2.4. Пантомима негізінде сөздік қимылды жаттығуы.
– Балалар, ал қазір төрт түлік малдың жүрісіне еліктеп қимылдап, тақпақ сөздерін менің соңымнан қайталайық.
Педагог балалардың дауыстап "ойсыл қара", "қамбар ата", "шопан ата", "зеңгі баба" сияқты сөздерді нақтылы айтуын қадағалайды.
Ырғақты, темпі орташа әуенжазбасы қосылады.
Көк жайлауға шығайық, (орнында адымдап басу)
Төрт түлік малға қарайық, (қолдың қырын маңдайға тигізу, жаң-жаққа қарағанды көрсету)
Төрт түлік малға қарайық,
Иелерін табайық.
Түйе – шөлдің кемесі, (мойынды созу, қол белде, тізені жоғары көтеріп, орнында жүру)
Ойсыл қара иесі,
Ойсыл қара иесі,
Таудай жолдың белесі.
Жылқы ерге нағыз дос, (қолдары жұдырыққа жиналған, екі қолды алдында кезек көтеріп-түсіру, аяқтарды кезек көтеру; қимылдар жиі орындалады) Қамбар ата қара көз,
Қамбар ата қара көз,
Желді озған шабандоз.
Қойдың жолы береке, (екі қолдың саусақтарымен айналдыру, аяқтарды жақын қойып, жиі-жиі аяқ басу)
Шопан ата иесі,
Шопан ата иесі,
Дастарқанда мереке.
Сиыр – дала дарасы, (екі саусақты төбеге қою, бас пен денені шайқау) Зеңгі баба иесі,
Зеңгі баба иесі,
Молшылықтың дарасы.
Дұрыс таптық! Алақай! (шапалақтау)
Төрт түліктің атауын.
Төрт түліктің атауын
Ұмытпайық, балақай!
Достарыңызбен бөлісу: |