Екінші тарау бойынша қорытынды 1. Білім алушылардың іс-әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыруға бағытталған зерттеушілік (эвристикалық) әдіс негізінде әлем әдебиетінің жауһарларын оқып-үйрену оқушыларға тақырып бойынша жетекші мәселелер қояды; салыстыру және талдау негізінде өз пікірлерін дәлелдеуге; проблема бойынша жаңа жағдаяттарды туғызуға, сондай-ақ талқылаулар мен пікірталастарға жағдай жасайды.
2. Шетел ақын-жазушыларының шығармаларын зерттеу әдісі аясында оқушыларды шағын зерттеулерге жұмылдыру; салыстырмалы түрде күрделі теориялық мәселелерге зерттеу жүргізуге; зерттелетін тақырып бойынша дәлелдерді жинау, талдау, қорытындылау және пікірлерді жинақтау сияқты практикалық іс-әрекеттерге дайындау үшін жағдай жаратады.
3. Қазақ-өзбек әдебиетін салыстыру әдісі арқылы оқыту оқушыларға әртүрлі ой-пікірмен қамтамасыз ету, әдеби оқиғаларды немесе кейіпкерлерге жан-жақты талдау жасау, салыстырылатын тақырыптардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көре білу дағдылары мен ептіліктерін қалыптастырады.
III ТАРАУ. ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ-СЫНАҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 3.1-§. Әдеби білім беру жүйесінде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша тәжірибе-сынақ жұмыстарының мазмұны Оқушылардың әлем әдебиеті үлгілерін меңгеру және білім аясын кеңейту бойынша тәжірибелік-сынақ жұмыстарды ұйымдастыруда оқу бағдарламасының, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнын жетілдіру әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың тиімділігін арттырудың ғылыми-теориялық негізін жасау қажеттілігі туындады. Бұл аспектілер жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиетін оқытуда мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен шығармашылық іс-әрекетін жолға қоюмен тығыз байланысты. Тараптардың өзара әрекеті әлем әдебиеті үлгілерін оқу негізінде оқушыларда қажетті білім, ептілік, дағдыларды қалыптастыру басқыштарынан тұрады.
Тәжірибелік-сынақ жұмысының мазмұны жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту үдерісін заман талабына сай ұйымдастыру және педагогикалық процеске талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық-сынақ жұмыстары төмендегідей басқыштар негізінде амалға асырылады:
- тәжірибе-сынақ жұмыстарын анық мақсатқа бағыттау және оған жету жолдарын қарастыру;
- тәжірибе-сынақ жұмыстарының жүйелілігін, құрылымын және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- жалпы орта білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың қазіргі жағдайын анықтау;
- анықталған проблемалардың объективті және субъективті себептері мен салдарын зерттеу;
- тәжірибе-сынақ критерийлерін істеп-шығу;
- тәжірибе-сынақ жұмыстарды жүргізу үшін тиісті материалдық-техникалық базаны жарату;
- тәжірибе-сынақ жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін объектілерді таңдау;
- тәжірибе-сынақ өткізілетін жалпы орта білім беретін мектептерінде негізгі субъект ретінде қатысатын респонденттердің (оқушылар) санын анықтау;
- респонденттерді тәжірибе-сынақ және бақылау топтарына бөлу;
- тәжірибе-сынақ жұмыстары жобасын жасау және осы негізде өткізу.
Оқушыларды әлем әдебиеті үлгілеріне қызықтыруға бағытталған тәжірибе-сынақ жұмыстардың нәтижелілігі төмендегі педагогикалық шарттарды жасау арқылы жүзеге асады:
- тәжірибе-сынақ жұмыстары материалдарының мазмұнының мақсатқа сәйкестігі;
- тәжірибе-сынақ материалдарына сәйкес дидактикалық құралдарды, әдіс-тәсілдерді, форма мен құралдарды таңдалғандығы;
- респонденттер тәжірибе-сынақ жұмыстың мазмұнымен танысқандығы;
- процеске жауаптылар мен респонденттер арасындағы дұрыс қарым-қатынас орнатылғандығы.
Зерттеу міндеттерін шешу үшін әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды:
1. Теориялық әдістер (озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау, әдеби дереккөздерді зерттеу);
2. Диагностикалық әдістер (сауалнама, педагогикалық бақылау, сұхбат, өзіндік педагогикалық тәжірибені талдау);
3. Тәжірибе-сынақ әдісі (әдеби байланыстарды зерттеу сабақтарының жүйесін эксперименттік және жаппай тексеру).
Оқу барысында әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:
а) зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттер талданды;
б) зерттеу тақырыбына байланысты оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны зерттелді;
в) әлем әдебиеті үлгілерін зерттеуде салыстырмалы талдау мүмкіндіктеріне сүйенді;
ж) респонденттермен сұхбаттасу үшін сұрақтар, сауалнамалар және жауаптар талданды;
г) білім алушылар әлем әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін түсінуде тиісті жандасулар негізінде сынақтан өткізіледі.
Тәжірибе-сынақ жұмыстарды жүргізудегі әдебиет пәні бойынша оқу жоспары, эксперименттің кезеңдері, топтардың тізімі, анкета сұрақтары және олардың мазмұны, сұхбатқа қойылатын талаптар, респонденттердің жас ерекшеліктері
Қажетті ұсыныстар негізінде әзірленген тәжірибе-сынақ жұмыстары өткізілетін жалпы білім беретін мектептері педагогикалық кеңестерде талқыланып, қайта істеп шығылады. Тәжірибе-сынақ және бақылау топтарындағы жұмыс әдістері мен іс-шараларды ұйымдастыру теориялық және практикалық тұрғыдан шешілді. Әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша рухани-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері тиімді пайдаланылды. Тәжірибе-сынақ өткізу барысында кез болған проблемаларны шешу жолдары көрсетіледі, нәтижелер қорытындыланды.
Жалпы білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша жүргізілген тәжірибе-сынақ нәтижелері төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
а) жалпы орта білім беретін мектептерде тәжірибе-сынақ үдерісі арнайы таңдалған топтарда (дәстүрлі жұмыс тобы және мақсатты бағдарлама бойынша топ) әлем әдебиеті үлгілерін оқыту үдерісін ұйымдастыру;
б) әлем әдебиетін оқыту бойынша ауқымды рухани-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру негізінде тәжірибе-сынақ және сауалнамалар ұйымдастыру.
Бірінші топтағы тәжірибе-сынақ жұмыстарда әлем әдебиеті үлгілерін оқытудың арнайы жасалмаған бағдарлама негізінде жалпы педагогикалық процестің ерекшеліктері байқалады. Екінші арнайы топ ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында жасалған оқу жоспары, бағдарламада белгіленген тақырыптар, рухани-ағартушылық іс-шаралармен жұмыс жасалады. Тәжірибе-сынақ процесінде сауалнама, сұхбат, талдау және бақылау, тест сияқты әдістер қолданылды.
Жалпы білім беретін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту бойынша тәжірибе-сынақ жұмыстар әдебиет пәнінің мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламалары, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиелік ұстанымдары, көркемдік талдау критерийлері, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасы негізінде ұйымдастырылды. .
Бастапқы тәжірибе-сынақ процесіндегі бақылаулар мен сауалнамалар нәтижелерінен кейін мектептерде әлем әдебиеті үлгілерін оқыту мәселесіне жетерлі дәрежеде көңіл бөлінібегені анықталды. Нәтижеде, әлем әдебиетін жазушыларының шығармашылығын насихаттаудың кешенді іс-шаралардың істеп шығылмағандығы немесе оларды жүйелі түрде амалға асырудың механизімі жоқтығы; өз бетінше оқу, сыныптан тыс жұмыстарды (аудармашылармен, ақын-жазушылармен, баспагерлермен кездесулер, әдеби кештер, викториналар, пікірталастар, вебинарлар) ұйымдастыру талап дәрежесінде еместігі сияқты проблемалар анықталды.
Әлем әдебиетті үлгілерін оқыту үдерісі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылмаса, оқушылардың әлеуметтік және ұлттық психологиясын, жазушы шығармашылығы психологиясын, оның поэтикалық стилін түсіну оңайға соқпайды деген қорытындыға келінді.