Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Төрт түлік мал туралы тақпақ жаттау Мақсаты


Тақпақты жатқа топтар арасында сахналау жаттығуы



бет7/7
Дата12.05.2022
өлшемі22,39 Kb.
#34113
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚМЖ сөйлеуді дамыту

2.5. Тақпақты жатқа топтар арасында сахналау жаттығуы.

Педагог балаларды ашық алаңға шақырады.

Педагог балалардың арасынан байыпты баланы таңдап, қалғандарына төрт топқа бөлінуді ұсынады.

Ол үшін төрт түлік малдың жеке суреттерін немесе ойыншықтарын сапқа, төрт бағанға негіз болатындай, тізіп қояды.

– Балалар, мына төрт түлік малдың әрбір түріне қарап, бір-біреуден келіп, төрт бағанға бөлініңдер.

Педагог әрбір суреттің жанындағы қорапшаларға топтағы бала санына сәйкес, төрт түлік малдың маскаларын топтастырып, салып қояды.

– Балалар, маскаларды киіп алдыңдар ма?

– Ажар, бастапқы және соңғы сөздерді айтады, ал сендер тек өздеріңе қатысты түлік малы туралы сөздерді айтасыңдар. – Дайынсыңдар ма? Бастайық!

Педагог балаларға тірек сызбалы кестені іліп қояды. Бір топтаманың балалары белгілі уақытта өз рөліне тиісті шумақты жатқа айтады.

Жаттығудың қызықты өтуін қамтамасыз ету үшін, педагог ырғақты және көңілді әуенжазбасын бәсеңдеу дыбыста қосып қояды.



3. ҚОРЫТЫНДЫ

Оқу қызметін пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау.

– Балалар, бүгін сендерге не ұнады? (Тақпақты жаттау ұнады).

– Тақпақ не туралы? (Тақпақ төрт түлік мал туралы) Жарайсыңдар.

– Төрт түлік мал деген не? (Бұл сиыр, жылқы, түйе, қой) Дұрыс айтасыңдар.

– Халқымызда осы жануарлардың иелері бар деп айтады екен ... Естеріңде бар ма? Олар қалай аталады? (Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба)



– Бұндай атты не үшін қояды екен? Біздің ата-бабаларымыз осы төрт түлік малын өте қастерлеген, себебі олар адамға өте көп пайда әкеледі. Ұмытпаңдар. – Балалар, сендердің бүгін ұйымшыл, зерек, ұғымтал болғандарыңның арқасында, төрт түлік мал туралы әдемі тақпақты жаттап алдыңдар. Оқу қызметіміз аяқталды. Жарайсыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет