дамуы
-
на назар салыңыз: Фирдоусиде ол ғарыштық 
күшке ие, ашуға мінсе сол мезетте-ақ жойып 
жібереді; ал Низамиде ол ішкі терең сезімге 
ие адам, дегенмен махаббатта тұрақсыз; мұнда 
ол алғашқы махаббатын ұмыта алмай, бір ғана 
сезімнің жетегінде кеткен ғашық. Осылайша 
Бахрамның мінез-құлқы біртіндеп жұмсарып
ол қаһарлы деспоттан XV ғасырдағы қалалық 
топқа неғұрлым жақын жанға айналады, бұл топ 
билеуші ақсүйектен гөрі, айрықша адамгершілік 
тұрғысымен көзге түсе қоймайтын және кез кел
-
ген қатыгездікке қабілетті жандар еді. 
Науаидың тағы бір шығармасы «Фархад 
пен Шырын» – Низамидің атақты «Хұсрау мен 
Шырынына» жауабы іспетті. Дегенмен мұнда 
да айтарлықтай айырмашылықтар өте көп. 
Низами шығармашылығында Фархадтың ала
-
тын орны ерекше болғанмен, поэманың негізгі 
кейіпкері Хұсрау (әрине, Шырыннан кейін) бо
-
лып қала береді. Низами өз кейіпкерінің барлық 
кемшіліктерін жақсы біледі, оның ерік-күшінің 
әлсіздігін, жеңілтектігін айқын көріп тұрса 
да, бәрібір Хұсрауды басты орынға қояды. Ал 
Фархадқа Шырын махаббатының тереңдігін 
көрсету үшін ғана баса назар аударылады, 
Фархадтың адам мүмкіндігінен тыс ерекше ма
-
хаббатына қарамастан, өзіне лайықты болма
-
са да алғашқы сүйгеніне опасыздық жасамаған 
Шырынның сүйіспеншілігін көрсету керек 
болды. Мұны Хұсыраудың өлімі одан сайын 
қоюландыра түседі. Осы бір шешуші сәттегі 
оның жарқын бейнесінің көркем суреттелгені 
соншалық, оқырман оның барлық күнәларын 
еріксіз кешіруге дайын.
Науаи поэмадағы басты орынға ә деген
-
нен Фархадты шығарады. Әрине, ол Низа
-
ми суреттеген әлеуметтік өткір мәселелердің 
жігін жатқызып жібереді. Оның Фархады 
Низамидегі сияқты қарапайым қала шебері 
емес. Ол-өте айрықша, адамзат өнерінің барлық 
көріністеріне есі кете ғашық болатын ханза
-
да. Әсіресе Фархадтың сарай құрылысына 
қатысуы, бүкіл құрылысшылармен үнемі жақсы 
қарым-қатынаста болуына арналған тарау ерек
-
ше қызықты. Науаидің бұл қасиетті өз бойы
-
нан алғаны немесе қолөнердің нәзік тұстарын 
үйренуге деген ерекше құлшынысы күмән ту
-


Хабаршы. Филология сериясы. №1 (173). 2019
158
Нәзира дәстүрі және түркі әдебиеті 
дырмайды, өнердің барлық құпияларына бойлай 
ену – дәл осы ұлы ақынның өзіне тән қасиет. 
Науаи Хұсрау бейнесін сомдау тәсілін де 
кілт өзгертті. Оның Хұсрауы әдебиет әлемінде 
жиі ұшырасатын залымдар қатарына жатады. 
Бойында бірде-бір жағымды қасиет жоқ. Ол – 
өз мақсатына тек алдау-арбау және сатқындық 
жолмен ғана жететін жүрексіз, аяр, зұлым тиран 
(билеуші).
Есесіне Науаидегі Шырын бейнесі өте әлсіз. 
Низамиде Шырынның ұлылығы уақыт өте келе 
өте мінсіз белгілерге ие болады, оның бойында 
өзі құрбанына айналған Хұсрауға деген махаб
-
батынан басқа бірде-бір кемшілігі жоқ. Науаидің 
Шырыны ертегідей сұлу ғана. Низами ерекше 
қылып көрсеткен айқын даралықты бұл жерден 
таппайсың. Бұл түсінікті де, әйтпесе Фархад 
бейнесі әлсіреп қалар еді. 
Мынаны ұмытпау керек: Низамидің Хұс-
рауы Шырынның бойындағы ерекше күшті 
даралықтың қолдауына мұқтаж, онсыз ол солғын 
тартар еді. Ал Науаидің Фархады бұған зәру 
емес, ол онсыз да белсенді іс-қимылдың адамы, 
сондықтан Шырын бейнесінің әлсіреуі сюжетке 
залалын тигізбейді. 
Поэманың басында Науаи енгізген өзгерістер 
өте қызық. Егер Низами өз романына негізінен 
саналы түрде әртүрлі фантастикадан ада ескі 
мотив (кейіпкерлер бірде-бір рет кездеспесе де, 
бір-бірінің портретін көріп ғашық болады) сәтті 
қолданылған ертегілік кіріспе енгізсе, Науаи бұл 
ертегі элементін барынша кеңейтті, оны тұтас, 
бірнеше ертегі желілерінен тұратын дербес 
бөлікке айналдырды. Мұнда жыланмен арбасу 
да, зұлым құбыжық Ариманды жеңу де, бірнеше 
ғасыр өмір сүрген жұмбақ данышпанның адам 
аяғы баспайтын үңгіріне бару да, қазынаға кез 
болу да, жалпы қиял-ғажайып ертегінің тағы да 
басқа атрибуттары бар. Осы бір бөлімнің ғажап 
шеберлікпен баяндалатынын айта кету керек. 
Егер осы барлық айырмашылықтарды салы
-
стыратын болсақ, Науаи кейіпкерлерін басқаша 
атаған күнде де, оның бастапқы шығу тегінің қай 
поэмадан алынғанын кез келген оқырман таба 
алмайтынына сенім мол.
Енді үшінші поэма – «Ләйлі мен Мәжнүн» 
жайлы біраз сөз етейік. Бұл поэмасына 
алғысөзінде Науаи өз рөлін қарапайым түрде 
баян етеді: айтуынша, ол өзінің алдындағы 
Низами мен Әмір Хұсрау тұрғызған кере
-
мет сарайдың маңайындағы бау-бақтың күл-
талқанын шығарғысы келеді. 
Әрине, оның: «Осы бір мәңгілік махаббат
-
ты суреттегенде менің мақсатым аңыздың өзі 
емес, оның ішкі мазмұнына үңілу болатын, аңыз 
қосалқы себеп қана» дейтіні бар.
Дегенмен мұнда Науаи өзіне мұраға қалған 
жоспардан алыстай алды, алайда сюжет
-
ке өзгеріс енгізу оңайға соққан жоқ. Низами 
бозбалалық іңкәрліктің бірқатар кедергілер сал
-
дарынан адам есінен танарлықтай құштарлыққа 
жеткізетінін көрсетуді өзіне мақсат етіп қойды, 
бұл құштарлықтың жойқындығы соншалық, 
оның бастапқы объектісі Ләйлі ақырында 
ғашығына керек болмай қалды. Мәжнүннің 
өзінің қиялындағы Ләйлісінің мінсіз бейнесіне 
құлай берілгендігі соншалық, қыз оған кәдімгі 
тірі жан ретінде енді керек емес боп қалды. Осы 
бір таңғаларлық психологиялық этюдтің негізгі 
мәні осында жатыр. 
Науаида бұндай бірнеше ауытқушылық 
сипат тағы сәттер екінші орынға шығады. 
Оның міндеті – ата-аналардың өз балаларын 
әбден билеп-төстеуінен туындайтын отбасы-
лық трагедияны көрсету. Осы бір маңызды 
әлеуметтік міндетке сүйене отырып, Науаи 
өз кейіпкерлерінің тағдырын барынша асқан 
сенімділікпен көрсетуге тиісті болды. Бұл 
кейіпкерлерін нақтылықпен суреттеу мүмкін 
болған жағдайда ғана іске асырылатын. Ол үшін 
Науаи өзінің жарқындығымен, психологиялық 
керемет нәзік тұстарымен оқырмандарды жау
-
лап алатын бірнеше шынайы детальдар енгізеді. 
Осылайша, поэманың бастауы – Мәжнүн 
махаббатының туындау тарихы түбірімен 
өзгерді. Мәжнүннің Ләйлімен көктемгі бақта 
кездесетін көрінісі – дүниежүзілік әдебиеттің 
ең керемет жарқын беттерінің бірі. Қорытынды 
бөлімге, яғни, Ләйлінің мәйітінің жанын
-
да Мәжнүннің өлімін суреттейтін бөлімге 
енгізілген өзгерістер де ғажап. Бұл көрініс ба
-
рынша жарқын суреттелген. Оқырман жылап 
тұрған Ләйлінің жақындарының ішінен ерекше 
көзге түскен тірі өліктің трагедиялық тұлғасын 
көреді. 
Осы көрініске байланысты Науаидың тағы 
бір қасиетін атап өткіміз келеді. Оның бейнелеу 
өнеріне деген махаббаты мен Гератта суретші 
миниатюристтерге көрсеткен жанашырлығы 
бәріне белгілі. Біздің ойымызша Науаидің өзінің 
бойында асқан суретшілік өнер жасырынып жа
-
тыр, бұған оның көптеген суреттемелеріндегі 
ғажайып әсемділік дәлел. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет