ОӘЖ 338:512 ТУРЕБАЕВАЖАНАТ КАМАЛОВНА экономика ғылымдарының кандидаты
«Мирас»Универcитеті
МОЛДАХМЕТОВА АЙГУЛ БЕКМЫРЗАЕВНА экономика ғылымдарының кандидаты
М.Өтебаев атындағы Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі
КЕНЕНБАЕВА ЗУХРА МАМБЕТОВНА аға оқытушы
«Мирас»Универcитеті
ІШКІ АУДИТТЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ Түйін. Мақалада қазіргі іскерлік ортада фирмалардың технологиялық өзгерістердің мүмкіндік-
терін барынша пайдаланану тәжірибесі көрсетілген. Бұл жағдай ішкі аудит қызметі құзыретті болып
қалу және оның ұйымына пайдасын тигізу үшін үнемі жаңарып отыру керек дегенді білдіреді, де-
мек, мақала тақырыбының өзектілі даусыз. Бүгінде ішкі аудиторлар корпорациялар мен ұйымдарда,
сондай-ақ жеке өмірінде бақыланбайтын жаңа технологиялардың үнемі өсіп-жетілуін байкап отыр.
Мақаланың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын құрайтын «Үлкен деректер», бұлтты есептеулер,
мобильді құрылғыларды, әлеуметтік желілерді пайдалану технологиялардың ең соңғы үрдістері бо-
лып табылады, олар шекараны бұзып, бизнестің мәнін өзгертеді. Сондықтан бүгінгі күні инновация-
лық ойлау өте маңызды. Демек, ішкі аудит әрдайым дамуда. Бұл үдерістер жағдайлардың өзгеруіне
қарай жылдам өзгеру үшін бейімделуі және ашылуы мүмкін. Бұл тексеру мүдделі тараптардың өзге-
ретін қажеттіліктеріне бейімделу үшін жұмыс жасаудың перспективті жолдарын табады.