БөЖ-2 Пәні: «Қазақстан тарихы» Тақырыбы


Мағжан Жұмабаевтың поэмалары



бет4/6
Дата09.04.2023
өлшемі143,2 Kb.
#80742
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
бөж 2 қтарих сағинбай ж

Мағжан Жұмабаевтың поэмалары. Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды. Бір қарағанда, тақырыптық тұрғыдан алғанда, алып-жұлып, әкетіп бара жатқан ерекшелік көрінбейтін секілді: "Қойлыбайдың қобызы", "Қорқыт", "Түркістан", "Оқжетпестің қиясында", "Батыр Баян" – аңыз, тарихи белгілі оқиғаларға, "Жүсіп хан", "Өтірік ертек" – шығыстық сюжет, мысал, тұспалға құрылған.
"Қойлыбайдың қобызы" поэмасында Қойлыбай бақсының өнерін сүйсіне жырлайды. Қазақтың бақсысына дейін ардақ тұтады.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шашты шайтан.
"Қорқыт" поэмасы бұрынғы өмір мен өлім тақырыбына жазылғанымен, ақын идеясы ол емес. Поэмада Қорқыттың өлімнен қашып, соңында әр өмірдің соңы өліммен аяқталатынын түсініп, қобызын сарнатып өткені айтылады.
Қиялымен қазақ халқын бостандығынан айырмай, тарихын, мәдениетін, тілін, дінін ұмыттырмайтын, жақсылыққа кенелтетін, "өлтірмейтін" қоғам іздейді, Қорқыттың "мәңгілік ғұмыр іздеуін" шығармасына нысана етіп алуы Мағжан философиясының асқақтығын көрсетеді.
Жұмабаев поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі, алдымен ауызға ілігері –"Батыр Баян" поэмасы. Поэма аса көркем деңгейде ерекше шабытпен жазылған. Жан күйзелісі, сезім, батырлық пен махаббат дастанда жыр болып өріледі. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан тілінің әуезділігі мен әсемдігі, көркемдігі мен көріктігі ерекше үйлесімділікте сай келуі поэмада айрықша көрінеді.
"Батыр Баян" поэмасы мынадай кең мағыналы өлең жолдарымен аяқталған:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет