Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Шәкірт:
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
Нақты фактілерді біледі;
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
Негізгі ұғымдарды біледі;
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну.
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді
атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
мысалы,математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген