Құстарды бақылау. (торғайларды, көгершіндерді, сары шымшықтарды)
Жұмбақ Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді. (Бұлбұл)
Бақылау: Қыстайтын құстарды ажыратуға (үлкендігі, түсі, дауысы бойынша); суық күндері және жылы күндері олар өзін-өзі қалай ұстайтынын, бақылауға үйрету. Құстар ағаштардың және бұталардың тұқымдары мен жемістерімен, жәндіктердің дернәсілдерімен қоректенетіні туралы түсінігін кенейту; құстарға қыс мезгілінде адам көмегі қажет екенін түсіндіріп, құстарға деген қамқоршылығын дамыту.
Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты» Қазақ халқының ойыны
Назарын, ойын ережелеріне сәйкес қозғалыстарды орындауды дамыту (құстар жайлы айтылғанда қолын көтеру, ұшпайтын зат айтылғанда қолын көтермейды).
Еңбек: Мұз жолын дұрыстау. Ересектерге көмек көрсетуге деген ынтасын дамыту, ересектерге көмек көрсетудегі балалардың бастамаларын құптау.
Өз бетімен ойындар:Шаңғы тебу Біріккен жұмыс жасау үшін балалардың шағын топтарға бірігуін қолдау. Балалардың ойындарды ұйымдастыруда дербестігін және бастамашылығын дамыту.
Ортаңғы топ
№ 20
Ағаштарды бақылау
Көркем сөз Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі
Бақылау: Сыртқы белгілеріне қарап ағаштардың 2-3 түрін (шырша,қайың,терек) танып, ажырата білу. Маусымды өзгерістер кезінде ағаштарды бақылау, жапырақтарының азаюына назар аудару. Жапырақтардың жазда және күзде қандай түсте болатынын анықтау.
Қимылды ойын: «Аталған ағашқа жүгіріп бар» Бейнеленген сипатты белгілер бойынша ағаштың атауларын білу. Сигнал бойынша жұмыс істеп, алаңда бір-біріне соқтықпай орын ауыстыруға үйрету.
Еңбек: Ағаштардың арасындағы қурап қалған бұтақтарын жинау. Ұжымдық тапсырмаларды орындап, бірлескен тапсырма дер кезінде аяқтауды үйрету. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Әткеншек тебу Ойын барысында достық қарым-қатынас бірлестігін жетілдіру.