Бизнес жоспарлаудың негіздері



бет4/10
Дата02.12.2023
өлшемі41,47 Kb.
#131882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5 апта дәрісі. Бизнес жоспар.Жеке бизнес құрудың құрудың негізгі кезеңдері

Нарықты талдау . Нарық пен маркетинг барлық кәсіпорындар үшін шешуші фактор. Егер өндірілген өнім нарықта сұранысқа ие болмаса, оның өміршеңдігіне жоғары технологияны қолдану, қосымша капитал салу тәрізді іс-әрекеттерде көмектесе алмауы мүмкін. Сондықтан кәсіпкер өз өнімін берілген нарықта сата алатындығына және нарықтың белгілі бір бөлігін иелену мүмкіндігі бар екендігіне инвесторлар мен кредиторлардың көзін жеткізуге тырысу керек.
Осы бөлімде ұсынылып отырған бизнес жоба нарыққа және ондағы қалыптасқан жағдайға қалай әсер ететіндігі, нарықтағы әлеуетті үлесінің мөлшері қарастырылады. Яғни кәсіпорын әрекет ететін және өнімдерін өткізетін нарық нақиты әрі толыққанды зерттеледі. Сонымен бірге осы нарықтың негізгі сегменттері, мәні мен сипаттамалары, нарықтың әрбір сегментінде сатып алушылар қажеттіліктерінің өзгеру жағдайлары, жаңа тауарларға нарықтың әсері т.б. мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Ұйымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару.
Ұйымдастырушылық жоспар жаңа кәсіпорын құру кезінде ғана дайындалады. Мұнда кәсіпорын қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесін айқын көрсететін ұйымдық құрылым дайындалады. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының бірнеше түрлері бар (сызықтық, функционалдық, сызықтық-функционалдық, матрицалық). Бизнестің жүргізу ерекшелігіне, кәсіпорынның мөлшеріне, ұйымдастырушылық мақсаттарға байланысты нақты ұйымдық құрылым таңдалады.
Сызықтық құрылым- Ұйымның сызықтық құрылымы басқару аппаратының иерархиялык саты түрінде бір-біріне байланысты органдардын құрылуы нәтижесінде калыптасады.
Басқарудың төменгі деңгейіндегі ұйымның мүшесі келесі өзінен жоғары деңгейдегі басшыға тікелей бағынуға тиісті. Сызықтық кұрылымда әрбір жұмысшы тек бір ғана басшыға бағынады және жоғарыдағы жүйемен тек сол арқылы ғана хабарласа алады. Осыған орай баскару аппаратында жауапкершілік пен бағынушылық иерархиясы қалыптасады. Мысалы, қазіргі жағдайда ірі машина зауытының сызықтық басқару құрылымын былай көрсетуге болады: Зауыттың бас директоры -» өндіріс бойынша директор -> цех бастығы -> аға шебер -» шебер.
Сызықтық құрылымды басқару жүйесін кұрылымдық бөліктерге бөлу өндірістік белгілерге байланысты өндіріс концентрациясының деңгейін, технологиялық ерекшеліктерін, өнім номенклатурасының кеңдігін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Сызықтық ұйымдық құрылым логикалық қалыптасқан және формальды анықталған, сонымен қатар аз ғана икемді болып табылады. Әрбір басқарудың органикалық билігі болады, бірақ функдионалды мәселелерді өздеріне берілген міндеттердің көлемінде ғана шеше алады.
Ұйымдық құрылымдарға функционалдық бөлу кезінде арнайы жұмыстар белгілі бір топтарға бөлінеді және ол жоғарыда аталғандай, ресурстар төңірегінде болады. Мысалы, жоспарлау бөлімі - уақыт ресурсын, кадрлер бөлімі - адамдарды, каржы бөлімі - ақшаны, ақпараттық жүйелер бөлімі - мәліметтер ресурсын және т.б. басқарады. Өндірістік ұйымдарда жұмысты сызықтық бөліммен катар өндіріс процесіне қызмет көрсететін жоғары мамандандырылған жұмыстарды функционалдық бөлу жатады.Функционалдық департаментизацияның түрлеріне процесс бойынша (даналық, жалпы және тәжірибелік өндіріс) өндіріс типі және технология айналасында (механизациялау, автоматизациялау, роботизациялау) жұмыстар топталады. Екі жағдайда да жұмыстар олардың ұқсастығына байланысты жинақталады (жалпы өндірістегі жинақтау бригадасы немесе ЧПУ-ге қызмет көрсетуші бригада).
Функционалдық департаментизацияны және оның түрлерін кеңінен қолдану осы құрылымға тән артықшылыктарын да ұйымдар кеңінен қолдана алады деген сөз. Оның негізгісі белгілі бір жұмысты ең тиімді әдіспен іске асыра білу мүмкіндігі болып табылады. Оған функционалдық мамандыруды дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Соңғысы өз кезегінде уақыт үнемдейді, жұмыскерді дайындауды жеңілдетеді, маманданған қызметінің саласы бойынша ұйымның кез келген бөліміне жоғары сапалы қызмет көрсете алады. Мысалы, бухгалтерияда өндірістік қызметкерлерге еңбекақы есептеу бойынша қкызметкер қабылданса, бұл әрине, осы процедураның сапасын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.
Ұйымда функционалдықты дамыту және оны ерекшелендіру кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі үшін қажетті функция болып табылады. Функционалдық департаментизация ұйымды сандық қана емес, белгілі бір дәрежеде сапалық өсіруге де мүмкіндік береді. Өткенімізді қарап отырсақ, барлық индустриялды алыптар осы жолдан өткенін байқауға болады. Адамзат ұйымдағы жұмысты топтаудың бұл әдісіне жалпы өндірісте, өндірісті механизациялау мен автоматтандыруға жағдай туғызғаны үшін де борышты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет