Біз серуенге шығамыз



бет41/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

22




Көктемде ұзақ, тырна, қараторғайлардың ұшып келуін бақылау
Жұмбақтар
Ұзақ тектес құс,
Шiркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс. (Қараторғай)

Талдың басында,


Жемi бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы. (Құс ұясы)
Бақылау: Көктемнің келуімен жәндіктердің жандануына байланысты, құстар көбейеді. Қар ерігенде ұзақтар құрт-құмырсқаны қарағылықпен іздеп шұқынады. Шұқынуына көңіл бөлу керек. Құстарға қамқор болуға баулу.


Қимылды ойын: «Құлыншақ» (ұлттық ойын)
Тізесін жоғары көтеріп, шеңберді айнала отырып, алға секіре білуге үйрету. Арқашықтықты сақтай білу, белгі бойынша кері жүруге үйрету, балалардың ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.


Еңбек:
Ауладағы жұмыс. Көшеттерді отырғызу. Балаларды бақта жұмыс істеуге баулу, гүлзар қазу, суару. Еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: «Үй»
Балаларды 2-3 рөлге бөлу, ойын барысында бірлесу дағдыларын қалыптастыру.



Ортаңғы топ

23




Құс үйшіктерін бақылау


Жұмбақ
Шым тостаған
Далаға кім тастаған?
(Құстың ұясы)


Бақылау:
Тұмсығымен тістеген шөп, жүн-жұрқаны ұясына алып келген қараторғайды бақылау. Үй алдында ән салуын, қанат қағысын, басын шұлғып тұмсығын кеңінен ашады. Құс үйшігінің жанында, балаларды өзін байсалды ұстай білуге тәрбиелеу.


Қимылды ойын: «Өрт сөндірушілер»
Гимнастика баспалдағынан жүру, балалардың өздерінің қимыл қозғалыстарын үйлестіре алуы. Сорғышты шайқау. Балалардың белгі бойынша қимыл әрекетін дамыту.


Еңбек:
Жер қазу жұмысы (ағаштардың түптерін қопсыту, құрғақ жапырақтарды жинау).
Балаларды құрғақ жапырақтарды жинауға қатыстыру, белгілі бір жерге апарғызу. Балаларды тазалық пен еңбек етуге тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: «Гараж»
Балалардың құралдарды дұрыс пайдалана білуге үйрету. Ойын барысында «жол» салуға басшылық жасау. Танымалы ойындарды өз қатарларымен ұйымдастыру қабілетін арттыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет