Жұмбақ Ақ сандығым ашылды,
Ішінен дүрлер шашылды (Күнннің көзі)
Бақылау: Күннің шұғыласын бақылау, балалардың ойнауына қандай әсер беретінін түсіндіру. Кішкентай айнамен «сәулелі қоян» деген ойынды ойнату.
Қимылды ойын:«Ақсақ түлкі» (татар халық ойыны)
Санамақ арқылы жүргізуші таңдап алу. Ойын барысында бір-біріне соқтықпай,кедергі келтірмей жүгіруге үйрету.
Еңбек:Жолдарды қардан тазарту Берілген тапсырманы жауаптылықпен орындату. Өз еңбегінің нәтижесін көруге, бағалауға үйрету.
Өз бетімен ойындар: Өз бетімен атрибуттар мен көмекші-заттарды таңдай білуін, ойын шартын орындауға талаптандыру, мадақтау.
Ортаңғы топ
№ 4
Желді бақылау Жұмбақ Көзіне көрінбейді,
Қолына ілінбейді.
Бірақ та құлағына,
Ұдайы күбірлейді. (Жел)
Бақылау: Ауа райы қалпы: жел соғып тұр, өте жылы (сыртқы сипатына қарай), оның бағыттарын анықтап, балалардың байқағыштығын дамыту.
Қимылды ойын:«Түрлі-түсті автокөліктер» Ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.
Еңбек: Өсімдіктерге су құю Балалар тәрбиешінің басқаруымен пайдалы еңбек әрекетімен аулада айналысады. Өз бетімен өсімдіктерді суаруды үйренеді қалыптстыру (суару тәртібін сақтау). Өсімдіктерге ұқыпты күтуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Айналада ойын Ұялшақ және жасқаншақ балаларға ұжымдық іс-әрекетке араласу үшін барынша ыңғайлы жағдай жасау.
Ортаңғы топ
№ 5
Аспанды бақылау
Жұмбақ: Орманның, таудың үстінен
Ірі кілем төселген
Менің де, сенің де
Үстіңнен жайылған
Бірде сұр, бірде көк,
Бірде көгілдір. (Аспан)
Бақылау: Аспанды бақылауды жалғастыру. Оның қою-көк, ашық және өте әдемі болатынына назар аударту. Тірі және өлі табиғатта болған өзгерістер арасында жай байланыстарды орнатуға үйрету (бұлт жоқ, ашық аспан,ақша бұлттар, күн шуағын шашып тұр, жылы); қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
Қимылды ойын:«Қоңырау» Балаларды қол ұстасып, шеңбер бойынша қозғалуды, әр тарапқа жүгіруді бекіту, гимнастикалық баспалдаққа, орындыққа мінуді үйрету (ойыншыны ұстап алғанда ғана қоңырау шалып үлгіру). Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Еңбек: Тұқымды отырғызу. Топырақты жәшіктерге өз беттерімен салуды үйрету, оған тұқым себу. Құралдарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Дәлізде ойынға, оқу іс-әрекетіне қолайлы жағдай туғызу. Ауа райына байланысты жағымды тәртіп дағдыларын қалыптастыру.