2- шарт: Өз өнері Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,
Барлығы да аянбай жан салады.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз- өз өнері
3- шарт: Сурет салу Жүргізуші: Бауырласқан тәніміз.
Бұзылмаған сәніміз,
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар қолөнер салтымыз — дей келе келесі «Сурет салу» сайысын бастайық.
4- шарт. Гүл жасау Жүргізуші: Шебер біздің әжеміз
Шебер біздің атамыз.
Шебер болған бабамыз
Бізде шебер боламыз.
Келесі кезекте сайыскерлеріміз топпен гүл шоқтарын жасап, сипаттап береді
5- шарт: Салат жасау Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, бесінші сайысымыз- салат дайындау.
6-шарт Жүргізуші: Сегіз қырлы, бір сырлы
Біздің қыздар өнерлі.
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алады
Келесі сайысымыз «Үй жұмысы» Оқушылар өздерінің үйден жасап әкелген қолөнер бұйымдарын, олардың жасалу жолдарын таныстырады.
7- шарт Ұққаның жақсы болса,
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса,
Ақылың көбейеді.
— Олай болса келесі «Мақал — мәтел» сайысына кезек берейік. Бұл сайысымызда Еңбек, отан туралы мақал –мәтелді кім көп айтады?
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер, қатысушылар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңген жеңімпаз топты марапаттау үшін әділқазыларға сөз береміз.
Сіздер біздің шебер іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар. Өнер құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады. Талант пен өнер атауларының көтерілер шыңы — дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарымыз талмай, дарындылық қасиеттеріңіз арта берсін.
Мұғалім сөзі.
Халқымның қолөнері өрістесін.
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен сайысымыз аяқталып,
Өнерлі жастарымыз өсіп — өнсін.