Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Сабақ басында:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
«Ыстық орындық»Өткен сабақты қайталау
Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіру.
Тапсырма сипаты:
Арнайы сұрақтар арқылы өткен көмірсутектер туралы білімдерін тиянақтау және қайталау.
|
1. Органикалық қосылыстардың негізгі түрлерінің қайсысымен таныспыз?
2.Танысқан көмірсутектердің негізгі өкілдерін атап,онда химиялық байланыстың қандай түрі кездесетінін атаңыз?
3. Алкан,алкен,диен көмірсутектердің атауларының негізгі ерекшелігі неде дееп ойлайсыңдар? Атауларды қорғап шығу
4.Қаныққан көмірсутектер деп аталуы неге байланысты?
5.Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады?
6.Байланыстың қандай түрімен таныспыз?
7.Гибридтену дегеніміз не және оның қандай түрін білеміз?
8. Төменде берілген сызбаны химиялық тілмен сауатты қорытындылап айтып беріңіз.
(Этан,этилен,диен көмірсутектері туралы сызбалар)
Бағалау: Бір-бірін бағалайды
Кері байланыс: Оқушы-оқушы
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
|