Өзендегі мұздың еруін бақылау. Тақпақ «Көктемгі су» Н.Айытов
Қаусатып қар боранды Сарқырады бұлақтар
Көктем қайтып оралды Құлпырды сай қыраттар
Таулар тастап ақ тонын Сағым ойнап,көзді алып
Көк торғынға оранды Жақын тартты жырақтар
Бақылау: Көктемде күн қызуын мол шашып, күн жылына бастайтынын түсіндіру. Өзен мен көлдерде сең жүре бастайды.
Табиғат құбылыстарына деген байқампаздық пен қызығушылықты дамыту.Өз беттерінше қорытынды жасап, сөздік қорларын байыту.
Қимылды ойын:«Қояндар» Белгі бойынша қателеспей әрекет жасауға үйретуді жалғастыру (бастаушы айтады,бірақ өзі бөтен қимылдар жасайды). Өзенге секіру, жағаға секіру(жерде бір-біріне қарама-қарсы сызықтар). Ойын кезінде жаттығу жасауда, күш пен жігерлікті дамыту.
Еңбек: Өз қалауымен еріген қар бетіндегі қоқысты тазартады. Бірлескен еңбек әрекетіне қатыса білуге тәрбиелеу. Еңбек әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Өз бетімен ойындар: Әр бала өз қалауы бойынша ойындар таңдап алып ойнауға, ұжым болып ойнай білуге тәрбиелеу.
Ортаңғы топ
№ 13
Қардың алғашқы еруін бақылау Тақпақ Көктем Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада,орманда
Құстар әні төгілді.
Бақылау: Балалардың назарын қардың алғашқы еріген тұстарына аудару, неліктен барлық жерде бірдей қар кетпейді.(ең алдымен жазық жерлер мен төбелердің қары ериді, себебі ол жерге күн көзі мол түседі.) Күн сәулесі мен жарық жердің қарлары тез еритіндігі туралы балаларға түсіндіру. Байқампаздықты дамыту.
Қимылды ойын: «Жүгір-отыр-жүгір!» Белгі бойынша әрекет жасауды дамытуды жалғастыру.(«Жүгір!»-балалар алаңда жүгіреді, «Отыр!»-отырады); жылдамдықты (бұйрықты тез орындау). Күнделікті белсенді қимыл әрекеттерін қалыптастыру.
Еңбек: Терезе алдындағы бақша (суару) Өз бетімен суару ережесін орындауды үйрету, топырақты қопсыту,су бүрку.Ұқыптылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Ойын барысында бірігіп 2-3 рөлден тұратын ойындарды құрдастарымен бірігіп ойнау. Ойын әрекетін орындау.