БөЖ-2 Пәні: «Қазақстан тарихы» Тақырыбы



бет2/6
Дата09.04.2023
өлшемі143,2 Kb.
#80742
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
бөж 2 қтарих сағинбай ж

Еңбек жолы. 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 19 жасында Қазан қаласында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағын басып шығарады. Бұл 1912 жылы болған еді. Содан бастап Жұмабаевтың есімі Омбы, Петропавл, Семей қалаларындағы әдеби қауымға мәшһүр болады. Жазғандары жұрт аузына ілігіп, жастардың піріне айналады. "Садақ" журналын шығаруға атсалысады, басылымға өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
"Бірлік" ұйымының жұмысына белсене араласып, "Балапан" қолжазба журналын шығаруға көмектеседі. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ" газетіне өлеңдерін жариялайды. "Алаш" партиясының Ақмола облысы комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айдай абақтыда отырып шығады.
1919-1923 жылдары Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халықты ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс "Батыр Баян" поэмасын жазып, жарыққа шығарады.
1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде, оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның жыр жинақтарын талқыға салды. Мәскеуде оқыған қазақ жастары оған "ескілікті жырлаушы ақын, керітартпа, көнені көксеуші ақын, заманмен бірге алға жылжуды қаламайды" деп ат қойып, айдар тақты. Сөйтіп ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты өлең жазбаса да, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабаев қатаң сынға алынды.

Ақын 1927-1929 жылдары аралығында Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызмет атқарады. Петропавлдағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты бұл қызметтен босатады.


Мағжан Жұмабаев қай жерде жүрсе де, оған шығармашылық одақ құру туралы ой маза бермейді. Ол КСРО Жазушылар одағы сияқты ұйым құруды көптен армандап жүретін. Оған өзінше "Алқа" деп ат та қойған. Ұйымның жобасын Қазақстанның әр түкпірінде тұратын әдебиетші қауымға пошта арқылы жіберіп те үлгерген. Алайда ақынның осы арман-мұраты ақырында оның түбіне жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет