тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтайды;
мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды;
Уақыты Кезеңдері
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
«Ой шақыру». Берілген сұрақтардың жауабын тауып көріңіз!
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта, құжаттарда НЕ бейнеленген? (ЕЛТАҢБА)
Бұл зат Президент Резиденциясында, Үкімет үйінде және барлық мекемелерде ілініп тұрады. Ол қандай зат? (ҚР Мемлекеттік Туы)
Салтанатты мәжілістерде орындалатын Мемлекетіміздің ең басты әні ... (ӘНҰРАН)
Енді айта қойыңыздаршы, сіздер атаған заттардың барлығын бір сөзбен қалай деп атауға болады?
Дұрыс айтасыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тәуелсіздік нышандары