1. Концептуалдық ұстаным. Бұл ұстаным жалпы білім беру кезеңдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламада белгілі бір жазушы шығармасының бірте-бірте күрделене берілуіне, шығарманың идеялық сипатына, автордың образдық стиліне, образдық жүйесіне, жанры мен композициясына баса назар аударылады. Бұл аспект оқушыларды белгілі бір жазушы шығармасының ерекшеліктері туралы нақты және бай түсінікті оятуға қызмет етеді. Сондай-ақ мұндай тәсілдер қарапайымнан күрделіге деген ұстанымға негізделгенін байқау қиын емес.
2. Оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру.Мысалы, жоғары сынып оқушылардың көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшеліктерін «қорыта алатын» шығармалар, жоғары сынып оқушыларына арналған «Ғасырға татитын күн», «Евгений Онегин» сияқты романдар осылар қатарында.
Жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11 сынып «Әдебиет» оқу бағдарламасында әлем әдебиеті үлгілерінің берілуі