Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда артериялық гипертензияның емдеудің заманауи қАҒидаттары



бет2/9
Дата28.04.2023
өлшемі122,21 Kb.
#88198
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
DOC-20230417-WA0131.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Халықаралық Kidney Disease Improving Global Outcomes (KDIGO) ұйымының дерегіне сәйкес 2017 ж. дүние жүзінде 843,6 млн адам немесе жалпы халықтың 10%-ға жуығы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен зардап шегетінін, соның ішінде ≥20 жастан жоғары ересектерде ерлердің үлесі 4,7% және әйелдердің үлесі 5,8% құрағанын растады.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Зерттеу жұмысында 2019-2022 жылдары Алматы қаласы, Орталық клиникалық ауруханасының «Терапия» бөлімшесі базасында ІІ кезеңді станционарлық ем алғанn n=83 науқастың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргіздік, оның ішінде n=37 (44,57%) ер және n=46 (55,42%) әйел адам құрады. Науқастардың барлығы екі топқа бөліп ажыратылды: І топ - β-адреноблокатор/диуретик комбинациясымен ем қабылдаған, ІІ топ - кальций антагонистері мен ИАПФ дәрілік терапиясын қабылдаған науқастар тобы.
Нәтижесі: Кальций антагонистері / ИАПФ қабылдаған науқастар тобында САҚ/ДАҚ деңгейінің 26,44%-ке төмендеді. Науқастарда – СКФ (мл/мин/1,73 м2) деңгейі І топта – 12,8% - ке, ІІ топта - 23,7%-ке дейін көтерілген.
І топтағы науқастарда сол қарынша белгілері (I топ – n=25/ 67,56% және ІІ топта – n=28/60,86%) жиі кездесті. Simpson бойынша шығару фракциясы (ШФ) І топта (n=37) – 5,7%-ке, ІІ топта (n=46) – 8,2%-ке, КДР өлшемі І топ – 4,3%-ке, ІІ топ – 6,4%-ке, КСР өлшемі І топ – 4,9%-ке, ІІ топ – 5,3%-ке дейін төмендеді.
Креатинин деңгейі β -адреноблокатор/диуретик қабылдағандарда 8,36%-ке, мочевина – 9%-ке, кальций антагонистері / ИАПФ тобында креатинин – 15,38%-ке, мочевина – 16,26%-ке деңгейі түсті.
Қорытынды: Осылайша, кальций антагонистері / ИАПФ тобында егде жастағы науқастарда және бүйрек пен жүрек функциясының қатар жүретін бұзылыстары бар науқастарда жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, микроальбуминурия деңгейін төмендету және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамуын бәсеңдету арқылы нефропротективті әсер көрсете алды. Осы себепті, клиникалық тәжірибеге кеңінен енгізу жүрек-қан тамырлары аурулары мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар полиморбидті науқастарды емдеудің жаңа перспективаларын ашады деп ойлаймыз.
АННОТАЦИЯ
Контроль гипертонии важен для пациентов с хронической почечной недостаточностью, поскольку он приводит к замедлению прогрессирования заболевания, а также к снижению риска развития заболеваний сердечно-сосудистой системы. Поэтому в нашей исследовательской работе обсуждается эффективность тактики гипотензивной терапии у пациентов с хронической почечной недостаточностью.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет