Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра



бет12/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

10-сынып

Жорж Гордон Байрон

Өмірі мен шығармашылығы
«Қыз патшасы – жалғыз сол», «Жердегі патша, көктегі құдай еркесі»




11-сынып

М.Ю.Лермонтов

Өмірі мен шығармашылығы




Вальтер Скотт

Өмірі мен шығармашылығы




Білім беру бағдарламаларының мазмұнын талдауға сүйене отырып, болашақта оның мазмұнын қазіргі әлем әдебиетінің озық үлгілерімен одан ары байыту, әртүрлі жанрдағы шығармалардың арақатынасына, атап айтқанда, драмалық типтегі шығармаларды енгізуге назар аудару қажет екенін атап өткен жөн. Себебі жұмыстың бұл түрін әлем әдебиеті үлгісінде ғана емес, қазақ әдебиетін зерттеуде де назардан тыс қалған бағыттардың бірі деп атауға болады. Бірақ кейбір жерлерде жақсартуды қажет ететін келесі аспектілер де нақтыланады:


1. Оқушылардың жас ерекшеліктері, танымдық процестердің дамуын болжаудың ескерілмеуі. Атап айтқанда, 5-сыныпта әлем әдебиеті үлгілерінен Даниэль Дефоның “Робинзон Крузо” (романнан үзінді) шығармасы ұсынылған. Роман деген жанр – мазмұндық әрі тақырыптық тұрғыдан кең көлемді болып келуін есепке алсақ, роман оқушының жас ерекшелігіне сай берілмегені байқалады. Ол реалистік шығарма болғандықтан жоғары сынып үшін кең көлемді етіп берілсе, оқушылар оны талдауда өмірмен байланыстыра алады;
2. 8-сыныпта Туысқан халықтар әдебиеті үлгілерінен Шыңғыс Айтматовтың “Ақ кеме” (повестен үзінді) берілген. Үзінді берілуіне қарамастан көлемі жағынан 24 бетті құрайды. Оқушының жас ерекшелігіне сай таңдалғанымен, мұндай көлемді шығарманы сыныптан тыс оқылатын хрестоматиялық кітаптар арқылы ұсынылса орынды болар еді. Сондай-ақ, әлем әдебиеті үлгілерінен тек қана орыс әдебиеті үлгілерімен (Сергей Есениннің “Қорасанда бір дарбаза бар”, “Қарындасыма хат”) шектелген. Бұл есе оқушыларда әлем әдебиеті дегеніміз не? деген де, орыс әдебиеті екен деген түсінік қалыптасуы мүмкін.
3. 9-сынып оқулығында да әлем әдебиеті үлгілері “Туысқан халықтар әдебиеті” деп аталатын айдармен шатастырылып берілген. Бұл да оқушыда әлем әдебиеті мен туысқан халықтар әдебиеті үлгілерін ажратуда қиындық тудырады. Оның үстіне әлем әдебиеті үлгілеріне арналған шығармалардың саны өте аз. Атап айтқанда, Әбдірахман Жәмидің “Жүсіп-Зылиха” дастанынан үзінді және А.С.Пушкиннің “Онегиннің сипаты”, “Татьянаның Онегинге хаты” сияқты шығармалармен шектелген.
4. 10-сыныпта ұсынылған әлем әдебиеті үлгілері туысқан халықтар әдебиеті үлгілерімен араластырылып берілген. Бірде-бір толық жанрдағы шығарма ұсынылмаған. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығына жалпылма сипаттама берілген.
5. Сондай-ақ 11-сынып оқулығында да дәл осындай кемшіліктерді көруімізге болады. Ең олқылығы оқулықта Валтер Скот өмірі мен шығармашылығын өту назарда тұтылған. Бірақ оқулықта берілген материал Валтер Скоттың өмірі мен шығармашылығын баяндаумен шектелген. Оның арнайы бір шығармасын оқып, талдау мәселесі қарастырылмаған.
Ал, жаңартырылған ұлттық бағдарлама негізінде 6-7-10 сыныптар үшін дайындалған жаңа басылымдағы оқулықтарға назар аударсақ, онда әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша алдынға қарағанда ілгерілеуді байқауымызға болады. Мысалы, 7-сыныпта Эрнест Хемингуэйдің “Шал мен теңіз” туындысы (повестен үзінді) арқылы оқушылардың ішкі жан дүниесіндегі рухани әлемін байытуға өз септігін тигізеді. Көркем туынды көлемі ұзақ болса да, оқулықта берілген үзінді оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай келеді. Сондай-ақ, туындыдан оқиғасы қызықты жерлері алынғаны және оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында берілген тапсырмалар ұтымды шыққаны қуантыратын жағдай.
Дегенімен, жаңартырылған бағдарлама негізінде жасалаған оқулықтарға енген әлем әдебиеті үлгілерінің сюжеттік оқиғасы ұтымды шыққан деп айта алмаймыз. Әдіскер-ғалым Қ.Бітібаева бұл жайлы былай дейді: “5-6 сынып оқушыларын әңгімеде көтерілген мәселелерден бұрын оның сюжеттік оқиғасы қызықтырады. Бұл жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі қалыптасып, толысып жетпегендер. Сондықтан олардың жасына және қабылдау қабілетіне қарай қызықты, жалықтырмайтын көлемдегі әңгімелер беріледі”13. Мысалы, 6-сыныпта оқытылатын Артур Конон Дойлдың “Жирен шаштылар қауымдастығы” детектив шығармасы қызықты сюжеттік оқиғаға құрылмағандықтан оқушылардың меңгеруіне қиындық туғызуы ықтимал. Сондай-ақ, көркем туынды соңында берілген сұрақтар мен тапсырмаларда оқушылар үшін күрделі екендігін айқындау қиын емес.
Жоғарыдағы пікірлерді қорытындылай отырып, әлем әдебиеті үлгілерін оқытуда білім беру жүйесінің басқыштары, оқу бағдарламасының ортасындағы үздіксіздік, бағдарламадағы тақырыптардың түрліше болуы, таңдалған шығармалардың ұлттық тәрбие талаптарына сәйкес елуі сияқты мәселелерге назар аудару оқушылардың рухани дүниесінің жетілуінде үлкен маңызға ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет