Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Жаңа сабаққа кіріспе
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Сабақтың ортасы
15 мин.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Топтық жұмыс
6 мин
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Жеке жұмыс
5 мин
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Бөлім:
9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Педагогтің аты-жөні:
Бастамбеков Б. Т.
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы:
Амин қышқылдары. Нәруыздар. №17 зертханалық тәжірибе «Нәруыздардың денатурациясы»
(72-сабақ)
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
9.4.3.27-нәруыздағыα- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
9.4.3.28-нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
9.4.3.29-нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру;
Сабақтың мақсаты:
-нәруыздағыα- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіреді.
-нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді.
-нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіреді.
Сабақ басында:
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;
- оқушылардың «жақын даму аймағы» - топтарды құрып алу;
- сабақ соңындағы күтілетін нәтижелерді ОМ қарап анықтап алу;
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
нәруыздағы а-аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру
№1бейнебаянды көрсету керек
Бейне баяннан алған білімін қолдану үшін 1- тапсырманы жасатуға болады 1-жаттығу
Аминқышқыл молекуласын А деп белгілеп, қосылыстар атауларын сәйкес құрылымдарымен сәйкестендір.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Сабақтың ортасы
15 мин.
аминқышқылдардың өзара байланысқан байланысты атап, көрсетіңіз
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
№17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы" Мақсаты: Жұмыртқа нәруызының қайтымды және қайтымсыз денатурациясын зерттеу
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, аммоний сульфаты, мыс сульфаты ерітіндісі, этил спирті, азот қышқылы, спиртшам, сынауықтар, шыны таяқшалар
Жұмыс барысы: 1-тәжірибе Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне құрғақ аммоний сульфатын қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнбаның еруін түсіндіріңіз.
2- тәжірибе Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне мыс сульфаты ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?
3- тәжірибе Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне этил спирті ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?
4- тәжірибе Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне абайлап концентрлі азот қышқылын тамшуырмен тамызыңыз , шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаның түсіне назар аударыңыз. Тұнба неге ерімейді?
5- тәжірибе Сынауыққа жұмыртқа нәруызының ерітіндісін құйып, абайлап, спиртшам жалынында қыздырыңыз. Не байқадыңыз?
ҚБ: нәруыз денатурациясының реакциясын зерттейді