Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Төрт түлік мал туралы тақпақ жаттау Мақсаты



бет2/7
Дата12.05.2022
өлшемі22,39 Kb.
#34113
1   2   3   4   5   6   7
Күтілетін нәтиже: Төрт түлік малдың ағылшын тілінде қалай аталуын білуі. Төрт түліктің атасын үйренуі.

Біледі : Төрт түлкке қандай жануарлар жататынын біледі.

Түсінеді: Төрт түліктің пайдасын.

Билингвальды компонент: Балаларға төрт түлікі атауларын ағылшын тілнде таныстыру ‘’қой’’a sheep, ‘’сиыр’’ a cow, ‘’ат’’ horse, ‘’ түйе’’ a camel, “шөп’’ grass.
ҰОҚ-нің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Педагог:


–Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік.

Сәлемдесу шеңбері.

Сәлем саған, туған жер!

Таудай маған қуат бер.

Көкте алтын күн болсын,

Жайлау көп малға толсын.

1.2. Сурет бойынша кіріспе әңгімелесу және сөздік жұмысы. "Көк жайлауда."

Педагог балалардың алдына интербелсенді тақтаға немесе панноға төрт түлік малдың жайлауда жайылып жүргені туралы мазмұнды суретті іледі.

Педагог күйдің дыбысын бәсеңдеу қояды, әңгімелесу күймен сүйемелденсе, балаларға тақырыпқа үңілу жеңіл болады.

– Балалар, мына суреттегі кең жерді біз не деп айтамыз? (Бұл жайлау)

– Жайлау екенін қалай біліп отырсыңдар? (Дала жасыл шөп. Гүлдер гүлдеп жатыр. Тауда қар еріп, бұлақтар ағып жатыр. Жайлауда мал жайылып жатыр) Жарайсыңдар.

– Мына суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Қалай ойлайсыңдар? Иә. Мал жаңа ғана жайлауға шықты. Шөп жап-жасыл.

– Қазақта көктемде жаңа шыққан жап-жасыл шөпті "көгал", "көк шөп", "көк жайлау" дейді. Бұнын себебі "көктем" сөзіне де байланысты. Ұмытпаңдар.

Педагог бірнеше балаға сөздерді қайталатады.

Көктем мезгілі келіп, далаға "көк" шыққанда, адамдар малды қорадан шығарып, жайлауға жібереді.

– Балалар, суреттің алдыңғы қатарында қандай мал түрін танып отырсыңдар? Атаңдаршы. (Жылқы, сиыр, түйе, қой) Дұрсы, жақсы.

– Ежелгі заманнан қазақ төрт түлік малын қастерлеген, олар: жылқы, сиыр, түйе, қой. Қайталаңдар. Төрт түлік мал: жылқы, сиыр, түйе, қой.

– Осы төрт түлік мал адамға еті, сүтІ, жүнІ, терісі арқылы толық тіршілік жасауға мүмкіндік береді.

– Балалар, бүгін біз осы төрт түлік мал туралы әдемі тақпақ оқимыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет