2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тақпақты мәнерлеп оқып беру.
Көк жайлауға шығайық,
Төрт түлік малға қарайық,
Төрт түлік малға қарайық,
Иелерін табайық.
Түйе – шөлдің кемесі,
Ойсыл қара иесі,
Ойсыл қара иесі,
Таудай жолдың белесі.
Жылқы ерге нағыз дос,
Қамбар ата қара көз,
Қамбар ата қара көз,
Желді озған шабандоз.
Қойдың жолы береке,
Шопан ата иесі,
Шопан ата иесі,
Дастарқанда мереке.
Сиыр - дала дарасы,
Зеңгі баба иесі,
Зеңгі баба иесі,
Молшылықтың дарасы.
Дұрыс таптық! Алақай!
Төрт түліктің атауын,
Төрт түліктің атауын,
Ұмытпайды балақай!
2.2. Тақпақтың мазмұны бойынша үзінділерді жаттамақ жаттығуы.
2.2.1.Тақпақтың мазмұнын пысықтау диалогтік жаттығу.
Жаттығуды ұйымдастыру үшін төрт түлік малдың жеке көрнекілік суреттері қажет болады:
1) түйе;
2) жылқы;
3) қой;
4) сиыр.
Педагог сұрақтарды қойып, балалардан жауап алған сайын, төрт түлік малдың жеке суреттерін жоғарыдан төмен, қатарынан орналастырып жатады.
– Балалар, мен тақпақты оқып жатқанда, төрт түлік малдың қайсыларын естіп қалдыңдар? Атаңдаршы.
– Бірінші қай малдың атауын естідіңдер? (Бірінші түйені естідік) Жарайсыңдар.
– Екінші не туралы айтылды? (Екінші жылқыны естідік) Жақсы.
– Үшінші не болды? (Үшінші қойды естідік) Дұрыс.
– Төртінші қандай мал туралы айтылды? (Төртінші сиыр туралы айтылды) Тамаша.
Достарыңызбен бөлісу: |