Ортаңғы топ № 26 Дәрілік өсімдіктерді бақылау (шақпа шөп, сасық шөп, үлкен жапырақтар т.б.)
Жұмбақтар Қай өсімдік болады
Болмасада ең көркем
Шипалы шөп ... (Жолжелкен)
Өзіне шап-шақ
Киген қалпағы аппақ
Далада тұр қаптап (Бақ-бақ)
Бақылау: Балабақшаның ауласында өсіп жатқан өсімдіктерді тану, аттарын есте сақтауға үйрету. Дәрілік өсімдіктерді қандай өсімдік, қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы балаларға түсіндіріп өту. Мысалы: түймегүлді – антисептикалық емге, шакпа шөпті – дәрумендер бар т.с.с.
Қимылды ойын: «Қиын өткел» Жан жақтыға ұқыпты, тиянақты болу керек екенін айтып өту, ойынның шартын қадағалау. Ойын ойнап жатқанда балалар достарына көмектесу, бір-біріне деген қарым-қатынастарын ояту.
Еңбек: Емдік өсімдіктерді топтастыру Балаларды емдік өсімдікті жинауға шақыру, оларды табу. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйрену.
Өз бетімен ойындар: Балаларды ойын уақытында бір-бірімен араласуды, ойыншылардың тәртібіне өзінің қарым-қатынасын білдіруге машықтандыру.
Ортаңғы топ
№ 27
Шөпті өсімдіктердің гүлденуін бақылау. Тақпақ; «Гүл» А. Меңжанова
Қызыл-жасыл гүл егіп,
Баптап, күттік, түрлеттік,
Апта сайын суардық.
Гүлдендірдік ауланы,
Аулада гүл қаулады.
Бақылау: Бұл өсімдіктердің шалғындарда өсетінін, сол себепті жарықты жақсы көретінін түсіндіру. Балаларды алаңда өсетін шөп-шалаңды өсімдіктермен таныстыру; өсімдіктің дамуы мен өсуі жайлы түсініктерін қалыптастыру; өсімдіктің жеке құрылымымен таныстыру (тамыр,сабағы, жапырақ, гүл,тұқымы), олардың әр өсімдікте әр түрлі екендігін түсіндіру: шөп-шалаңды өсімдіктер гүлдейді.
Қимылды ойын: «Көбелектер, бақалар» Екі топқа бөліну, ойын ережесін сақтау (ешкіні ұстап, бір аяқта қозғалу, жүргізуші сенің белгіңді атаған кезде ғана жүгіру). Шыдамдылыққа үйрету.
Еңбек: Емдік өсімдіктерді кептіру Өсімдіктерді жинауда жинақылыққа үйрету, айналаға пайдаңды тигізу, өз еңбегінің өлшемін білу,қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтау.
Өз бетімен ойындар: Әр балаға өзіне ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік беру.