Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда артериялық гипертензияның емдеудің заманауи қАҒидаттары



бет5/9
Дата28.04.2023
өлшемі122,21 Kb.
#88198
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
DOC-20230417-WA0131.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гипертензияға қарсы терапияға талдау жүргізу және тағайындаулардың қазіргі заманғы ұсыныстарға сәйкестігін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу жұмысында 2019-2022 жылдары Алматы қаласы, Орталық клиникалық ауруханасының «Терапия» бөлімшесі базасында ІІ кезеңді станционарлық ем алған n=83 науқастың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргіздік, оның ішінде n=37 (44,57%) ер адам (орташа жасы 59,5±10,8 жас) және n=46 (55,42%) әйел адам (орташа жасы 63,7±9,6 жас) құрады. Науқастардың барлығы екі топқа (сурет 1) бөліп ажыратылды: І топ - β-адреноблокатор/диуретик комбинациясымен ем қабылдаған, ІІ топ - кальций антагонистері мен ИАПФ дәрілік терапиясын қабылдаған науқастар тобы.
Зерттеуге қосу критерийлері: СББЖ (+) және артериялық гипертензиясы бар 18 жастан асқан науқастар.
Алып тастау критерийлері: эндокринді жүйенің аурулары, созылмалы аурулардың декомпенсация кезеңіндегі науқастар.
Науқастар зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерімен қатар, қауіп-қатер факторлары, арнайы клиникалық бағалау жүйесі (KDIGO мен EHA/AHA ұйымдарының ұсыныстарының негізінде) бойынша талданды.



1 – сурет. Зерттеуге жұмысындағы науқастардың үлесі (%)


Нәтижесі және талқылау: Жалпы саны n=83 науқастың ауру тарихын талдау барысында
І топ (n=37) ерлер n=25 (67,5%) мен n=12 (32,4%) әйел, ІІ топтан (n=46) – ерлер n=28 (60,8%), әйелдер n=18 (39,1%) анықталды, демек екі топ арасында ер мен әйелдің үлесі 1:1 болды (р<0,05). Жас ерекшеліктері бойынша 18-40 жас, 40-60, 60-80 және ˃ 80 жастан жоғары болып бөлінді, нәтижесі №2 суретте көрсетілген (сурет 2).



2 – сурет. Зерттеуге жұмысындағы жас ерекшеліктері бойынша көрсеткіш (%)

Клиникалық тәжірибеде полиморбидтіліктің рөлі үнемі өсіп келеді. Мәселен, қосалқы жүретін аурулардың көп болуы полипрагмазияға байланысты жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін арттырады, өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетеді және өлім-жітімді арттырады [23,24]. KDIGO критерийлері бойынша СБЖ арасында қосалқы аурулардың таралуы n=861 науқастың арасында 65,8% (n = 584) құрады. Көпшілігінде (26,8%) кем дегенде екі қосалқы ауру, 20,7% - да үш, ал тек 20,2% - ы бір қосалқы аурумен өмір сүреді [25].


Қосалқы аурулардың кездесуі n=74 науқаста (89,15%) бар екендігі анықталды (сурет 3) , атап айтқанда І топ науқастарында қант диабетінің жиілігі 20,44%-ке, ӨСОА – 18,84%-ке, семіздік – 10%-ке, асқазан мен он екі елі ішектің ойық-жара ауруы 7,01%-ке жиі кездесті (р<0,05).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет