«Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту»орта топ «Дидактикалық ойындар» «Шебер қолдар»орта топ «Бала тілін дамыту



бет3/21
Дата05.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#60451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Барлық ВАРИативкалар

( Вариативтік компонент)
Кіріспе
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бала тілін дамытуға, олардың сөздік қорларын молайтуға, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Яғни, мектеп жасына дейінгі кезеңде балалармен сөздік жұмысын жан-жақты жүргізу «Қатынас» білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Педагог балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамытуға және белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйретеді.
Балалардың сөздік қорын молайтуда ойынның, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы тез игеріледі, таным белсенділіктері қалыптасады, сондай-ақ ақыл- ойы өсіп жетіледі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық - саусақ ойыны болып табылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету жұмыстарын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ, тіл жаттығулары балалардың:
- нәзік саусақ бұлшық еттерін жаттықтыру арқылы қолын жазуға дайындайды;
- тілін дамытуға өлшеусіз үлес қосады;
- қимыл арқылы өлең жолдарын қиындықсыз түсініп, жаттап алады;
-айтылуы қиын дыбыстарды дұрыс айтуға ойын түрінде тез жаттығады;
- есте сақтау қабілеті артады;
-елестету арқылы қиялын дамытады;
- әр кейіпкердің рөліне енуді үйреніп, даусын құбылтып, еркін сөйлеуге жаттығады;
- өлеңдерді жаттап, жан-жануарлардың дыбыстарын салу арқылы айтылуы қиын ызың, үнді дауыссыз дыбыстарды анық айтып үйренеді;
- ертегіні тыңдай отырып дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы жалпы түсініктері дамиды.
Ұсынылып отырған бағдарламада саусақ, тіл жаттығуларының мақсаттарына сәйкес қол қимылының белсенділігін арттыруға өз үлесін қосатын қол еңбегінің үлгілері берілген.

Мақсаты:

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеру және оны қолдана білу іскерліктерін дамыту




Міндеттері:



  • Балалармен сөздік жұмысын жүргізу;

  • Қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы түсініктерін дамыту;

  • Белсенді тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • Айналадағы заттардың қасиеті мен сапасын, түр-түсін, пішінін ажыратуға үйрету;

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту.

Мазмұны:



  • Сөйлем

  • Отбасы мүшелері

  • Сөйлем құрылымы

  • Сөз тіркестері

  • Тіл ұстарту жаттығулары

  • Сөйлем құрылымына талдау

  • Сөздерді буынға бөлу





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет