Бизнес және кәсіпкерлік негіздері


Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар



бет20/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
Дәрістер Бизнес 2021 жанасы (1)

Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Әдетте жоғары жалақы ұсынсаңыз да кәсіби мамандарды басқа фирмалардан шақырып алу қиынға соғады. Болашақ қызметтің сипаттамасы қызметкерге ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.
Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар.Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі.
Бизнес-жоспар қандай бөлімдерден тұрады?
Бизнес-идея Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс.Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатыны соған байланысты. Бизнес-идеялардың көзі жеке бақылаулар және кәсіпкердің, оның достарының, туыстарының, таныстарының тәжірибесі болуы мүмкін. Сонымен қатар, бизнес-идея ойлап табу үшін кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын бағалауы қажет. Бұл бизнес-идеялардың ішінен ең лайықтысын таңдауға көмектеседі.Бұдан кейін кәсіпкер өзі клиенттерге ұсынатын өнімді немесе қызметті көз алдына жақсылап елестетуі керек. Оның барлық егжей-тегжеуін анықтау қажет. Оларға жататындар:
1.Тауар –немесе өнімнің материалдық құрамдас бөлігі, саны, сапасы, ассортименті.
2. Қызмет–клиенттерге көрсетілетін немесесатылатын тауармен бірге жүретін сервис.
3. Ақпарат –клиенттерге сатуға дейін (жарнама), сату кезінде (техникалық құжаттама) және сатудан кейін (сервистік ақпарат) ұсынылатын мәліметтер.
4. Қатынас–сатуды қолдау үшін клиенттермен жеке қатынас қалай құрылады.Кәсіпкерге мұнымен қатар өз бизнес-идеясын бағалау қажет. Бұл үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
5. Бұл нарыққа қажет пе?
6. Мұны сатып алғысы келе ме?
7.Сіздің сатып алушыларыңыз кім? Олардың жынысы, жасы, білімі, тұрғылықты жері және т.б. 8.Олар сіздіңөніміңізді жеткілікті көлемде сатып ала ма?
9. Бұл бәсекелестікке қабілетті ме? Мұндай идеяны сататын бәскелестер саны көп пе?
10. Сіз мұны жүзеге асыра аласыз ба?
11. Бұл сізге тиімді ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет