Біздің қоғамда ықпалды топ­ тар әлі де бар. Лоббизм арқылы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата07.04.2017
өлшемі4,55 Mb.
#11302
1   2   3   4   5   6

Басы 1-бетте

осы басқосуда белгілі болғандай, бү­

гін гідей  қаржылық  дағдарысты  рухани 

дағ да рысқа  ойыстырмай,  ұлтқа  қатысты 

тү йінді  мәселелерді  бірігіп  шешуге 

ұмтылыс жа  сау керек екені аңғарылды.

қазіргі  экономикалық  қиындықтарды 

ең  серу жолында, басқа да бюджеттік ме­

ке ме қызметкерлері сияқты мәдениет са­

ла сының  барлық  мамандарының  айлық 

жа  лақылары 25 пайызға өскенін айтып өт ­

кен министр «ұлттық театр» деп аталатын 

неміс,  корей,  ұйғыр  театрларының  ма­

мандарының жалақылары осы театрларға 

ака демиялық  мәртебе  берілуіне  бай­

ланысты  екі  есеге  дейін  көтерілгенін 

тіл  ге  тиек  етті.  аталған  саладағы  жа­

ғым ды  жаңалықтардың  бірі  –  Шәкен 

ай  манов  атындағы  «қазақфильм»  ки­

но студиясының  биылдан  бастап  ұлт тық 

та қы рып тарға  біржолата  бет  бұр ған ды­

ғы.  онда  бүгінгідей  тиын­тебен  тап шы­

лы ғына  қарамастан,  министрліктің  жос­

па рына  сәйкес  отандық  фильмдер  мен 

се  риалдарды  түсіру  жұмыстары  қолға 

алы нуда. 

Десек те, сала басшысы кейбір отандық 

те  ле­ра диокомпаниялар мемлекеттік тіл ді 

мансұқ  етіп,  тым  құрығанда,  тілге  қа тыс­

ты  50  де  50  заң  талабының  өзін  орын­

да май  отырғандығын  осы  мәселеге  жа­

уап ты  лауазым  иелеріне  қатаң  ескерту 

жа  са ды.  бұған  қоса,  мұхтар  абрарұлы 

қа  зақ  стан театрларының барлығын дерлік 

жа  ңа заман талаптарына сай арнайы тех ­

Мәдени дағдарыстың 

алдын алуға кірістік

никалық  құралдармен  жарақтау  ке рек ­

ті гіне  тоқталды.  осыған  байланысты: 

«бү  гінде астанадағы театрларға бар бол­

ға ны  400­500  ғана  адам  келеді.  ал  ал­

ма  тыдағы  театрларға  600­700  адам  ба­

ра  ды.  Сол  себепті  біз  көрерменге  қазақ 

опе  ра сының  мүмкіндігін  жеткізе  алмай 

жа  тырмыз.  осы  кемшіліктің  орнын  тол­

ты ру  үшін  ұлттық  телеарналарымыз  «қа­

зақ  стан» мен «Хабарға» арнайы тапсырма 

бе  ріп,  қазақстандағы  опера  және  балет 

теа  трларының  бүкіл  репертуарын  осы 

за манғы  сандық  таспаға  түсіруді  көздеп 

отыр мыз.  бұл  бағыттағы  жұмыстар  қа­

зір   дің  өзінде  басталып  кетті»,  –  деді  ми­

нистр. 

мәдениет мәселелерінің әрқайсысына 



жеке­жеке тоқталған сала басшысы со ны­

мен  қатар  ендігі  уақытта  еліміздің  жас та­

ры  «болашақ»  бағдарламасы  бойынша 

ше тел дердің  ең  үздік  деген  беделді  көр­

кем  дік  жоғары  оқу  орындарында  білім 

ала тын ды ғынан хабар берді. 

тағы бір айта кетерлік жайт, мәдениет 

жә не  ақпарат  министрлігі  білім  ми нис­

трлігімен бірлесіп келесі жылы қа зақ стан 

мәдениеті  мен  археологиясы,  эт но гра­

фия сы  мен  тарихы  жөніндегі  кітаптарды 

басып шығаруды жоспарлапты.

мәжілісте  мемлекеттік  тілге  мәртебе 

бе   ріп сөй леген министр тіл мәселесін қол­

дау ісінде, әсіресе отандық ақпарат жүйесі 

же  місті  де  нәтижелі  еңбек  ету  керектігін 

атап өтті. 2010 жылға дейін «мемлекеттік 

тіл»  бағ дар ла масы  бойынша  барлық 

мем   ле   кет тік мекемелердегі іс­қағаздарын 

жүр   гі зу  қазақ  тіліне  көшуі  міндетті  екенін 

ес  керсек, атқарар шаруа шаш етектен еке­

нін аңғару қиын емес. 



«Уақыт тығыз, сөз қысқа» демекші, қысылтаяң кезде 

тығырықтан шығу да оңай емес. Әйтсе де,  «бізге басқаны емес

бірінші кезекте ақпараттық жүйені қазақыландыруға тырысу 

қажет» дегенді айтқан министрдің алдында таудай болып 

шешімін күтіп тұрған түйінді міндеттемелер баршылық. 

Жалпы, жиын барысында қамтылуға тиіс мәселелердің бәрі 

айтылғандай. Ендігі меже: сөзден – іске.

тымын. өйткені апам түсіме еніп 

жүр»  деп  сөз  соңын:  «керімнің 

есінде  қа лар  ма  екем?»  –  деп 

бітіріпті.  Сөйткен  Шаһ ке рі мі  бү­

гін де  жиырмаға  жетіпті.  бір  қы ­

зығы,  балаларының  ішінен  әке 

жолын  қу ғаны  да  осы  кенжесі 

екен. 

Шаһкерім ЖӘНІБЕКұлы: 

–  Әкем  менің  санамда 

адамгершіліктің  эталоны  ретінде 

сақталыпты. Кейде өзім нен үлкен 

Әсет  пен  Ақботаға  қарап  оты­

рып,  қызғаныш  сезімі  туады. 

Олар  әкемнің  қа сында  жүріп 

еркелеп өсті, ал мен болсам әкем кеткенде 

тіпті  есімді  де  білмейтін  сәби  бол дым. 

Сондықтан өмірдің қыспаққа ал ған кейбір 

сәттерінде әкемнің құшағын, ала қанының 

жылуын  іздеп,  «тым  болмаса  тү  сіме 

енсе» деп тілеймін. Дегенмен «жақ сы әке 

жаман ұлға қырық жыл азық» дейді ғой, 

шынымен, әкем бізге әлі күнге рухани азық 

болып келеді. «Жәнібек Кәрменовтің ұлы» 

деген – мен үшін ең үлкен құрмет!  

Сары ұйғырлар, негізінен, қытайдың 

Гәнсу провинциясында тұрады. Саны аз, 

жойылып бара жатқан халықтардың бірі. 

өздерін  «ойлық»  немесе  «гортағлық» 

деп  атайды.  тілі  мен  мәдениеті  қытай, 

моңғол, тибет халықтарының ықпалына 

түсіп, қатты өзгеріске ұшыраған. 

атап  айта  кеткіміз  келетіні,  сары  ұй ­

ғыр ларды қарлұқ то бын дағы ұйғыр лар­

мен  ша тас ты ра тын дар  көп.  бі рақ,  шын 

мәнінде,  бұл  екі  ха лық тың  ұқсастық­

тарынан гөрі айыр ма шы лық    тары ба сым. 

Сондықтан  ғы лымда  олар  ды  «сары лар» 

деп  те  атайды.  Га зе ті  міздің  бұған  де­

йінгі  сандарында  аты  ұқ са ғанмен  за ты 

ұқсамайтын  «қы рым  татар лары»  мен 

«татарлар»  туралы  ег жей­тег жейлі  жаз ­

ған едік. бұл арада да дәл сон дай салиқа­

лықпен қараған дұ рыс. Са ры ұйғырларға 

керісінше  қыр ғыз  дар,  хакас тар,  якуттар 

мен ал тай лық тар әл де қай да жа қын.



Көне түркі  

жазуын үйренейік

Көне түркі алфавитіндегі 

барлық әріпті түгендеп, 

қиындысын редакцияға 

жолдаған оқырманға бәйге 

беріледі. 

Жіңішке нұсқасы – 



Б - 

Түбі бір түркі жұрты

Бәйге!

«Сауда-саттық» сөзін 

көне түркіше жазыңыз.

Сары – 

«Асағанда құлағың сілкінсін,

Тістегенде жүрегің жұлқынсын»

Түркі нақылы

САРы ұйҒыРлАР (САРылАР)

Жалпы саны: 

8000 мың 



Әкімшілік аумағы:  қытай

Тілі: 

қытай, 


 

сарыұйғыр тілі



Ата кәсібі: 

мал шаруашылығы,

 

сауда­саттық



Діні: 

тәңірі діні, буддизм, 

 

шаманизм


Антропологиялық 

моңғолоид



пішіні: 

Туыстас халқы: 

алтайлықтар,

 

қырғыздар



РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№55 (55) 



16.04.2009 жыл, бейсенбі

www.alashainasy.kz

6

?



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

дат!


экология

Қылмыс


–  Өзіңіз  басқарып  отырған  Химия 

ғылымдары мен Органикалық ката лиз 

және  электрохимия  институттарының 

ғалымдары  акцияларды  «Самұрық» 

мемлекеттік  холдингіне  беру  арқылы 

ғылыми-зерттеу институттарын қайта 

құруға қарсылық білдірді. Арты дауға 

ұласты.  Орын  алған  түсінбестіктердің 

анық-қанығын өз аузыңыздан естісек 

дейміз.

–  Химия  ғылымдары  институтын 

отандық химия ғылымының іргетасын қа­

лау шы,  қазіргі  ғылымның  негізі,  күре та­

мыры десек те артық айтқандық емес. Біз­

дің  институтта  жылына  150­ден  астам 

сту дент дәріс алып, олар білікті мамандар 

қатарын толықтыруға өзінше үлес қосуда. 

Ұлттық  даму  институттарының  қаржылай 

және  маркетингтік  қолдау  көрсетулерінің 

нәтижесінде біздің институт соңғы үлгідегі 

технологиялық  өнімдерді  игеруде  соны 

жетістіктерге  қол  жеткізіп  отыр.  Атап  айт­

сам,  мұнай­химия  өнімдерін  өндірудің 

жа ңа  катализаторларын,  косметикалық 

лано лин өндіру, жұмсақ полимерлі табақ­

тар  мен  электроизоляциялық  жабын дар 

және сапалы тыңайтқыштар өндіру сияқ ты 

осы заманның қажеттіліктерін қа на ғат тан­

дыруда  ауқымды  жұмыстар  атқарып  ке­

леді. 

Қарсылық  білдірген  себебіміз,  іргелі 



ғылым ошағы мемлекет қарамағында қал­

сын дедік. Бұл – жалғыз біздің ғана жанай­

қайымыз емес, ғылыми орта айтып жеткізе 

алмай  жүрген  дат.  Қуаныштысы,  үкімет 

өзінің  28  наурыз  күні  отандық  БАҚ­тарда 

жарық  көрген  қаулысымен  іргелі  ғылым 

нысандарын  мемлекет  меншігінде  қал­

дырып  әрі  заңдық  нормамен  акционер­

леуге яғни жекешелендіруге тыйым салын­

уын қамтамасыз ететін шешім қабылдады. 

ондай болса, бұл оң қадамның Елбасының 

алдыңғы  қатарлы  елдер  қатарына  ену 

бағытындағы  ұзақ  мерзімді  жоспарына, 

индустриялық­инновациялық 

дамуға 

толық мүмкіндік беретініне күмәнім жоқ. 



– Ғалым ретінде сіздің елдегі химия 

саласындағы  ахуалға  қандай  баға 

беретіндігіңізді  білсек  дейміз.  Қалай 

ойлайсыз,  тыңайтқыштарды  экспорт-

тауға мүмкіндігіміз бар ма?

– экспортты былай қойғанда, тыңайт­

қыш  еліміздің  өзінде  тапшы  болып  отыр. 

Ал егер тыңайтқыш экспорттайтын болсақ, 

экономикамызға зор үлесі тиер­ақ еді. Қа­

зір Үкімет басшылығы «бақ сынап көрсек» 

деп  жатыр,  кім  біледі  қалай  боларын... 

Әлем дік  рынокқа  шығуға  бөгет  болып 

отыр ған  біраз  шаруаларды  еңсеруге  тура 

келіп  тұр  оларға.  менің  ойымша,  тығы­

рық тан шығу үшін, ең алдымен, минерал­

дық тыңайтқыштардың құнын төмендетудің 

жол дарын  қарастырған  жөн  сияқты.  көп 

түйін сонда шешіле түседі деп ойлаймын. 

осы тұста айта кетейін, қазір алға қойы­

лып  отырған  міндеттер  зор.  Атап  айтсам, 

минералдық  тыңайтқыш  өндірудің  жыл­

дық  көлемін  2014  жылы  3  миллион  тон­

наға жеткізу жоспарланып отыр. оған «кү­

дігім  бар»  немесе  «сенімім  мол»  деп  те 

айт   пай­ақ қояйын. оның нәтижесін уақыт 

көрсете жатар. 

Жалпы айтсам, егер фосфор, азот және 

басқа  минералдық  тыңайтқыштар  өндір­

сек,  оны  бүкіл  дүниеге  таратудың  қиын­

дығы  болмас  еді,  өйткені  қазір  тыңайт­

қышқа зәру болып отырған елдер өте көп. 

яғни  өздеріңіз  білесіздер,  астық,  ет,  сүт 

сияқты  сұранысы  өте  жоғары  өнімдер 

өндіру  тікелей  тыңайтқыштарға  байла­

нысты. 

Құрамында әртүрлі фосфоры бар өнім 



өндіруге, атап айтсам, фосфаттар негізінде 

фосфор қышқылы, фосфор қышқылының 

тұздарын  шығаруға  біздің  қабілетіміз  же­

теді  деп  ойлаймын.  Әсіресе  ауыл  шаруа­

шы лығына  аса  қажет.  Тыңайтқыштың  бұл 

түрін  тасымалдай  алмай  отырғандығы­

мыз дың негізгі себебі сол қоспаларға кеп 

тіреліп  тұр.  Егер  сөз  болып  отырған  қос­

палар  дан тазартсақ, фосфор тыңайтқыш­

тарын  тіпті  жоғары  бағамен  экспорттауға 

да болар еді. 

– Еліміздің химия өнеркәсібін бүгінгі 

күнгі  экономикамыздың  қай  бағы-

тында дамыту тиімді деп ойлайсыз?

– Химия өнеркәсібін дамытудың жалпы 

әлемдік ағымы дамыған елдерде мұнайды 

мономерлік  және  полимерлік  материал­

дарға  дейін  тереңдете  өңдеу  технология­

лары  мен  процестеріне  бағытталған.  Ал 

біздің  елдегі  өнеркәсіп,  өкінішке  қарай, 

мұнай ды алғашқы өңдеу процестеріне ға­

на негізделген.

Біз жер қойнауындағы химиялық шикі­

зат  қоры  жағынан  дүниежүзіндегі  ең  ау­

қым  ды елдердің бірі қатарындамыз. соған 

қарамастан,  Қазақстанның  химия  өнер­

кәсібі қазіргі кезде дамыған елдермен са­

лыс  тырғанда,  екі  ұрпаққа  артта  қалып 

келеді. Қазір барлық елдерді толғандырып 

отыр  ған бір ғана мәселе – әлемдік деңгей­

де  белең  алып  келе  жатқан  қаржылық 

қиын  дық тар мен азық­түлік тапшылығынан 

қа лай да аман шығу. 

«Қай  бағытты  ұстансақ  дұрыс  болар 

екен» деп сұрап отырған екенсіз, осындай 

сын  кезеңде  біздің  химия  кәсіпорындары 

өндіріп  жатқан  минералдық  тыңайт қыш­

тарды  еселеп  шығарсақ  әрі  тиімді,  әрі 

ұтымды, әрі пайдалы іс болар еді. мине­

рал дық  тыңайтқыштарды  өндіруді  артты­

ру ға  қазір  Елбасы  да  айрықша  мән  беріп 

отыр. 

2009­2015  жылдарға  арналған  «Қа­



зақ  стан  Республикасындағы  химия  өнер­

кәсібінің  даму  жолының  картасы»  деп 

аталатын  жобаны  жүзеге  асыруға  біздің 

институ тқа да зор міндеттер артылмақ. 



– Еліміздің химиялық өнімдерінің 

экспорттық бағасы көңіліңізден шыға 

ма?

–  отандық  химиялық  өнімдердің  экс­

порт тық бағасы рыноктағы жалпы әлемдік 

құн  арқылы  реттеледі  және  ҚР  Үкіметінің 

кедендік  жинақтарымен  бақы ла нады. 

Бірақ экспортталатын өнімдердің тар шең­

бер лі тізіміне, негізінен, алғашқы өңдеуден 

өткен мұнай өнімдері мен мұнай шикізаты 

ілініп, олардың бағасы айтар лықтай дәре­

жеде  әлемдік  шикізат  рынок тарындағы 

мұ най  бағасына  тәуелді  болып  отыр.  Еш­

кім ге  таңсық  емес,  отандық  өндірістердің 

сұ ра ны сын жабатын химия лық өнімдердің 

басым бөлігі шетелдерден сатып алынады. 

олардың бағасы әлемдік бағадан 2,0­2,5 

есе қымбат. сонымен қатар, оларды мер­

зімінде жеткізу – өз ал дына басқа про б ле­

ма.  Бұл  біздің  отандық  өндірістердің  қуа­

тын  әжептәуір  төмендетуге  әсер  етіп 

отыр  ғаны тағы бар. 



–  2000  жылдардың  бас  шеніне 

дейін фосфор тыңайтқыштары әлемдік 

өндірісте  өсу  мен  құлдырауды  бастан 

кешірді. Қазіргі жағдайға қандай баға 

бере аласыз? 

– Анау бір жылдармен салыстырғанда, 

жағдай  тұрақтанып  келе  жатқан  сияқты. 

1986  жылы  оған  деген  сұраныс  көлемі  1 

млн  тоннаны  құраған  болатын.  Ал  1987­

1991  жылдары  оның  көлемі  480,2  мың 

тоннаға  дейін  төмендеді.  Тыңайтқыш тар­

дың  ең  аз  көлемде  пайдаланылған  кезі 

1998  жылы  көрініс  берді.  Бар  болғаны 

10,7  мың  тонна.  одан  кейін  2002  жылы 

оның көлемі біршама өскен болатын. со­

ның өзінде ол 18,48 мың тоннаны ғана құ­

рапты.  Тыңайтылған  егістіктер  болса  0,8 

пайызға ілдалдалап әрең жетті. Қазіргі кез­

де сұраныс қарқыны өсіп келеді дер едім. 

яғни фосфор тыңайтқышын өндіру 200,0 

мың  тоннаға  дейін  жетті.  Ал  2008  жы лы 

мемлекеттің тағы 130,0 мың тонна тыңайт­

қышқа  субсидия  бергені  жұртшы лық қа 

мәлім. Бұл – қуанарлық жайт. 



– Химия өнімдері бойынша әлемдік 

рынокқа  шығуға  қандай  кедергілер 

бар деп ойлайсыз? 

–  Әлемдік  химия  өнімдері  рыногы 

орасан және ұйымдастырылуының өзі қа­

зір жоғары бағаға лайық. оған кім болса 

да тек аса сапалы тауармен ғана ене ала­

тыны түсінікті. Әйтсе де, оның бір бөлігіне 

таласуға болатын да шығар... Қалай бол­

ған күннің өзінде де, не нәрсені болса да 

таразыдан өткізіп, екпіндемей, барар жол­

ды бағамдап алған абзал. 

сондай­ақ  осы  уақытқа  дейін  белгілі 

болған  брендтерге  қарағанда,  экономи­

калық  жағынан  тиімді  болып  табылатын 

тауарлар  бағасы  маңыздырақ  па  деп  ой­

лай мын. 

осы тұста айта кетейін, біздің ел, мәсе­

лен,  фосфориттің  әлемдік  қоры  жағынан 

төртінші  орында  тұр.  Демек,  экспорттың 

әле уеті жоғары. соған қара мастан, Қазақ­

стан өнеркәсібінде химия саласының үлесі 

тек 1 пайызды ғана құрай ды. Елбасы Үкі­

мет ке  қазір  химия  өнер кәсібін  жетілдіру­

мен мықтап айна лысуды қатты тапсырды. 

Ал бұл сөз жоқ, химия өнімдерін арттыру­

дың  маңызды лығы  ескеріле  басталғанын 

аңғартып отыр. 

Қазір институт бағындыру дәрежесіндегі 

көптеген  инновациялық­технологиялық 

жобаларды қолданысқа енгізуге дайындап 

отыр. Бұл жобалардың жүзеге асуы Ұлттық 

инновациялық қор мен ҚР ғылыми қоры­

ның қаржылық және маркетингті қолдауы­

мен жүзеге аспақ. Жаңа өндірісті меңгеру 

отандық  технологияны  шикізаттар  мен 

материалдарды жоғары деңгейде өңдеуге, 

біздің химия өнеркәсібін дүниежүзілік на­

рық та  бәсекеге  қабілетті  жасауға  септігін 

тигізеді. 



–  Бұрқақ  бағдарлама  ретінде 

мұнай-химия  кластерін  таңдап  отыр-

мыз.  Әлемдік  рынокты  мойындата 

аламыз ба? Инвесторлар тартуда нәти-

желі істер бар ма?

–  Химиялық  кластер  –  болашағынан 

көп  үміт  күттіретін  әрі  тиімді  құрылым. 

Алайда  барлық  тығырықтан  шығудың 

негізгі жолы бұл емес. Тек бизнес пен на­

рық тағы  бірнеше  саланы  топтастырып, 

соның нәтижесінде жемісті ынтымақтастық 

құру үшін ғана қолайлы. Дәл қазіргі кезде 

кластер бізге еліміздің химия индустриясын 

дамытуға  аса  қажет.  инвесторларға  кел­

сем,  бізге  көз  тігіп  отырғандар  аз  емес. 

Білуім ше, осы 3­4 жылдың ішінде 15 мил­

лиар  дқа жуық инвестиция келеді деп күті­

лу де.


Нәтижелі  істердің  басы  енді  басталып 

жатыр. Негізі, Қазақстанды мұнай, газ жә­

не химия өнеркәсібі іске қосылғалы отыр­

ған сындарлы кезең күтіп тұр. 



–  Химия  институтының  құрыл-

ғанына 65 жыл болып қалыпты. Инсти-

тут несімен мақтана алады?

– иә, химия институты сонау 1945 жы­

лы құрылған­ды. Қазіргі таңда ең ірі ғылы­

ми  орталықтардың  бірі  саналады.  мұнда 

республика  көлемінде,  сонымен  қатар, 

шет  мемлекеттерді  мойындатқан  әртүрлі 

ғылыми мектептер қалыптасып, дамыған. 

институтта іргелі және қолдан балы зерттеу 

жұмыстары бірқатар салалар да, атап айт­

сам,  органикалық,  бейоргани ка лық  және 

физи калық  химия,  полимерлер  және 

моно мерлер  химиясы,  табиғи  физи оло­

гиялық активті заттар және мұнай салалары 

бойынша  сұранысқа  ие.  Қазіргі  кездегі 

өзектілігі басым нанотехнология, нанобио­

материал дар алу саласында да жұмыстар 

атқарылуда.  мұнай  өндіру,  өң деу  сала­

сында институттың көп ресурс тары пайда­

лы өнімдер мен тауарға жұм салу да. эколо­

гия лық  мониторингке  инсти тут  жағынан 

үлкен  назар  аударылуда.  мұ най  қалдық­

тарын  залалсыздандыру,  атап  айтқанда, 

күкірт  қалдығы  төңірегіндегі  проблема­

ларды шешу жолдарын қарас тыру ды қолға 

алып  отырмыз.  2009  жылы  ғарышқа 

аттанушы  ғарышкерлердің  кеме  бортын­

дағы зерттеу жұмыстарына инсти тут тың екі 

ғылыми  жобасы  қабылданды.  Тағы  бір 

айта  кетерлігі,  аталған  іс­шаралар  мен 

ғылыми­зерттеу  жұмыстарын  басшы лық­

қа  ала  отырып,  институтта  көп  бағытты 

мәсе ле лерді  шешу  мақсатында  шағын­

химия лық кластер құрылды.

– 

«Еурохим» 

компаниясының 

«Сары  тас»  зауытын  сатып  алғанды-

ғына қалай қарайсыз? Жалпы, аты әй-

гілі осы компания бізге не береді? Тым 

көп уәде береді деп ойламайсыз ба?

– «Еурохим» – әлемге әйгілі ұйым. ол 

өзінің  жұмысшылар  санының  көптігімен 

және техникалық, шикізат ресурстарымен 

әлемді мойындатуға беделі де, мүмкіндігі 

де  мол.  олардың  әлемдік  нарықта  нық 

тұрғанына  менің  күмәнім  жоқ.  олардың 

қазақ стандық  фосфор  өнімдеріне  назар 

аударулары  жайдан­жай  емес.  Химия 

өнеркәсібінің бұл секторы кейіннен Ресейге 

өтіп кеткені болмаса, ұзақ уақыт бұрынғы 

кеңес одағының дәл осы салалас өндіріс­

терімен бір болған еді. «Еурохимнің» біз­

дің  отандық  бизнеске  келуін,  өз  басым, 

қуана  қолдаймын.  сөз  жоқ,  мұндай  қа­

рым­қатынастар ресурстарымызды то ғыс­

тырып, қажетті ақпараттар алмасуы мыз   ға 

кең жол ашады. Ал олардың уәде лері қан­

шалықты нәтиже беретінін алдағы уақытта 

көрерміз. Тек жақсылық күтейік. 



– Біздің елде қауіпті жүктерді тасы-

малдау  ережесіне  сай  жөндеу  жүр-

гізетін  кәсіпорын  жоқтың  қасы.  Сон-

дықтан  украиндық  «Сереп»  пен 

«Азовмашқа»  тәуелдіміз.  Осы  тығы-

рықтан  қалай  шығуға  болады  деп 

ойлайсыз?

– Бұл – шынымен де, бүгінгі күннің ең 

өзекті  мәселелерінің  бірі.  Бұл  жерде 

украин   дық  кәсіпорындардың  дәл  қазір 

көмегі тимесе, анау айтқандай зияны жоқ. 

мен мұны кеңестік дәуірден қалған, содан 

бері бір шешімі табылмай келе жатқан бір 

түйткіл дер едім. Украинаның львов қала­

сындағы  апатты  еске  алайықшы.  Украина 

аумағында  Қазақстанның  «Қаз фос фат» 

ком паниясына  қарасты  фосфор  тиелген 

15 цистерна шойын жолдан шығып кетіп, 

апаттың арты айыптаулар мен үлкен саяси 

дауға ұласып кетті. 

Өкінішке  қарай,  тәуелсіздік  алғаны­

мызға,  міне,  неше  жыл  болды,  бізде  әлі 

күн ге  дейін  өзіміздің  қауіпті  жүктер  тасы­

малының  талабына  сай  жөндеу  жұмыс­

тарын істейтін кәсіпорын жоқ. 

–  Өткен  жылы  Балқаш  қаласында 

үлкен зауыт салынды. Қалай ойлайсыз, 

зауыт  алға  мақсат  қойғандай  «Қаз -

фосфат»  ЖШС-ін  шикізатпен  қам-

тамасыз ете ала ма?

–  Қайдам...  иә,  «Қазақмыс»  қазақ­

стандық  металлургия  корпорациясы  Бал­

қаш  тағы  мыс  балқытатын  зауыттың 

жанынан  күкірт  қышқылын  шығаратын 

зауыт салуын салды. оның жобалық қуаты 

1,2 миллионға есептелді. Басында­ақ бұл 

зауыт  «Қазатомпром»  ұлттық  атом  ком­

паниясының сұранысын қамтамасыз етуге 

бағытталған  еді.  Балқаш  күкірт  қышқылы 

зауытының пайдалануға берілуіне байла­

нысты  өткен  жылдың  соңына  қарай 

жергілікті  рынокта  күкірт  қышқылының 

про фициті болады деген болжамның бол­

ғаны  да  рас.  Ал  «Қазфосфат»  ЖШс  таяу 

уақыттарға дейін қышқылды Өзбекстаннан 

алып  келді.  «Қазақмыс»  пен  «Қазцинк» 

болса,  күкірт  қышқылын  қосалқы  өнім 

ретінде  ғана  шығаратындықтан,  «Қазақ­

фосфатты»  толықтай  қышқылмен  қамта­

ма сыз етуі екіталай. Өйткені өнім өздеріне 

металлургиялық  процестерді  атқару  үшін 

де  қажет.  «Қазфосфатты»  толықтай  қыш­

қыл мен қамтамасыз ете алмайды» деуім­

нің  негізгі  себебі  «Қазатомпром»  да  рес­

публика бойынша күкірт қышқылын ең көп 

қажет ететін компания. Өнім олардың өз­

дері не де керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет