Тақпақ Көк орманда көп ағаш,
Өскен жақсы аралас.
Ең әдемі меніңше,
Құс ұясы бар ағаш.
Бақылау: Балалармен бүршіктерді бақылау. Балаларға ісініп бүр жарып тұрған бүрден жапырақтар шығып келе жатқанын көрсету. Күн жылынғанда ағаштардың бүршіктері ісінеді, содан жапырақтар пайда болатынын түсіндіру
Тәжірибе: Құмырадағы бұтақ жылы жерде тез бүршік жарады
Қимылды ойын: «Лақтырып қағып ал» Ептілікті, шапшаңдықты ,тапқырлықты талап ету.
Еңбек: Балалар үлкендермен бірге көшет отырғызады.
Өз бетімен ойындар: Жақсы көретін ойыншықтармен ойнау. Ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.
Ортаңғы топ
№ 17
Аққайыңның шырын бөлген уақытын бақылау Тақпақ Көк орманда көп ағаш
Өскен жақсы аралас
Ең әдемі меніңше
Құс ұясы бар ағаш
Бақылау: Балалардың назарын ақ қайыңға аудару. Көктем келісімен ағаштардың шырындық қозғалысы болатынын атап өту. Бұл жағдай көктемде еріген қардың суын тамыры арқылы жұтып, шырын бөліндісі содан пайда болатынын түсіндіру. Ол қыс бойғы өсімдіктердің тағамдық қорының еруінен пайда болатын ерітінді. Балалардың қызуғышылығы мен қабілетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Қимылды ойын: «Орман дақтары»Балалардың өз бетінше ойынды ұйымдастыра білуін дамыту. Ойын шарты бойынша. Ағашқа арқасын беріп тұрған, қос қолымен ұстасып тұрған баланы қозғауға болмайтынын айту. Ойынға деген қызығушылықты арттыру.
Еңбек: Ағаштың жан-жағын дөңгелетіп қопсыту,еңбекке тәрбиелеу. Жалпы пайда үшін еңбектенуге үйрету.
Өз бетімен ойындар: Бірлескен іс-әрекет барысында ереже мен тәртіп нормаларын белсенді қолдана білуге ынталандыру.