Ортаңғы топ № 28 Жидектерді бақылау (құлпынай, бүлдірген). Жабайы өсетіндерді салыстыру.
Тақпақ: «Қып-қызыл мына алманы-ай!» С.Оспанов
Қып-қызыл мына алманы-ай,
Алма емес, нағыз арман-ай.
Алманы үзіп алайын,
Өссеңші, бойым, сәл ғана-ай.
Бақылау: Балаларды балабақша алаңында өсетін жидектермен таныстыру, олар жайлы білімдерін жетілдіру. Жидектердің ақшыл түстісін жұлуға болмайды, себебі олар әлі піспеген, ал қызылдары – піскен, оларды жинауға болады, бірақ үлкендердің рұқсатымен. Жидектерді дұрыс үзуге үйрету. Жабайы өсетіндер – тауда, далада өсетін жидектер екендігін түсіндіру.
Қимылды ойын:«Көжектер» Топпен ойнаудың әдістерін, белгі бойынша ойнауды түсіндіру. Ұжымдық қасиеттерін қалыптастыру.
Еңбек: Құлпынай атызын қопсыту. Өсімдіктерді өз еркімен күте білу. Өсімдікке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Балаларды өзінің орнын сақтауға үйрету.
Ортаңғы топ № 29 Жәндіктерді бақылау ( көбелек, қоңыз, сары маса, шегіртке) Жұмбақ Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көрейік,
Шешуін кім табады? (Қоңыз)
Бақылау: Жәндіктердің атаулары туралы білімдерін бекіту – сары маса, көбелектер атауларын ажырату т.с.с олардың негізгі түр пішіндері жайлы мағлұмат беру – гүлдің бетіне отырғанда жапырағына көбелектің үлкен қанаты ұқсайды, сол кезде ол көрінбей кетеді. Шегіртке көк түсті, ол судың ішінде көрінбейді т.с.с олар өз орнынан қозғалған жағдайда. Олардың қауіпті және қауіпті емес жақтарын айтып өту.
Қимылды ойын: «Ұшады, не ұшпайды» Құстар, жануарлар, жәндіктер туралы білімдерін бекіту. Оларды аттары бойынша ажырату, дабыл берілгеннен бастап балалардың білгірліктерін анықтау. Ойынның шартын сақтау арқылы балаларды ойынға тарту, ойынды өз беттерінше үлкендердің көмегісіз ойнау.
Еңбек: Гербарий жасау. Ересектердің тапсырмасын жауапты және өз бетінше орындауға үйрету.Өсімдіктерге деген сүйіспеншілігін туғызу.
Өз бетімен ойындар: Ойынтүрін таңдауындағы дербестiк, әрекеттiн жетiлдiру.