Қорытынды Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында. Қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналған ұлы суреткердің шығармашылығын көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериздан Елеукенов, Мағжантану жолында сүбелі еңбек етіп, осы саладағы ізденісі үшін мемлкеттік сыйлыққа ие болған қаламгер. Ол 1988 жылдары Алаш азаматтарын ақтау туралы құжатты әдебиет және өнер институты атынан дайындап, атпал азаматтың халқымен қауышуына мұрындық болған. Біз бабаларымыздың күресімен өсетін бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз қажет. Осы тамырластық дегдар сезім бүгінгі қазақтың азаттығына, ел болуына, ел болу үшін, басқа да мемлекеттік атрибуттармен, істермен бірге ұлт тілінің мерейін асыратын, отаршылдық қалдықтармен күресетін баянды шаруаларға жұмылдыру шарт һәм міндетті. Бағзы бабалардан да, абыз Абайдың да, Алаш зиялыларының да аманаты осында.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ/ Құраст. Субханбердина әне т.б.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,1998.- 560 б.