Бөж адам ағзасындағы өмір сүру сапасын қамтамасыз етудегі микроэлементтердің рөлі Орындаған: Мауленов Айбек, Адиханов Жахангир Факультет: Стоматология 201 Тексерген



бет1/4
Дата27.09.2022
өлшемі0,87 Mb.
#40496
  1   2   3   4

“Астана медицина университеті” ҚеАқ
Қоғамдық денсаулық және гигиена кафедрасы
БӨЖ
Адам ағзасындағы өмір сүру сапасын қамтамасыз етудегі микроэлементтердің рөлі
Орындаған:Мауленов Айбек,
Адиханов Жахангир
Факультет:Стоматология 201
Тексерген:
Астана 2022
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Микроэлементтердің адам организміндегі орны;
  • Темірдің маңызы
  • Мыс
  • Кобальт
  • Қорытынды

Жоспар:
  • Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:микроэленттер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.
  • Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро- және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады.

Кіріспе
Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі :
1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10% — дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% — дан төмен.
Әр түрлі организмдер жасушасының өзіне тән өзгешеліктері болғанымен, олар құрамындағы химиялық элементтер сипаты жағынан ұқсас келеді. Жалпы жасуша құрамында Д.И.Менделеев таблидасының 70 элеметі кездескенімен, тірі организмдерде олардың 24 тұрақты түрде ұшырасады. Жасуша құрамында 62% шамасында оттегі, 20% шамасында көміртегі, 10% шамасында сутегі және 3% шамасында азот болады. Оттеті мен сутегі су мен органикалық заттар құрамы на енсе, көміртегі - органикалық заттар негізін құрайды. Азот амин қышқылдарының, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, АТФ-ның, гемоглобиннің, көптеген ферменттер мен дәрмендәрілердің құрамы на енеді.
Жасуша құрамында 2,5% шамасында кальций, 1% шамасында фосфор кездеседі. Кальций сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің құрамына енеді, қанның ұю процесін, ет талшықтарының жиырылуын жандандырады, жасуша мембранасының өтімділігін реттейді. Фосфор да сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің, нуклеин қышқылдарының АТФ-тың, кейбір ферменттердің құрамы на енеді.
Микроэлементтер
Микроэлементтердің көпшілігі
–бауырда, сүйек, бұлшықет ұлпаларында жинақталады.
Сондай ақ мырыш қарынасты безінде, иод қалқанша безінде, фтор тіс кіреукесінде,
Ванадий шашта, кадмий , сынап, молибден бүйректе, қалайы ішек ұлпаларында,
Барий көздің пигментті қабатында; Бром,марганец, хром гипофизде жиналады. Кремний,
аллюминий, мыс, титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплексті түрде, ал марганец ион түрінде кездеседі
  • Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері — пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүргізетін цитохромдық ферменттер құрамы на енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.
  • Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.

Темірдің маңызы
  • Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Тағамның құрамында кездеседі: бауыр, теңіз өнімдері, гречка, жаңғақ. Сүт өнімдерінде мыстың мөлшері өте төмен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет