Біз серуенге шығамыз



бет40/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

20




Теректі бақылау
Тақпақ
Гүлдерге толы ауламыз,
Біз өсеміз, толамыз.
Бәріміз де ер жетіп
Үлкен жігіт боламыз.


Бақылау: Терек – ағаштардың бір түрі екені туралы түсінік беру, табиғатқа сүйсінуге тәрбиелеу.


Қимылды ойын: «Түйілген орамал»
Шеңберге тұрып, екі қолмен түйілген орамалды қағып алу, икемділіктерін арттыру. Ойын барысында достық және құрдастар арасында қарым -қатынасты, ойын шартын сақтауға үйрету.


Еңбек: Табиғат бұрышындағы жұмыс. Көшетті суару. Су бұрқақпен жапырақтарға су себелеу.
Балаларды табиғат бұрышындағы гүлдерді суарту, бүркіп шашу әдісін үйрету. Үлкендерге көмек көрсеткеніне риза болып, мадақтау. Еңбек етуге деген оңды қатынасқа тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар:
Балалардың ойын тақырыбын өз бетінше таңдап алуы, шығармашылық қаблеттерін, қимыл- әрекеттерін дамыту.





Ортаңғы топ


№ 21


Торғай, көгершін, үйрек құстарын бақылау.


Тақпақ
Ұшып, қонып жүр торғай,
Жем іздейді.
Серігіне табасын жегізбейді,
Құттай дәнді қиядан көзі шалып,
Байғұс сірә көрмейді өгіздерді.
Бақылау:
Құстардың көлеміне, түрі-түсіне, шығарған дыбыстарына қарай, аттарын айыра білуге, қимыл іс-әрекетіне назар аудару, қимылдарын салыстыру. Торғай секіреді, ал көгершін жүреді.


Қимылды ойын: «Көптерді қуып жет»
Жарысуға үйрете отырып, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Еңбек сүйгіштікке баулу.


Еңбек: Құстарды тамақтандыр
Құстарды тамақтандыруға және олардың қасында өзін-өзі ұстай білуге және құстарға қамқор бола білуге баулу.


Өз бетімен ойындар:
Балаларды тыныш және көңілді жағдайға қалыптастандыру. Тыныш жағдайда, әр балаға өзі сүйініп ойнайтын ойнауға мүмкіншілік беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет