Бизнес және кәсіпкерлік негіздері



бет16/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
Дәрістер Бизнес 2021 жанасы (1)

Кәсіпорын құру. Жеке бизнесті құрудың түрлі жолдары мен мүмкіндіктері бар. Жеке кәсіпорын ашып оның негізін салуға болады. Құрылған кәсіпорында серіктес болуға да болады. Қосымша жол -франчайзинг негізінде бизнес құру. Басқа мүмкіндік –қолданыстағы кәсіпорынды немесе ондағы үлесті сатып алу. Жаңа ұйым құру өз ісіңді нөлден бастауды білдіреді.
Сіз ең алдымен нарықты жаулап алып, содан кейін ондағы жағдайыңызды нығайтуыңыз керек. Сіз клиенттер мен жабдықтаушылармен байланыс орнатып, қызметкерлер штатын құруыңыз, жақсы пікірге ие болуыңыз керек. Егер Сіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізшектеулі болса, жылжымайтын мүлікті және тиісті жабдықты жалға алу нұсқасын қарастыру қажет. Жаңа кәсіпорынның іргесін қалау тек тәуекелдермен шектелмейді. Тәуекелдермен қатар Сіздің толық талғамыңызға сәйкес келетін кәсіпорынды құру мүмкіндігіңіз пайда болады. Әбден болуы мүмкін бастапқы қиындықтарды Сіз жеңе аласыз, көпшілігі бұл қиындықтарды жеңе білген.Кәсіпкерге қойылатын талаптар өте жоғары. Әсіресе қалыптасу сатысында кәсіпкер психологиялық және физикалық жүктемелерге көп ұшырайды. Кәсіпкерлердің барлығы бұған шыдай бермейді. Мұндай жағдайда осындай жүктемені бөлісе көтеретін серіктес табу ең дұрысы болып табылады. Бірлескен кәсіпорын құрудың бірқатар артықшылықтары бар:
Жауапкершілік пен тәуекел серіктестерге тең бөлінеді. Төрт көз екі көзгеқарағанда жақсы көреді, ал төрт қол екі қолға қарағанда көбірек жұмыс жасай алады. Сіз міндеттерді бөлісіп, ортақ мүдделерді ұсына аласыз.
Сіздің клиенттермен байланыстарыңыз қосылады, Сіздердің кәсіби білімдеріңіз бір-бірін толықтырады. Бір серіктес техникалық салады, ал екіншісі экономика саласында мол тәжірибеге ие болса, сәтті үйлесім табады. Егер серіктестер бірін-бірі кәсіби біліктіліктерімен толықтырса бірлескен жұмыс сәтті шығуы мүмкін.
Серіктестік үшін маңызды аргумент кәсіпорынды қаржыландыру болып табылады. Саудадағы, кәсіптік саладағы және өндірістегі капитал көлемі үнемі ұлғайып отырады. Көбінесе бір адам жаңа кәсіпорын ашу үшін қаржыландыруға шамасы жетпейді. Серіктестің көмегімен аталған жағдайды жеңілдетуге болады. Егер сіз серіктеспен бірлесе отырып дербестік жолына түскіңіз келсе, Сіз неке қиған уақыттағыдай, серіктестің Сізге лайық екендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Сіздің кәсіпорынның табысы енді тек Сізге ғана емес, Сіздің серіктесіңізге де байланысты. Сенім, ынтымақтастыққа деген ниет, «бір толқындағы жұмыс» серіктестік үшін маңызды алғышарттар болып табылады. Дербес істі ашуға деген ортақ тілек жеткіліксіз болып табылады. Егер Сіз бірнеше жылдан кейін «сынық астаудың» жанында тұрғыңыз келмесе, өзіңіздің орташа және ұзақ мерзімді тәртіптегі көзқарасыңызды келісіп алғаныңыз дұрыс. Бұл, мысалға, стратегиялық маңызды инвестициялық шешімдерге қатысты. Егер үлкен салым талап етілетін болса, барлық серіктестердің жеке шығындары қысқартылуы тиіс. Бір құрылтайшы пайдадағы өз үлесінің бөлігін алып, ал екіншісі оны қаржыландырса, немесе бір құрылтайшы өзіне жиі демалыс жариялап, ал біреуі өзін кәсіпорын үшін құрбандыққа шалатын болса, іс ілгері баспайды. Қызметтікавтокөліктер немесе іссапар шығындары және т.б. туралы даулар жататын осындай ұсақ-түйектер әдетте құрылтайшылардың серіктестігін бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет