Бизнес жоспарлаудың негіздері



бет5/10
Дата02.12.2023
өлшемі41,47 Kb.
#131882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5 апта дәрісі. Бизнес жоспар.Жеке бизнес құрудың құрудың негізгі кезеңдері

Матрицалық құрылым. Бұл әдісті өнімдерінің "өмірлік циклі" қысқа фирмалар және шектелген өндірістік циклмен үлкен зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізетін фирмалар қолданады. Алғаш рет бұл әдіс 30-жылдары "Лонхид" және "Хьюг-Эйркрафт" компанияларында әскери жобалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін енгізілген. 60-жылдардың ортасынан бастап ол әскери емес қызмет салаларында қолданыла бастады. Бір тұрақты органдары корпорацияның орталық және функционалдық басқарушылар қызметі болып табылатын кұбылмалы және икемді құрылым. Нақты жаңа тауарлар немесе жобалаудың топтары құрылады. Мұндай топтардың басшыларына функционалдық бөлімдерден қызметкерлер мен қажетті ресурстар бөлінеді. Міндеттер орындалғаннан кейін басшылар функционалдык топтарға қайтарылады, ал өндірістік ресурстар мен қызметкерлер мамандандырылған топтарға бөлінеді.
Мұндай құрылым икемді, әрі динамикалы болғандықган жаңалықгар енгізуге болады. Қызметкерлерді жобадан жобаға ауыстыру мамандарды пайдаланудың тиімділігін арттырады.
Матрицалық құрылымды енгізу процесі келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Қолданылып жүрген құрылымды талдау, оның кемшіліктерін табу және матрицалық құрылымды қолданудың тиімділігін көрсету;

  2. Ұйымның жаңа құрылымын жасау, функционалдық бөлімдердің мақсатты міндеттерін анықтау, қызметкерлердің функционалдык міндеттерін нақтылау және функционалдык бөлім мен жобалаудың жұмыстарының құқықтары мен міндеттерін бекіту;

  3. Ұйымның жаңа құрылымға көшуін жоспарлау және қызметкерлерді жұмыстың жаңа тәртібіне үйрету;

  4. Матрицалық құрылымды енгізудің нәтижелерін бақылау және бағалау.

Осы бөлімде жұмыс күшіне жалпы қажеттілік, ұйымдастыру, іріктеу және арнайы даярлау, еңбек жағдайы мен оған ақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру туралы мәліметтер қарастырылады. Сонымен бірге бизнес-жоспарды жүзеге асыруға жауап беретін бас менеджерлер мен негізгі персоналдарға сипаттама (жасы, білімі, біліктілігі, тәжірибесі) жасалауы мүмкін. Бұл бөлімде штаттық кесте әзірленіп, онда әрі қарай бизнесті кеңейткен жағдайда жұмыскерлер санын арттыру мүмкіндігі не қосымша жұмыскерлерді жалдау және оларға ақы төлеу жағдайлары ескерілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет