5.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттықм мәдениет элементтерін пайдалану.
5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттықм мәдениет элементтерін пайдалануды біледі
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Сабақтың ортасы Сайыс сабаққа кіріспе 40- мин
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта 5 - сынып оқушылары өз өнерлерін көрсететін болады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі сайысымызға келгендеріңізге өте қуаныштымыз!
«Шешенің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» дегендей, қазақ қыздарының өмірдегі, қнердегі шеберлігін шындауға ортаға бүгінгі кештің куәгерлерін шақырамыз.
«Өнер қуып шеберлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін. Сайысқа түскен шебер қыздар Кезектесіп, таныстырып өздерін өтер деймін.»
Қонақжайлық, мейманды қабылдау ата-бабаларымыздан қалған аса ұастерлі салтымыз, әрі дәстүр. Ата- бабамыз сонау ерте заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесін аса ыждағаттылықпен көңіл бөлген. “Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес” деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.
Бүгінгі сайысты бағалап баратын әділ қазылармен таныс болыңыздар;
1.---------------
2.--------------
3.--------------
Сайыстаң шарттары
1.Таныстыру ( топпен)
2.Өз өнері (бір оқушы)
3.Сурет салу (екі оқушы)
4.Гүл жасау (топпен)
5.Салат жасау (екі оқушы)
6. Қол өнер (үй тапсырмасы)
7.Мақал мәтел сайысы (еңбек ,отан туралы)
1- топ: Қызыл раушан
2-топ: Өнерлі қыздар
3- топ: Қарлығаш
Ендеше, “Қыз сұлу көрінеді өнерімен” сайысын бастауға рұхсат етіңіздер.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ.
Бір басына өнері жетер деймін,
Сынға түскен арулар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Ал, сайысқа қатысушы арулар сіздерге сәттілік тілей отырып, алғашқы сайысымызды бастаймыз.
1- шарт: Таныстыру
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өнер салыпты,
Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса.
Оюдан түйін түйіп тамсанып – дей келе, кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруына берейік.
1- топ: Қызыл раушан
2-топ: Өнерлі қыздар
3- топ: Қарлығаш