Бизнес жоспарлаудың негіздері



бет9/10
Дата02.12.2023
өлшемі41,47 Kb.
#131882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5 апта дәрісі. Бизнес жоспар.Жеке бизнес құрудың құрудың негізгі кезеңдері

Өндірістік жоспар
Бұл тарауда барлыө өндірістік және өзге де процестер сипатталады. Оның негізгі міндеті потенциалды әріптестерге және инвесторларға кәсіпорынның белгіленген мерзімде белгілі бір сапада және қажетті көлемде өнім өндіре алатындығын көрсету болып табылады. Өндірістік жоспарды әзірлеу төмендегі мәселелерге талдау жасалу қажет:

  • Қолданылатын техника мен технология (қандай техника мен технологияны қолдану жоспарлануда, жаңа техникалар мен технологиялар, құрал-жабдықтар, патенттер, лицензиялар сатып алу қажеттілігі және оларға жұмсалатын шығындар мөлшері);

  • Өндірістік база (жылдар бойынша өндірістік қуатын, болашақтағы өндіріс көлемін, олардың өздерінде де бар құралмен қамтамасыз етілуін есептеу, өндірістік базаны арттыру мүмкіндігін анықтау);

  • Шикізаттар мен материалдар, энергия (шикізаттармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен, жылу мен энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі нақты деректер мен байланыстар, оларға жұмсалатын жалпы шығындар);

  • Өнімді өндіруді қамтамасыз ету және шығындарды болжау (өнім өндірудің болжанған көлемін ресурстармен қамтамасыз етудің сызбасы беріледі және оны өндіруге қажетті шығындар сомасына болжам жасалады, өнім сапасын жақсарту, техникалар мен технологияларды, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар дайындалады);

  • Еңбек ресурстары (жұмысшы мамандардың болуы, оларға қажеттілікті анықтау, олардың біліктілігі, жұмысшыларды тарту нысандары, оқытуға жұмсалатын шығындар, еңбек жағдайы есепке алынады);

  • Тұрақты және айнымалы өндірістік шығындар (осы шығындарға енетін баптар нақтыланады, есептеулер жасалады және олардың өзгеру сипаты көрсетіледі);

  • Экологиялық қауіпсіздік (қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар, оларды орындауға жұмсалатын шығындар және тиімділігі есептеледі).

Тәуекелді бағалау Кез келген жаңа жобаны жүзеге асыру кезінде белгілі бір қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Кәсіпкерлер үшін осындай қиындықтарды алдын ала көре білу, оларды жою жөнінде алдын ала стратегиялар әзірлей алау маңызды. Осыған байланысты бизнесті іске асыру кезінде кездесуі мүмкін проблемаларды анықтап, тәуекел дәрежесін бағалау қажет. Қауіп-қатерлер бәсекелестерден, өндірістік саясат және маркетинг саласындағы жіберген кемшіліктерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындауы мүмкін.
Қаржылық жоспар Бұл бөлім бизнес жоспардың соңғы және кәсіпорын қызметінің нәтижесін қорытындылаушы бөлім. Ол ұсынылып отырған жобаны іске асыру үшін жеткілікті көлемде ақша қаражаттарының түсуін қамтамасыз ету және әрі қарай оның өзін-өзі қаржыландыра алу қабілетін бағалауға мүмкіндік беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет