Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда артериялық гипертензияның емдеудің заманауи қАҒидаттары



бет4/9
Дата28.04.2023
өлшемі122,21 Kb.
#88198
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Түйінді сөздер: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, АПФ ингибиторлары, ренин-ангиотензин жүйесі.
Ключевые слова: хроническая почечная недостаточность, артериальная гипертензия, ингибиторы АПФ, ренин-ангиотензиновая система.


КІРІСПЕ
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі ауруы-бұл жалпы медициналық тәжірибеде жиі кездесетін патологиялардың бірі. Артериялық гипертензияның созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен үйлесуі оның даму ықтималдығын ондаған есе арттырады. Өз кезегінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі ауруы жүрек-қан тамырлары асқынуларының, соның ішінде өлімге әкелетін асқынулардың дамуының маңызды тәуелсіз қауіп факторы болып табылады, бұл кардиоренальды қатынастардың патогенетикалық механизмдеріне тікелей байланысты.
Халықаралық Kidney Disease Improving Global Outcomes (KDIGO) ұйымының дерегіне сәйкес 2017 ж. дүние жүзінде 843,6 млн адам немесе жалпы халықтың 10%-ға жуығы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен зардап шегетінін, соның ішінде ≥20 жастан жоғары ересектерде ерлердің үлесі 4,7% және әйелдердің үлесі 5,8% құрағанын растады [1]. Ал, Gaipov A. Зерттеулеріне сүйенсек Қазақстанда 2018 ж. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастар саны 1 млн тұрғынға шаққанда 336,1, өлім көрсеткіші 18,9 науқасты құрады. Соның ішінде Алматы қаласында 1 000 000:418,0 және өлім көрсеткіші 49,7 науқасты құрады. Республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Ақтөбе облысына тиесілі: 1 000 000:460,0 және өлім көрсеткіші 9,5 науқасты құрайды [2].
СБЖ созылмалы аурулардың ішінде үшінші орынды иеленеді, алайда бұл патологияға жеткілікті көңіл бөлінбей келді. XXI ғасырдың басында шетелде ірі ғылыми зерттеулердің нәтижесінде (NHANES және басқалар) СБЖ күрт өсуі және осы аурумен сырқаттанған науқастарды емдеуші диализдік қызметтің тапшылығы анықталғанда бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне қаратты [3]. СБЖ-нің дүние жүзінде таралуы 10%, ал жоғары қауіп тобындағы пациенттер арасында 50%-ға баратындығы анықталған [4].
Ересек тұрғындар арасында артериялық гипертензияның (АГ) жиілігі 45% - ға жетеді [5]. 2025 жылға қарай аурушаңдықтың жалпы ересек халықтың 1,5 млрд-қа дейін өсуі болжануда [6]. АГ көптеген аурулардың модификацияланатын факторы болып табылады: Жедел коронарлық синдром (ЖКС), цереброваскулярлық бұзылулар (ЦБ), созылмалы бүйрек (СБЖ) және жүрек (ЖЖ) жеткіліксіздігі және т.б. [7]. Алайда, AГ және СБЖ бір – бірінің себебі де, салдары да болуы мүмкін-Valika A., Peixoto A. J., 2016 мәліметтері бойынша, бір патологиясы бар науқастардың 90% - ы екіншісінен зардап шегеді [6, 9]. Бүйрек ауруларындағы жүрек асқынуларының жиілігі және керісінше, "кардиоренальды синдромның" пайда болуымен қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады [10, 11]
Қазіргі уақытта СБЖ бар науқастардың саны жедел қарқынмен өсуде, ал жаңа жағдайлардың жыл сайынғы өсуі шамамен 6% құрайды [1]. АГ-мен ауыратын науқастардың 28% - дан астамында және ІІ типті қант диабетімен (бұдан әрі – ҚД) ауыратын науқастардың 40% -да СБЖ белгілері байқалады [12]. ал егде жастағы науқастарда СБЖ кездесу жиілігі жылына 36% дейін жетеді [13]. М.С.Елисеевтің жарияланымында 2015 жылы СБЖ себебінен 1.200.000-нан астам адамның өліміне себеп болғаны көрсетілген, бұл 1990 жылғы деректермен салыстырғанда осы аурудан болатын өлім-жітімнің үш есеге жуық өскенін көрсетеді [14]. Халықтың табысы жоғары және медициналық көмек көрсету сапасы жоғары дамыған және дамушы елдерде СБЖ пайда болу жиілігі туралы мәліметтер орташа және табысы төмен елдерден алынған деректерден өзгеше [12]. Сонымен, Aminu K. Bello және бірлескен авторлардың есептері бойынша СБЖ таралуы 10% құрады, бұл көрсеткіш Оңтүстік Азияда 7% - дан, Африкада 8% - дан, Солтүстік Америкада 11% - ға дейін және Еуропада, Орта және Шығыс Азия мен Латын Америкасында 12% - ға дейін артқан[15]. Табысы жоғары елдер арасында бүйрек патологиясының пайда болуы Сауд Арабиясы мен Бельгияда ең жоғары болды (әрқайсысы 24%), одан кейін Польша (18%), Германия (17%), Ұлыбритания (16%) және Сингапур (16%) [16]. Зерттеушілер барлық елдердің тек 24% - СБЖ бар адамдарды анықтау бағдарламалары жүргізіліп жатқанын атап өтті [15,16].
HOT (Hypertension Optimal Treatment Study) [17] және INSIGHT (intervention Optimal Treatment Study) [18] ауқымды зерттеулерінде бүйрек функциясының орташа дәрежеде төмендеуі (креатинин клиренсі 60 мл/мин/1,73 м2 – СБЖ III сатысы) науқастардағы АГ тек 13-30% ғана терапиялық еммен бақыланатынын көрсетті [17, 18]. Бұл ретте жоғары деңгейде қан қысымының (бұдан әрі -АҚ) болуы да СБЖ даму қаупінің жоғары болуымен байланысты [19]. Бақыланбайтын АГ кезінде бүйрек қызметі біртіндеп нашарлайды және СКФ төмендеуі жылына 13% жетуі мүмкін [20].
Перспективалық рандомизацияланған зерттеулерге сәйкес, СБЖ бар науқастарда ренин-ангиотензин жүйесін (РАЖ) басатын дәрілерді қолдану протеинурия мен аурудың даму жылдамдығының сенімді төмендеуіне әкеледі [21]. ASCOT-BPLA (Anglo-Scandinavian Cardiac Outcomes Trial-Blood Pressure Lowering Arm) зерттеуі β-адреноблокатор/диуретик комбинациясымен салыстырғанда кальций антагонистері мен ИАПФ дәрілік терапиясының СБЖ жеткіліксіздігі бар науқастарда артықшылығын көрсетеді. Бұл ретте АҚ-ны жақсы коррекциялау ғана емес, сонымен қатар жалпы өлім-жітім 11% - ға, жүрек-қан тамырлары өлімі 24% - ға, инсульттің даму қаупі 23% - ға, бүйрек асқынулары 16% - ға төмендегені де көрсетілді [22].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет