Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда артериялық гипертензияның емдеудің заманауи қАҒидаттары


- сурет. Қан деңгейінің креатинин және мочевина деңгейі (%)



бет8/9
Дата28.04.2023
өлшемі122,21 Kb.
#88198
1   2   3   4   5   6   7   8   9
7 - сурет. Қан деңгейінің креатинин және мочевина деңгейі (%)

Екінші жағынан, бүйрек функциясының бұзылуының таралуы, әр түрлі зерттеулерге сәйкес, 25-тен 60% - ға дейін [26] және жүрек жеткіліксіздігіндегі өлім-жітім деңгейі (ЖЖ) СКФ-ке кері пропорционалды, бұл СҚ шығару фракциясының немесе ЖЖ функционалды класы сияқты маңызды болжамды факторы екені анық [26, 27].


Науқастардың бірінші ретті қаралымында жалпы саны n=34 (40,96%), оның ішінде New York Heart Association (NYHA) жіктелімі бойынша І ФК – n=19, II ФК – n=10, III ФК - n=5 науқаста анықталды. Емнен кейінгі науқастарда СЖЖ-нің негізгі клиникалық көріністерінің біршама жақсарған (сурет 8).



8 - сурет. СЖЖ-нің негізгі клиникалық көріністерінің емнен кейінгі жақсаруы (%)


Қорытынды: 1. Біздің нәтижеміз бойынша кальций антагонистері / ИАПФ қабылдаған науқастар тобында САҚ/ДАҚ деңгейінің 26,44%-ке төмендеді.
2. Науқастарда – СКФ (мл/мин/1,73 м2) деңгейі І топта – 12,8% - ке, ІІ топта - 23,7%-ке дейін көтерілген.
3. І топтағы науқастарда сол қарынша белгілері (I топ – n=25/ 67,56% және ІІ топта – n=28/60,86%) жиі кездесті.
4. Simpson бойынша шығару фракциясы (ШФ) І топта (n=37) – 5,7%-ке, ІІ топта (n=46) – 8,2%-ке, КДР өлшемі І топ – 4,3%-ке, ІІ топ – 6,4%-ке, КСР өлшемі І топ – 4,9%-ке, ІІ топ – 5,3%-ке дейін төмендеді.
5. Креатинин деңгейі β -адреноблокатор/диуретик қабылдағандарда 8,36%-ке, мочевина – 9%-ке, кальций антагонистері / ИАПФ тобында креатинин – 15,38%-ке, мочевина – 16,26%-ке деңгейі түсті.
Осылайша, кальций антагонистері / ИАПФ тобында егде жастағы науқастарда және бүйрек пен жүрек функциясының қатар жүретін бұзылыстары бар науқастарда жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, микроальбуминурия деңгейін төмендету және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамуын бәсеңдету арқылы нефропротективті әсер көрсете алды. Осы себепті, клиникалық тәжірибеге кеңінен енгізу жүрек-қан тамырлары аурулары мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар полиморбидті науқастарды емдеудің жаңа перспективаларын ашады деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет