Бизнес және кәсіпкерлік негіздері



бет18/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
Дәрістер Бизнес 2021 жанасы (1)

Кәсіпорынды сатып алу.Өзісіңізді ұйымдастырудың бір жолы ретінде қолданыстағы кәсіпорынды сатып алу мүмкіндігін қарастыруға болады, бірақ дәл лайықтынұсқаны табу мүмкіндігі аз. Сатып алу мүмкіндігі фирма иегерінің жеке немесе денсаулығына, сонымен қатар экономикалық қиындықтарға мысалға, төлем қабілетіне қатер төнгенде) байланысты себептермен басқа өңірге қоныс аударуы кезінде пайда болады. Бірақ кез келген кәсіпорын сатып алуға лайық емес және кез келген сатып алу сәтті бола бермейді. Жаңа кәсіпорын ашқанда немесе иелік етуге кіріскенде кәсіпкердің өзі табыстың маңызды факторы болып табылады. Сіздің алдыңыздағы адам ие болған біліктілік пен тәжірибеге жету үшін өзіңізбен табанды жұмыс жасаңыз. Кәсіпорын өз бетімен жұмыс істемейді. Тіпті жақсы ұйымдастырылған басқарылатын) кәсіпорында да қол жеткен деңгейді сақтап қалу үшін кәсіпкердің үлкен еңбегі талап етіледі. Елеулі кеңес: ұсынылатын кәсіпорынды мұқият зерттеңіз. Бұл ретте келесі өлшемдерге назар аударыңыз:
Кәсіпорынды сату себебі Сізге иесі баяндаған себептердің денсаулық жағдайы, жасының ұлғаюы немесе жеке себептер) растығына көз жеткізіңіз. Мұның артында экономикалық қиындықтар немесе күшті бәсекелестер тұруы мүмкін. Кәсіпорын клиенттерінің қолданыстағы картотекасы бар ма?
Кәсіпорынның клиенттері Жаңа кәсіпорынды ашуға қарағанда қолданыстағы кәсіпорынға иелік етудің үлкен артықшылықтарының бірі -кәсіпкердің тірек болатын клиенттерінің болуы. Тұтынушылар саны ауқымды болып, бір клиентке тәуелділік аз болған сайын табысқа жету мүмкіндіктері де соғұрлым жоғары болады. Бұрынғы клиентураны сақтап қалу және жаңаларын іздеп табу үлкен өнер болып саналады.

Бақылау сұрақтары:
1.Жаңа кҽсіп бастағанда кҿп кездесетін 20 қателікті талдау.
2.Кәсіпорын құру қалай жүзеге асады.
3.Франчайзинг дегеніміз не?
4.Франчайзингті енгізудегі мақсат.
5.Франшиза ұсынудың кемшіліктері неде?
6.Кәсіпорынды сатып алу қалай жүзеге асады?
7.Кәсіпорынды сату себебі неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет