Бөлім: Магистратура Магистрант: Р. Базарбаева Кафедра


-§. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша өткізілген тәжірибе-сынақ жұмастыры нәтижелерін талдау



бет22/24
Дата15.12.2023
өлшемі8,93 Mb.
#139726
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
РАЙХАН МД

3.2-§. Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша өткізілген тәжірибе-сынақ жұмастыры нәтижелерін талдау
Жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың тиімділігін тәжірибе-сынақ жұмыстарынан алдын таратылған сауалнамаға берілген жауаптарды салыстырмалы талдаудан да байқауымызға болады. Тәжірибе-сынақ жұмыстарына Мырза Ұлықбек ауданына қарасты 344-санды мектептің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Тәжірибе-сынақ жұмыстарына қатысқан оқушылар саны

Тәжірибе-сынақ жұмыстары өткізілген мектеп

Тәжірибе-сынақ жұмыстарына қатысқан оқушылар

Сыныптар

Мырза Ұлықбек ауданына қарасты 344-мектеп



Оқушылар саны

5

6

7

8

9

10

11

14

14

12

14

14

18

8

Тәжірибе-сынақ жұмыстарында оқушыларға әлем әдебиеті үлгілерін оқытуға қатысты төмендегідей сұрақтар қойылды:


5-6 сынып оқушыларынан алынған анкета-сұрақтарынан үлгілер:
1. Әлем әдебиетінен қандай көркем шығармалар оқығансың?
2. Үйде әлем әдебиеті жазушыларынан кімдердің кітаптары бар?
3. Әлем әдебиетінен оқыған шығармадағы қайсы көркем шығарма ұлттық әдебиеттегі көркем шығармаға ұқсап кетеді?
4. Әлем әдебиетінен қайсы кітап саған ұнады? Неге?
5. Әдебиет оқулығына енген әлем әдебиеті үлгілерінен қайсы ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы саған қызық болды?
Сұрақтарға берілген жауаптардан үлгі:
1. Бірінші сұраққа оқушылардың 80%-ы «Робизон Крузо» (Д.Дефо), «Балықшы мен балық туралы хикая» (А.Пушкин), «Мексика ұлы» (Джек Лондон) сияқты көркем шығармаларды мысал етіп жауап берді.
2. Екінші сұраққа 70% оқушы әлем әдебиеті бойынша көркем шығармаларды мектеп кітапханасынан алып оқитынын, 30% оқушы ата-аналары сатып алып берген кітаптарды оқитынын айтып өткен.
3. Үшінші сұраққа 60% оқушы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» әңгімесі мен Джек Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесі мазмұндық тұрғыдан бір-біріне ұқсас келетінін айтқан.
4. 90% 6-сынып оқушыларының төртінші сұраққа берген жауаптарында тек қана Джек Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесінің кейіпкері Риваераның тұрақтылығы, өзіне сенімділігі сияқты қасиеттерге өздерінің бойынан табылуына ерекше көңіл бөлген. Басқа көркем шығарма кейіпкерлері назардан тыс қалған.
5. Пушкиннің отбасында ақындардың жиі болуы, театрларға жиі-жиі баруы, өнерге ерекше ден қояғандығы, Джек Лондонның жануарлар жайындағы шығармаларында адам мен табиғат, сондай-ақ, жануарлар әлемі арасындағы күрделі байланыстың жан-жақты суреттелуі оқушыларды қатты қызықтыруы сияқты жауаптар бесінші сұрақтың мазмұнын құрайды.
7-9-сынып оқушылар үшін анкета-сұрақтары үлгісі:
1. Саған әлем әдебиетінен көркем шығармлар кім тарапынан ұсынылады?
2. Әлем әдебиетінен қайсы шығармаларды ұнатып оқисың?
3. Мектеп бағдарламасына енген әлем әдебиеті үлгілері мен ұлттық әдебиеттегі қайсы ақын-жазушылардың көркем шығармаларындағы ұқсастықты байқадың?
4. Респбуликамызда әлем әдебиет үлгілері басылып шығатын қандай газет-журналдарды білесің?
5. Мектепте әлім әдебиет қаламгерлерінің шығармашылығына арналған қандай әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылады?
6. Мұғалім тарапынан өзіндік оқу үшін қайсы кітаптарды оқып, талдағансың?
1. Бірінші сұраққа 40% оқушы әдебиет оқытушылары, 20% оқушы кітапханашы, 10% оқушы достарының ұсыныстары бойынша, 30% оқушы есе өздері таңдап оқулары анық болды. Бұл, өз кезегінде, мектеп ұжымының өз пәндері бойынша көркем шығармалармен жақынан таныс болу керектігі, оқытушы мен кітапханашы ортасында өзара байланыс болуы, әрбір махаллада және үйде кітапханлар ұйымдастыру өзектілігін көрсетеді.
2. Екінші сұраққа жауап беруде оқушылар оқулықта берілген көркем шығармалармен шектелген.
3. Үшінші сұраққа берілген 60% жауапта ақын және жазушылардың көркем шығармалардағы ұқсастықтарды тауып айта алған, қалған 40% оқушылар сұраққа жауап жазбаған.
4. 80% оқушы жауабында әлем әдебиеті шығармашылығына арналған әдеби кештер, кездесулер және викториналар пән айлығы шеңберінде ұйымдастырылғанын айтып өткен.
5. Бесінші сұраққа 30% оқушы «Кітап әлемі» газетасын айтқан, 70% оқушы бұл туралы мәліметке ие емес.
6. 40% оқушының жауаптарынан өзіндік білім алуға ұсынылған «Робинзон Крузоның өмірі мен ғажайып шытырманды оқиғалары», «Кішкене ханзада», «Он бес жасты капитан» сияқты көркем шығармаларды оқығаны анықталды.
10-11-сынып оқушылар үшін анкета-сұрақтары үлгісі:
1. Әлем әдебиетінен қайсы шығармаларды ұнатып оқисың?
2. Мұғалім тарапынан сыныптан тыс өзіндік оқу үшін қайсы кітаптар ұсынылған?
3. Әлем әдебиет үлгілері мен ұлттық әдебиетіңді салыстырмалы түрде оқып үйренгенсің бе?
4. Ұлттық әдебиеттегі қайсы көркем шығармаларды әлем әдебиеті қазынасынан орын алуына лайықты деп ойлайсың? Не үшін?
5. Әлем әдебиет үлгілерін оқып-үйренуде қайсы халықтың тұрмыс-тәрізі, әдет-ғұрпы және мәдениетімен жақынан таныстың?
6. Әлем әдебиеті үлгілерін оқып-үйренуде қайсы жанрлар саған ұнады?
1. Бірінші сұраққа оқушылар тарапынан, негізінен, әдебиет оқулықтарындағы берілген шығармалардың атын атып өткен.
2. Екінші сұраққа 90% оқушы оқулықтағы көрсетілген көркем шығармалардың атын атаумен шектелген.
3. Үшінші сұраққа 90% оқушы ұлттық әдебиет пен әлем әдебиетін салыстырмалы түрде оқыту бойынша арнайы сабақтар өтілмегені анықталған.
4. Төртінші сұраққа 80% оқушы «Абай жолы» романы, «Ботагөз» романы, «Қыз Жібек» лиро-эпосы сияқты шығармаларды атап өткен.
5. Бесінші сұраққа жауап беруде негізінен оқулықта берілген жазушылардың қайсы жерде туылғанын жазумен шектелген. Көркем шығармадағы халықтың тұрмыс-тәрізі, мәдениеті, құндылықтардың өзіндік ерекшеліктеріне пікір білдіру оқушылардың назарынан тыс қалған.
6. Алтыншы сұраққа барлық оқушылар жанрлық тұрғыдан мектеп оқулығына енген прозалық туындыларды атап өтумен шектелген.

Тәжірибе-сынақ жұмыстарын өткізу барысында белгіленген мақсат пен міндеттер негізінде төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:


- жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша анықталған проблемалардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары істеп шығылды. Іс-шаралар мазмұнына оқушыларды әлем әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында арнайы әлім әдебиетінің көрнекті ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығын үйрнеу бойынша көркем шығармалар тізімі жасалды. Ұсынылған көркем шығармалар шеңберінде түрлі шаралар өткізлді. «Менің сүйікті кітабым», «Мен ұнатқан кейіпкер» тақырыптарында эсселер конкрусы өткізілді. «Әлем әдебиетін үйренеміз» аты үйірме жұмысы жолға қойылды. Нәтижеде МБС және оқу бағдарламасында әлем әдебиеті үлгілерін үйрену бойынша белгіленген білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуына қол жеткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет